Accessibility links

Президенттікке кандидат Нұрсұлтан Назарбаевқа сауал


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Азаттық сайты Қазақстан президенттігіне кандидат Нұрсұлтан Назарбаевты онлайн-конференцияға қатысуға шақырады.

Азаттық сайты Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауына түсіп жатқан кандидаттардың барлығына онлайн-конференция өткізу жайлы ұсыныс жолдаған еді.

2015 жылы сәуірдің 26-сына белгіленген сайлауға президенттікке кандидат етіп «Нұр Отан» саяси партиясы ұсынған қазіргі президент Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз қызметіне жіберген хатымызға әлі жауап келген жоқ.

Әйткенмен, сайлауалды науқан аяқталғанға дейін Нұрсұлтан Назарбаев сайлаушылар сұрағына жауап берер деп үміттенеміз. Президенттікке кандидатқа айтары бар оқырмандар қоятын сұрақтарын төмендегі форумға жаза берулеріне болады.

Нұрсұлтан Назарбаев өзіне қойылған сауалдарға осы форум арқылы тікелей жауап бергісі келсе, әр пікірдің оң шақ шекесіндегі «Сіздің бұған қосарыңыз» деген сөзді басып, әрі қарай жаза беруіне болады. Немесе кандидаттың жауабын аудио болмаса видео түрінде де жариялауға мүмкіндік барын еске саламыз.

Сұрақ қою және жауап беру сәуірдің 24-інде аяқталады.

XS
SM
MD
LG