Accessibility links

БҰҰ сарапшысы діни топтарды тіркеуден бас тартуға шақырды


Наурыз мейрамы кезінде Әзірет Сұлтан мешіті маңында тігілген киіз үйлер. Астана, 22 наурыз 2014 жыл.
Наурыз мейрамы кезінде Әзірет Сұлтан мешіті маңында тігілген киіз үйлер. Астана, 22 наурыз 2014 жыл.

БҰҰ-ның дін немесе сенім бостандығы жөніндегі сарапшысы Хайнер Билефельдт Қазақстан билігін діни бірлестіктерді міндетті түрде тіркеу процедурасынан бас тартуға шақырды. Ол Астанада сотталған протестант пастормен кездесті.

Сәуірдің 4-і күні БҰҰ-ның дін немесе сенім бостандығы жөніндегі арнайы баяндамашысы Хайнер Билефельдт Қазақстандағы 12 күндік сапарын қорытып, мәлімдеме жасады. Қазақстанға алғашқы сапары кезінде ол әсіресе діни бірлестіктерді тіркеу талаптарын, мектептер мен оқу орындарынан тыс жерлерде діни білім беру мәселелерін, елдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі заңдарды діни азшылық мүшелері мен бүкіл халықтың дін еркіндігіне деген құқығын сақтау арқылы қолдану салдарларын терең зерттеген.

ҚАШҚЫМБАЕВПЕН КЕЗДЕСКЕН СОҢ

БҰҰ-ның дін немесе сенім бостандығы жөніндегі сарапшысы Хайнер Билефельдт Астана, Алматы және Қарағанды қалаларында діни қауымдар мен қоғамдық ұйым өкілдерімен кездесті.

Ол «шіркеуге келуші әйелдердің бірінің денсаулығына уағыз оқу кезінде қасақана ауыр зардап келтірген» деген айыппен Астана қаласының Алматы аудандық соты ақпанның 17-сі күні төрт жылға соттаған протестант пасторы Бақытжан Қашқымбаевпен де кездесті. Қазір пастор еркіндікте болғанымен, мұның алдында тоғыз ай қамауда отырып, еркінен тыс психиатриялық сараптамадан өткен.

БҰҰ-ның арнайы баяндамашысы Хайнер Билефельдт «бұл іс бойынша қолымда толық ақпарат жоқ» деген уәжбен пастор Қашқымбаевқа қатысты жағдай
Пастор Бақытжан Қашқымбаев сотта отыр. Астана, 17 ақпан 2014 жыл.
Пастор Бақытжан Қашқымбаев сотта отыр. Астана, 17 ақпан 2014 жыл.
бойынша журналистерге түсініктеме беруден бас тартты. Бірақ ол Қазақстанда протестанттық діни ағымдар өздерін «заң тұрғысынан онша қауіпсіз сезінбейді» деп мәлімдеді.

Оның айтуынша, Қазақстан билігі «заңдарымыз діни ағымдарды алаламайды» дегенімен, дәстүрлі және дәстүрлі емес діндерді әкімшілік деңгейде алалау бар.

– Лютеран дініне дәстүрлі дін ретінде қарайды, ал евангелистер мен баптистерді немесе «Благодать» шіркеуін дәстүрлі дінге қатысы аз діндер деп қарастырады, – деп мәлімдеді Хайнер Билефельдт Астанада өткізген қорытынды баспасөз жиынында.

РЕСМИ ҰСТАНЫМ

Пастор Қашқымбаевты «Благодать» шіркеуінің кей кітаптарында экстемизм бар деп те айыптаған. Бірақ кейін прокуратура ол айыптан бас тартқан.

Қашқымбаев ісі Қазақстандағы еркіндік пен дін жағдайы жайлы ресми баяндамада да айтылған. Бұдан екі жыл бұрын елде «Діни қызмет пен діни ұйымдар туралы» заң қабылданған еді. Баяндаманы бір ай бұрын сыртқы істер министрлігінде Қазақстанда аккредитациядан өткен дипломатиялық корпустар мен халықаралық ұйымдарға таныстырған.

Баяндамаға қарағанда, пастор Қашқымбаев Қазақстанның дін туралы заңын
БҰҰ-ның арнайы баяндамашысы Хайнер Билефельдт (оң жақта) пен дін істері агенттігі өкілі Ғалым Шойкин. Астана, 4 сәуір 2014 жыл.
БҰҰ-ның арнайы баяндамашысы Хайнер Билефельдт (оң жақта) пен дін істері агенттігі өкілі Ғалым Шойкин. Астана, 4 сәуір 2014 жыл.
бұзбаған, «әлдебір діни топқа қатысы барына бола қуғындалмаған».

«Билік Қашқымбаевты басқа баппен қуғындаудан ақыры бас тартты» дейді оның адвокаты Нұрлан Бейсекеев Азаттыққа.

Қазақстанның дін істері агенттігі пастордың ісін дін туралы заңмен байланыстырмауды өтініп, пастор жәбір көрушіге психикалық зардап тигізгені үшін сотталғанын айтады. Агенттік басшысының орынбасары Ғалым Шойкин Қазақстандағы протестант қауымдары ешбір қысым көріп жатпағанын айтады.

Ресми есепке қарағанда, қазір Қазақстанда 665 протестант қауымы бар, 2012 жылдың 25 қазанында басталған қайта тіркеу шарасынан кейінгі жарты жылда олардың саны 30 пайызға (187 қауым) артқан.

ЭКСТРЕМИЗМ АЙЫБЫ

БҰҰ-ның дін немесе сенім бостандығы жөніндегі арнайы баяндамашысы діни топтарды міндетті түрде тіркеу шартын мүлдем алып тастауға шақырды. Діни азшылық өкілдері ол шартты репрессивті деп атап, тіркеле алмайтындарын айтады.

БҰҰ сарапшысы Билефельдт қылмыстық кодекстегі экстремизм жазасы жайлы айтылған 164-бапты сөз етті.
Бұл баптың тым жалпылама және сипаттама анықтамалары аса ауыр зардап пен жазаға ұласуы мүмкін.
Хайнер Билефельдт.


– Бұл баптың тым жалпылама және сипаттама анықтамалары аса ауыр зардап пен жазаға ұласуы мүмкін. Бұл саладағы үкіметтік емес ұйымдармен сөйлескен кезде әртүрлі дін қауым мүшелеріне тағылған айып жайлы алаңдатарлық әңгімелер естідім. Ондай оқиғалар кейде тергеуге, әкімшілік қамауға, сотқа дейінгі ұзақ мерзімді тұтқындауға ұласқан, – дейді Хайнер Билефельдт.

Қазақстанның дін істері агентігі БҰҰ арнайы баяндамашысы айтқан нәрселер жайлы ойланып барып жауабын кейін айтуға уәде етті.

Хайнер Билефельдт Қазақстанға жасаған сапары негізінде түйген ойларын 2015 жылы наурызда БҰҰ кеңесіне баяндама ретінде ұсынады.
  • 16x9 Image

    Светлана ГЛУШКОВА

    Светлана Азаттықтың Астана бөліміндегі тілші болып 2010 жылдан бастап істей бастады. Жоғары білімді ҚарҰУ-де алған. Жеті жыл қалалық жәнереспубликалық арналарда тілші және редактор ретінде тәжірибе жинаған.

XS
SM
MD
LG