Accessibility links

Алматыдағы жарылыстан бір адам қаза тапты


Алматы қаласындағы сән және дизайн колледжі. VKontakte әлеуметтік желісіндегі сурет.
Алматы қаласындағы сән және дизайн колледжі. VKontakte әлеуметтік желісіндегі сурет.

Алматыдағы сән және дизайн колледжінде 17 қараша күні таңертең жарылыс болып, бір адам қаза тапты. Алдын ала мәлімет бойынша, сабақ кезінде әскери граната жарылған.

Қарашаның 17-сі күні таңертеңгі сағат 9-дың шамасында Алматы қаласындағы Райымбек пен Полежаев көшелері қиылысындағы сән және дизайн колледжінде жарылыс болған. Алдын-ала мәлімет бойынша, жарылыс салдарынан бір адам қаза тауып, 10 шақты адам жарақат алған.

Жергілікті баспасөз "қаза тапқан адам – коллежде оқитын 16 жастағы бойжеткен" деп хабарлады. Оқиға орнынан шамамен 60-тай адам эвакуацияланған. Қазір оқиға болған жерде дәрігерлер мен полицейлер жүр.

Алдын-ала ақпарат бойынша, жарылыс алғашқы әскери дайындық сабағы кезінде болған. Полиция әскери гранатаның оқу орнында қалай пайда болғанын тексеріп жатыр.

Алматы полициясының хабарлауынша, коллеждегі жарылысқа байланысты «Байқаусыз өлімге себеп болу» және «Қару, оқ-дәрі, жарылғыш заттар мен құрылғыларды заңсыз алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе ұстап жүру» баптары бойынша екі қылмыстық іс қозғалған.

Жарылыстың себебін анықтайтын арнайы комиссия құрылған. Оның жетекшісі болып қала әкімінің орынбасары Юрий Ильин тағайындалған. Жарылыс болған жерге барған қала әкімі Ахметжан Есімов оқиғаның мән-жайын тезірек анықтап, зардап шеккендердің денсаулығын қадағалауды тапсырған.

Жергілікті агенттіктер таратқан соңғы мәлімет бойынша, жарылыстан зардап шеккен 8 адамға жедел медициналық көмек көрсетілген.

Оқиға болған жерден Азаттық тілшісі түсірген видео:

Коллеждегі жарылыстан соң
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:37 0:00
Жүктеп алу

  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

XS
SM
MD
LG