Әлия Әркешеваның ұлы Шон Леонард Туан осыдан бірнеше ай бұрын екі жасқа толған. Ол анасы медициналық көрсетілімдері бойынша босану үшін барған Майамиде 2015 жылы туған. Әлия Әркешеваның айтуынша, АҚШ-та босанғаннан кейін ол құжат алу үшін Қазақстанның Вашингтондағы дипломатиялық өкілдігіне жүгінген. Ондағы қызметкерлер Әлияға баласына Қазақстан төлқұжатын алу екі айға созылатынын айтқан. Келіншектің сөзінше, сол кезде ақшасы бітіп қалғандықтан, баласына АҚШ төлқұжатын жасатқан, оны әзірлеудің бүкіл процедурасына екі аптадай уақыт кеткен.
Елге оралғаннан кейін Әлия Әркешева ұлына Қазақстан азаматтығын ресімдеуге тырысқан, алайда оған әуелі баласының америкалық азаматтығынан бас тарту қажеттігін айтып, өтінішін қабылдамаған. Қазақстанда қос азаматтыққа тыйым салынған. Бірақ, бұған дейін Астанадағы АҚШ елшілігінің өкілдерінің Азаттыққа берген түсініктемесі бойынша, АҚШ заңдарына сәйкес, ол жақта туған балалардың бәрі дүниеге келген бетте сол елдің азаматтығын алады, ал әке-шешесі немесе қамқорлығына алған тұлғалардың баланың туған кезде алған АҚШ азаматтығын қайтаруға немесе одан бас тартуға құқығы жоқ.
Алматы қаласының Алмалы аудандық №2 соты былтырғы қарашаның 8-і күні шығарған шешімінде жауапкер - Алматы қаласы ішкі істер департаменті Әлия Әркешеваның баласының атына Қазақстан төлқұжатын ресімдеп, беруден құзыретіне әрі ел заңдарына сәйкес бас тартқан деп жазылған.
Балама екпе салудан, ықтияр хат беруден бас тартып отыр. Интернетте неше түрлі пасық сөздер жазып, ашық қоқан-лоққы жасауға дейін барып жатыр.
Биылғы наурызда бір кісілік пикетін Әлия Әркешева Астанадағы үкімет үйінде – тексеріп-өткізу пункті холлында өткізген. Оның қолында "ұлының Қазақстан азаматтығын алу құқығын" қорғауға шақырған плакат болған. Әлгі пикеттен кейін полицейлер бауыры Арман Әркешев екеуін ұстап әкетіп, Есіл аудандық полиция бөліміне апарған.
- Полицейлердің әрекетіне қатысты Астанаға жолдаған шағымымызға әлі күнге дейін жауап алған жоқпыз. Бізді не үшін ұстағанына қатысты ешқандай реакция жоқ. Пәтерімізге заңсыз кіру әрекеттеріне қатысты шағымданған арызымызға да еш жауап алмадық. Балама екпе салудан, ықтияр хат беруден бас тартып отыр. Интернетте неше түрлі пасық сөздер жазып, ашық қоқан-лоққы жасауға дейін барып жатыр. Мүлде тығырыққа тірелдік, - дейді Әлия Әркешева.
"ТҮСІНІКСІЗ ҚУДАЛАУ"
Әлия Әркешева "балама медициналық көмек көрсетпей қойды, сондықтан балама әлі күнге дейін бір де екпе салдыра алмадым" деп шағынады. 2015 жылғы қазанда Шон Леонард Туанды емханаға тіркеуден бас тартқан. Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігіне қарасты медицина қызметтерін төлеу комитеті департаментінің өкілдерінің айтуынша, егер сырқаттанып қалса, шетел азаматтығы бар бала ауруханаға ақылы негізде ғана жатқызылады, сондықтан баланың денсаулығын жеке меншік клиникаларда бақылауға кеңес берген.
Әлия Әркешеваның айтуынша, қайда барса да, мемлекет пен оның арасындағы мәселелерге бейтаныс адамдар араласады. Балалар алаңында, банкте бейтаныс біреулер жанына келіп: "Ол жақта босану ақысы қанша тұрады? Қанша ақша төледің?" деп сұрайды. Оның айтуынша, жуырда балалар алаңында жайсыз оқиға болған - өзі танымайтын жас аналар оған "балаңызға әлі бір де екпе салмапты ғой, сондықтан балаларымызбен ойнамасын әрі біреудің ойыншығын ұстамасын" деп талап еткен.
Коммуналдық қызмет ақысын төлеуге барғанмын, соңымнан ұлттық ту бейнеленген кепкадағы ер адам кірді. Сосын қолындағы папкасын сермеп, мені ұра бастады.
- Әлгі сөзден шошып кеттім, жұрттың мені білетінін ұқтым. Әлгі жерден жылап кетіп қалдым. Бұған қоса, мамырдың 29-ы күні Алматыдағы банкте де сондай бір оқиға болды. Коммуналдық қызмет ақысын төлеуге барғанмын, соңымнан ұлттық ту бейнеленген кепкадағы ер адам кірді. Әлгі жерде аты-жөнімді атап, куәлігімді сұрады. Сол-ақ екен, әлгі кісі жаныма жетіп келіп: "Мұнда неге тұрсың? Мұнда не істеп жүрсің?" деді. Әлгі қылығын түсінбедім де, бұрылып, "Маған айтып тұрсыз ба?" деп сұрадым. "Саған айтып тұрмын" деді әрі "сен" деп сөйледі. Сосын қолындағы папкасын сермеп, мені ұра бастады. Шошып кеттім. Бір кезде банк қызметкері жүгіріп келіп, араша түсті. Ешкім ештеңе ұққан жоқ, мұның бәрін кассир көрді. Кейін әлгі оқиға жазылған видеоны көрсетуді талап етіп, банкке арыз жазып едім, бірақ олар бермей қойды, - дейді Әлия Әркешева.
Әлеуметтік желілерде балам екеумізді сөгіп-мінеген науқан бастады. Кәмелетке толмаған ұлым екеуміз тап болған әлдебір қауіпті жағдай, әлдебір "нацизм" мен "нәсілдік төзбеушілік" әлі күнге жалғасып келеді.
Бұған қоса, жергілікті кей сайттар өз білгенінше "қажет тұстарын" ғана жариялау арқылы Азаттық тілшісінің мақаласын қайталап басты, ал кейінірек өзгертілген мәтінге әлеуметтік желілердегі парақшаларында сілтеме берді, баласы екеуін қудалау содан кейін басталды деп шағынады.
- Әлеуметтік желілерде балам екеумізді сөгіп-мінеген науқан бастады. Кәмелетке толмаған ұлым екеуміз тап болған әлдебір қауіпті жағдай, әлдебір "нацизм" мен "нәсілдік төзбеушілік" әлі күнге жалғасып келеді. Ол жерде маған бой тасала, елден қашып кет деп жазады, ал мен оны қаламаймын. Әлгі сөздерді оқып, еңіреп тұрып жыладым, - дейді Әлия Әркешева.
Бұған қоса, Әркешева мен бауыры Арман төрт адам – екеуі, анасы және баласымен тұрып жатқан пәтерге белгісіз біреулер екі мәрте кіруге әрекеттенгені жайлы айтып берді.
- Мамырдың 15-і күні Алматыдағы пәтерімізге белгісіз біреулер кіруге әрекеттенді. Полиция жасағы мен учаскелік инспекторды шақырдық, бірақ әлі күнге дейін жауап жоқ. Балкон жақтағы қоршауды бұзып кетті. Пәтеріміз бірінші қабатта орналасқан. Тентті жұлып алып, заттарды шашып кетіпті, тор майысып қалыпты, - дейді Әлия Әркешева.
Екі аптадан кейін пәтерге кіру үшін екінші мәрте әрекет жасалып, белгісіз біреулер есіктің құлпын сындырып кеткен.
- Ол жолы полицияны шақырмадық, өйткені олар әлгі адамдардың кім екенін анықтауға мүлде мүдделі емес екенін байқадық. Мені және отбасымды жайымызға қалдырып, қудалауды доғаруды сұраймын, - дейді Әлия Әркешева.
Бауыры Арман Әркешевтің айтуынша, бір ай бұрын кешкісін жұмыстан қайтып келе жатқанда белгісіз біреулер тоқтатқан. Оның сөзінше, олар "полициядан арызыңды ал, әйтпесе жақсылық күтпе!" деп сес көрсеткен.
Алматы қаласы Медеу аудандық ішкі істер басқармасы бас департаментке жүгінуге кеңес беріп, Әркешеваның ісіне қатысты еш комментарй берген жоқ. Алматының ІІД баспасөз қызметі "бастығымыз демалыста, сондықтан ешқандай мәселе бойынша комментарий бермейміз" деді.