«АҚШ-тың ең жас президенті әрі афроамерикандық нәсілден тұңғыш рет сайланған Барак Обаманың инаугурациясы бізге жаңа кітаптың бетін ашты», -дейді Ричард Хоугланд мырза.
Ол алдағы уақытта да АҚШ Қазақстанмен негізгі үш бағыт бойынша қарым-қатынастарын жалғастыра беретіндігін айтты.
Бірінші - экономикалық және саяси байланыс, екінші - аймақтық қауіпсіздік, яғни жаппай қырып-жоятын ядролық қару пайдалануға жол бермеу, үшіншісі - Қазақстанның энергия ресурстары мен шикізатты шетелге шығару маршруттары жөніндегі келісімдер.
АҚШ елшісі Ричард Хоугланд журналистердің сұрақтарына байланысты АҚШ президенті Барак Обамаға Қазақстанға ресми сапармен келуге кеңес беремін деді. Ол былтыр қараша айында Барак Обама жеңіске жеткенде алғашқылардың бірі болып, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаетың құттықтағанын айта келіп, екі мемлекет арасындағы байланыс жақсы дамуға тиіс деп атап өтті.
АҚШ елшісі сонымен бірге Парламент Сенаты қабылдаған, бүгінде президенттің алдында жатқан «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заң жобасына өзінің алаңдаушылығын жеткізді. Ол заң жобасындағы «жала жапқаны үшін журналистер қылмыстық жазаға тартылады» деген бапқа қатысты жала жабу мен сынның арасында үлкен айырмашылық бар екенін, алайда шенеуніктер өзінің жемқорлығын әшкерелеп, сынап жазған журналистерді жоғарыдағы бапты пайдаланып, түрлі қуғындауға душар етуі мүмкін екендігін алға тартты.
Ричард Хоугландтің айтуынша, «президентті балағаттағаны үшін қылмыстық жазаға тартылуы жөніндегі» заң АҚШ-та XIX-ғасырда болған. Алайда АҚШ-та үстемдік құрып отырған қазіргі заңдардың көбі XX-ғасырдың ортасында қабылданған.
АҚШ елшісі әлемдік дағдарысқа байланысты да өзінің пікірін білдірді. Оның айтуынша, қаржы дағдарысын реттеу үшін әлемдік деңгейде қаржылық құрылым құрылуы мүмкін. «Бұл құрылымның жұмыс істеуіне әлемдегі ірі мемлекеттердің өздері мүдделі болады. Осы қаржылық құрылым әлемдік қаржыны реттейтін болады»,- деді.
Ол сонымен бірге қазір қарқынды дамып келе жатқан Қытай, Үндістан және Бразилия секілді елдер өздерінің ілгерілеу процесін тоқтатпайды деді.
АҚШ елшісімен кездескен қазақстандық журналистер Барак Обаманың инаугурациясынан алған үлкен әсерлерін жасырған жоқ. «Человек и закон» газетінің бас редакторы Марат Башимов «АҚШ президентінің елінің Жоғарғы Сотының алдында ант беруінің өзі Америкада тек заң үстемдік етеді, оның жанында президент те түк емес дегенді көрсетіп тұр. Шынайы демократияға ұмтылған елдерде осындай болуы керек», - деп АҚШ- қа қызығатындығын айтты.
31-каналдың Астанадағы директоры Дана Рысмұхаммедова елші Ричард Хоугландтқа «Әрине, біз сіздерге қызығамыз. Өйткені сіздердің көз алдарыңызда қаншама президенттің инаугурациясы өтіп жатыр. Бұл сіздерге таңсық та емес шығар. Ал біздерге бұл таңсық» деген ол Қазақстандағы сөз бостандығының Америкадағыдай болғанын қалайтындығын жеткізді.