Accessibility links

Алматы облысында ондаған бала мектепке бармайды


Мектепке бармайтын Юля Злобина 11 жылдан бері иесіз моншаны паналап жүр. Алматы облысы, Қарасай ауданы, мамыр, 2012 жыл.
Мектепке бармайтын Юля Злобина 11 жылдан бері иесіз моншаны паналап жүр. Алматы облысы, Қарасай ауданы, мамыр, 2012 жыл.

Алматы облысында бір күндік рейдтің өзінде мектепке бара алмай отырған ондаған бала табылды. Балалардың мектепке бармау себептері әртүрлі. Олардың көбі – кезбе, қаңғыбас балалар.

17 жасар Людмила Субботина Қарасай ауданындағы бір бөлмелі саяжайда тұрады. Шешесі туберкулездің жұқпалы түрімен ауырады. Людмила орталық жүйке жүйесі дертіне (детский церебральный паралич – ДЦП) шалдыққан. Хат танымайды.
Людмила Субботина әлі хат танымайды.Алматы облысы, Қарасай ауданы, мамыр, 2012 жыл.
Людмила Субботина әлі хат танымайды.Алматы облысы, Қарасай ауданы, мамыр, 2012 жыл.

Шешесі жергілікті билік органдарынан баланы мектепке беру үшін бірнеше рет көмек сұрапты. Бірақ, оның айтуынша, білім мекемелерінің ешқайсысы жәрдем бермеген.

Жеті жасар Роман Панкратов та осы ауданда тұрады. Ол да әліппені оқып көрмеген. Құжаттары да жоқ.

Ал Юрий, Юля және Виктор Злобиндер Іле ауданындағы қирап қалған моншаны паналап жүр. Олар да мектеп табалдырығын аттамаған. Байсеркедегі базарда қайыр сұрап күнелтеді.

Алена Джанбуршина бірінші сыныпқа барғанымен, ата-анасының араққа салынып кетуінің кесірінен сабақты қойыпты. Көршілері «баланың мектепке баратын киімі де жоқ» дейді.

ПРОКУРАТУРА ӨКІЛІ МЕКТЕП БАСШЫЛАРЫН АЙЫПТАДЫ

Алматы облысы прокуратурасы бала құқықтарының сақталуын қадағалау бөлімінің бастығы Сәбит Шембеков Азаттық тілшісіне:

- Біз рейдке шыққан бір күнде мектепке әртүрлі себеппен бара алмаған ондаған баланы таптық. Ал тексерісті бірнеше күн жасасақ, мектепке бармаған жүздеген бала шығатынына күмәнім жоқ, - деді.
Жеті жастағы Роман Панкратов мектепке бармайды, құжаттары да жоқ. Алматы облысы, Қарасай ауданы, мамыр, 2012 жыл.
Жеті жастағы Роман Панкратов мектепке бармайды, құжаттары да жоқ. Алматы облысы, Қарасай ауданы, мамыр, 2012 жыл.

Оның сөзіне қарағанда, жергілікті шенеуніктер мен білім мекемелерінің қызметкерлері балаларды жаппай мектепке қамту жұмысын әлсіретіп алған.

Кейбір отбасылардың үйі жоқ. Ата-анасы араққа салынып кеткен балалар қаңғыбас, тіленшіге айналған.

Полицейлер тексеріс болған күні сабаққа бармайтын балаларды ғана емес, мектеп табалдырығын мүлде аттамаған, әріп танымайтын балаларды да анықтағандарын айтты.

«СОНШАЛЫҚ КӨП БАЛА ДЕГЕНГЕ СЕНБЕЙМІН»

Ал Алматы облысының білім басқармасы өкілі Сәбит Шембековтің пікірімен келіспейді. Басқарма мамандары «Балаларды жаппай мектепке қамтумен тұрақты әрі жүйелі түрде айналысып отырмыз» дейді.

- Мен соншалық көп бала мектепке бармайды дегенге сенбеймін. Жергілікті мектептердегі директорлар балалардың барлығын мектепке қамтумен айналысып отыр, - деді Алматы облысы білім басқармасы бастығының орынбасары Анатолий Рудер.

Кәмелетке толмаған балалар ісімен айналысатын комиссия мен құқық қорғау ұйымдарының өкілдері де мектепке бармайтын балалардың саны дабыл қағатындай
Роман Панкратов осы үйде ата-анасымен бірге тұрады. Алматы облысы, Қарасай ауданы, мамыр 2012 жыл.
Роман Панкратов осы үйде ата-анасымен бірге тұрады. Алматы облысы, Қарасай ауданы, мамыр 2012 жыл.
көп емес деп есептейді.

Облыстық балалар құқығын қорғау департаментінің мамандары "мұндай фактілерден хабардар" екендерін, тіпті жоғары жоққа хат жазғандарын айтады.

Алматы облысы балалар құқығын қорғау департаментінің бөлім бастығы Алиям Молотова облыстық білім басқармасы мен жергілікті әкімдікке хат жазғандарын айтып:

- Мәселе жұмыстың нәтижесі дұрыс болмағанында емес, - деді.

Сауатсыз балалар мәселесі Алматы облысы прокуратурасының соңғы өткен алқа мәжілісінде де талқыланды. Облыстың бас прокуроры Ғабит Миразов білім мекемелері мен тиісті орындардың, балалар құқын қорғаушы әртүрлі ұйымдардың жұмысын сынап, бұл ұйымдар «Балалар құқығын қорғаумен емес, қағаз жүзінде есеп берумен ғана айналысып отыр» деді.

Осы алқа мәжілісінен бірнеше күн өткен соң прокуратура өкілі Сәбит Шембеков "білім мекемелерінің басшыларын тәртіпке шақыру үшін прокурорлық ескерту жасалғанын" хабарлады.
XS
SM
MD
LG