Азаттық тілшісі Астана қаласында тұратын, жасы 30-дан асқан көп балалы екі анамен танысты. Кішкентай төрт баласы бар келіншектердің тұрмыс жағдайы әртүрлі болғанымен, екеуі де «ақша жетпейді» деп шағымданады.
АРМАН БОЛҒАН БАСПАНА
Сәуле Қоспанова биліктің биыл бөлген 3 мың теңге (16 доллар) көмегін де, былтыр тұңғыш президент күніне (1 желтоқсан) орай көп балалы ана ретінде берген 10 мың теңгесін (54 доллар) де азырқанады.
Сәуле Қоспанова Астана қаласына 15 жыл бұрын Тараздан келген. Болашақ күйеуімен жаңа астанада танысып, көп ұзамай екеуі шаңырақ көтерген. Сәуленің мамандығы - шұжық өнімдері технологы, бірақ ол «мамандығым бойынша әлі жұмыс таба алмай жүрмін» деді. Күйеуі - таксист.
Қоспановтар отбасының тоғыз, алты, бес және төрт жастағы төрт баласы бар. Кіші үшеуі балабақшаға барады, үлкені мектепте оқиды. Қала орталығынан шалғай, тұрмысы жайсыз саяжайда тұратын көп балалы отбасы үшін балаларды мектеп пен балабақшаға апарып, әкелу қиын.
Астана салына бастаған тұста қалаға көп адам қоныс аударды. Қала ішінен баспана жалдауға шамасы келмегендері қала шетіндегі саяжайларды арзанға жалдап тұрды. Ондайлар қазір де көп. Жұрт суы, жылуы жоқ саяжайларда тұрады. Ағаш, көмір сатып алып, қыс бойы пеш жағады, суды тасып ішеді.
Қазір Астана қаласы іргесіндегі саяжайлар біртіндеп бұзылып, жаңадан құрылыс жүріп жатыр. Қоспановтарға да «үйлерің бұзылады» деп ескертілген.
Сәуленің айтуынша, көп балалы отбасы ретінде мемлекет есебінен пәтер алу үшін баспана кезегіне үш жыл бұрын тұрған. Бірақ тоғыз мыңның ішіндегі кезегі әлі жылжымаған.
- Күйеуім Ресейге көшеміз деп қояды. Ол жақта көп балалы отбасыларға жақсы жағдай жасалған деп ойлайды. Бұрын өзі сол жақта тұрған, бірақ паспорт алмаған. Қазір туыстары тұрады. Мемлекетке ызаланып айтқаны ғой. Баспанаға мұқтажбыз, бала-шағамызбен «пәтер берсе екен» деп армандаймыз. Мемлекеттен пәтерден басқа ештеңе сұрамаймын. Оны да тегін емес, ақшамызға алар едік. Басыңда үй болса, қалғанын еңбектеніп табуға болады. Біз сияқты тұрмысы нашар, баспаналы болуды армандайтын көп балалы отбасылар көп, - дейді Сәуле Қоспанова.
Оның айтуынша, мемлекет көмек ретінде көп балалы отбасыларға қоғамдық көлікпен тегін жүру үшін жолақы билетін береді және ай сайын көп балалы отбасыларға 7 мың теңге (38 доллар) төлейді.
АРМАН ЖӘНЕ ҚАРЫЗ
Тағы бір көп балалы әйел Эльмира Осман - Сәулемен жасты. Келіншек жеке меншік пәтерінде күйеуі және төрт баласымен тұрады. Кіші баласының туғанына 11 ай толған, 7 жастағы үлкен баласы бірінші сыныпта оқиды.
Олар бірер жыл бұрын жас отбасы ретінде мемлекеттік бағдарламаға қатысып, бір бөлмелі пәтер алған. Бірақ тарлық еткен соң оны қайын енесінің екі бөлмелі пәтеріне ауыстырған.
Күйеуінің шағын кәсібі бар болғанымен, табысы онша емес. Ол да бала-шағаны асырауға ақша жетпейтінін айтты.
- Коммуналдық қызмет ақысы үшін үнемі қарыз болып қаламын. Бәрін бірден төлеуге шамам келмейді. Қиып тастамасын деп әуелі жарық пен судың, телефонның ақшасын төлеуге тырысамын. Қалғанын ақшаның ретіне қарай төлеймін. Ай сайын жылуға ғанаалты мың теңге келеді, қазір оған 15 мың теңге қарыз болып қалдым, - дейді келіншек.
Ол «күнделікті керек-жараққа 2 мың теңге (11 доллар) жұмсаймыз. Маңайдағы дүкендерден азық-түлікті жиі қарызға аламыз» дейді.
- Менің отбасыма ең әуелі сүт пен нан керек. Кіші балам, мысалы, күніне бір литр сүт ішеді. Күніне 300 теңгеге төрт жөргек аламыз. Қымбат болғандықтан, бір орамасын алуға шамамыз келмейді. Маған «ақшаны дұрыс ұстай алмайсың» дейді. Бірақ ең қажет деген заттардың өзіне ғана мыңдаған теңге шығып кетеді, - дейді Эльмира Осман.
Эльмираның есебінше, Астана қаласында таршылық көрмей, ара-тұра балаларды аттракционға апарып тұратындай өмір сүру үшін отбасының кірісі 200-250 мың теңгедей (1350 долларға жуық) болуы тиіс.
ТӨРТ НЕМЕСЕ ОДАН КӨП БАЛАҒА 3 МЫҢ ТЕҢГЕ
8 наурыз халыақаралық әйелдер күніне орай Астана қаласы билігі төрт және одан көп баласы бар, «Күміс алқа», «Алтын алқамен» марапатталған аналар мен ардагерлер кеңесінің тұрақты комиссия мүшелеріне 3 мың теңге көлемінде материалдық көмек көрсететінін хабарлады.
Төрт және одан көп бала тәрбиелеп отырған әйелдерге арналған бұл «сый» Twitter әлеуметік желісінде сынға ұшырады.
Астана қаласы әкімдігі сайтындағы 8 наурыз мерекесі құрметіне ақшалай көмек бөлу туралы хабарлама қазір өзгертілген. Жаңа ақпаратта «көп балалы 7 мың 700 анаға 23 миллион теңгеден асатын соманың көмегі көрсетіледі» деп жазылған.
Әр әйелдің қолына нақты қанша ақша тиетіні туралы деректі хабарламадан алып тастаған. Бірақ көрсетілген соманы көмек алатын әйелдер санына қарапайым есеппен бөлгенде де бастапқы 3 мың теңге шамасындағы ақша шығады.