Әлеуметтік желілерде Оғыз Доған есімді азаматтың «Air Astana компаниясы ұшағында түсірілді» деген және әуе компаниясының оның мемлекеттік тілде қызмет көрсету талабын орындамағыны туралы мәлімдемесі жазылған бірнеше видео тарады. Air Astana компаниясы оқиғаға байланысты арнайы хабарлама таратты. Онда жолаушы мен компания қызметкерлері арасында даулы оқиғаның болғаны расталып, жолаушының полиция тарапынан жазаға тартылғаны, бортсеріктің жолаушыға қазақ тілінде де сөйлегені айтылған.
Алайда оқиғаның нақты қалай болғаны, даудың неден шыққаны бұлыңғыр күйде қалып, әлеуметтік желілерде бұл оқиға тіл төңігеріндегі қызу талқылауға ұласты.
Air Astana хабарламасында «Ол ұшақтың қону кезінде үстелшені көтеруден бас тартты. Бұл талаптың орындалмауы жолаушыға қауіп-қатер туғызуы мүмкін, сондықтан оны орындау міндетті түрде талап етіледі» деп жазылған. Ал Оғыз Доған әлеуметтік желідегі парақшасында компания қызметкерлерінен мемлекеттік тілде қызмет көрсетуін талап еткенін, бірақ бортсеріктер оны орындамағанын айтады. Қазақстанда ұшақтағы тіл мәселесіне қатысты дау бұған дейін де болған еді.
Оқи отырыңыз: Ұшақта басталған жанжал тіл мәселесіне ұласты
AzattyqLIVE хабарында қазақстандық БАҚ пен әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыланып жатқан оқиға туралы оқырман сауалдарына Дәурен Бабамұрат жауап берді.