Шығыс Қазақстанның Тарбағатай ауданы Қызылкесік ауылында маусымның 19-ы күні диаметрі 6-7 сантиметр бұршақ жауды. 318 үйдің шатыры қирап, 70-тей көліктің терезелері сынған.
Ауыл тұрғындарының бірі Нұржан Жақыпов 20 минуттай жауған, «тауықтың жұмыртқасындай бұршақтан» 1 миллион теңге көлемінде шығын шеккенін айтады.
– Менің үйімнің шатыры конвертный еді, соның бір жағы қана қалып, үш жағы толығымен қирап қалды. Ас үйім 10 метр болатын, гаражым 10 метр, малды бордақылайтын жер 15 метр – солардың барлығының шатыры бүлінді. Менің жеке өзімде асбест 300 шифер сынды. Төрт терезенің әйнегі екі жағы бірдей сынды. Көлігімнің фары, тағы басқа ұсақ сынғандарды санамағанда, шамамен 1 миллиондай теңге керек, – деді ол шілденің 18-і күні Азаттық тілшісіне.
КОМИССИЯНЫҢ ЕСЕБІ
Нұржан Жақыповтың сөзінше, апат болғаннан кейін келген комиссия есептерін жасап кеткен. Бірақ ол есеп тұрғындардың көңілінен шықпай отыр.
– Әр үйдің шатыры мен сынған шиферін санап кетті. Мәселен, кей үйлерде бір жағында 10-15 шифер сынған, тіпті бір жағы мүлдем қирап қалғандары бар. Комиссия сынған оншақты шиферді санап, «соны ғана береміз, ал қалғанын өздерің жамап, шатырлайсыңдар» деді. Айтуларынша, кіре беріс бөлмелер саналмайды, олардың әйнегі де есептелмейді, тек үйдің басына ғана береміз деп отыр, – деді Нұржан Жақыпов.
Бірақ ауыл тұрғындардың айтуынша, «үйлер 1970-жылдары салынған, ескісін суырып, жаңасымен біріктіргенде шифер сынып кетеді, олар жаңасымен үйлеспейді, себебі ескі шиферлердің толқыны, көлемі бір-біріне дәл келмейді».
– Комиссия шығынды «мүмкін, қаржылай өтеп береміз» деп те қалды. Бірақ ауылымызда төбеге шығып шатыр орната алмайтын қарт кісілер, жалғызбастылар да бар ғой, барлығымыздың құрылыстан хабарымыз бар деп айта алмаймын. Сондықтан, мүмкіндік болса, үкімет құрылыс бригадасын жіберіп, ауылымызды біркелкі шатырлап берсе жақсы болар еді, – деді ауыл тұрғыны.
ПРЕЗИДЕНТКЕ ХАТ
Қызылкесік тұрғындары табиғат апатынан шығын шеккендерін айтып, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа хат жазыпты.
«Сізге үлкен үміт арта хат жолдап отырған – өзіңіздің саясатыңызды қолдаушы Қызылкесік ауылының тұрғындары» деп басталған хатта «ауылдағы 353 шаңырақтың қай-қайсының да шатыры мен терезесін жөндеуге жағдайы жоқ» екені, «бір үйдің шатыры мен терезесін жаңалауға кемінде 200-300 мың теңге көлемінде қаржы керек» екені айтылған.
«Ішер ас, киер киімін әрең айырып отырған ауыл халқында ондай көп ақша қайдан болсын» деген тұрғындар президенттен «төтенше жағдайларға арналған резервтік қорлардан өтемақы төлетуге тапсырма беруін» өтінген.
Бірақ Қызылкесік тұрғындары бұл хатты президент Назарбаевқа әлі жібермеген екен.
– Аудан әкімшілігі «көмек береміз» деп отыр, егер сөздерінде тұрмаса – жібереміз, – деді ауыл халқы.
«ТҮК ЖАСАЛМАЙ ЖАТЫР» ДЕГЕН – ӨТІРІК
Қызылкесік тұрғыны Нұржан Жақыповтың айтуына қарағанда, «үкіметтен күдер үзген тұрғындар өздерінше әрекет етіп жатыр».
– Мұғалімдер секілді мемлекеттік қызметкерлер ақшаларын алып, мүмкіндігіншебір шиферді 1200 теңгеге алып, шатырлап жатыр. Шамамен отыз шақты үй жамап алды. Ал мен секілді малмен күн көріп отырғандар, мүмкіндігі жоқтар әлі күнге дейін шатырсыз отырмыз. Мал сатайын десек, қазір баға тым арзан, оны сатып алатындар да табылмай жатыр, – дейді Нұржан Жақыпов.
Тарбағатай ауданы әкімінің орынбасары Саумен Жақаевтың айтуынша, «Қызылкесік тұрғындарының сөзі – өтірік» .
– «Түк жасалмай жатыр» дегені – өтірік. Қазір жүзден аса үйдің шатыры толық жөндеуден өтті. Зардап шеккен – 313 үй, олардың ішінде 26 отбасының тұрмысы төмен. Біз оларға көмек беруді кәсіпорындар, ұйым мен мекемелерге тапсырдық. Жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Шамамен бір ай ішінде толығымен қайта қалпына келеді деп жоспарлап отырмыз, – деді шілденің 18-і күні Азаттық тілшісімен сөйлескен орынбасар.