Орталық Азия электр энергиясын үйлестіру кеңесінің кезекті отырысында Өзбекстанмен келіссөздер нәтижесіз аяқталды.
Бұл туралы Ақмола облысындағы Бурабай курортты аймағында өткен жиыннан соң KEGOC АҚ-ның президенті Қанат Бозымбаев мәлімдеді. Оның айтуынша, Өзбекстан Қырғызстанның солтүстігінен оңтүстікке қарай өз аймағы арқылы өтетін электр қуаты тасымалының бағасын саудалағысы келеді. Сол себепті Өзбекстан көршілес елдерімен бұрынғы ынтымақтастықты тоқтатып, баламалы жүйе жұмысынан шығатынын айтқан.
Осыған байланысты Қазақстан тұтынушылары күзгі-қысқы маусым кезінде энергия көзінің тапшылығына тап болуы мүмкін бе деген сауалға Қанат Бозымбаев, Қазақстанның оңтүстігіне оның салдары байқала қоймайды, Елдің солтүстігінен 1350МВт шамасындағы электр қуатын тасымалдау арқылы біз оңтүстікті энергия көзімен қамтамасыз етеміз, сонымен қатар қалған 20 пайызын Жамбыл су электр стансасы жабады деді.
Бірақ қырғызстан өкілі Мурат Дурусалиев Өзбекстанның шығуы оның барлық көршілері үшін тіпті Қазақстанның оңтүстігіне де үлкен проблема деп жағдайға пессимистік баға берді. "Өзбекстанның параллелді режим жұмысынан шығуы аймақтағы энергия жүйесінің жұмысына сенімді азайтады",- деді “Қырғызстанның ұлттық электр желісі” ААҚ-ы бас директорының орынбасары Мурат Дурусалиев.
Оның бұл сөзіне жауап ретінде Қанат Бозымбаев Қазақстан биылғы жылы қуаты 500 кВт-тық Екібастұз бен оңтүстікте Шуды жалғастыратын "Солтүстік-Оңтүстік" желісін іске қосты. Демек, біз солтүстіктен электр энергиясын жеткізуді екі есеге ұлғайттық деп атап көрсетті.
Ал Қырғызстан мен Өзбекстан арасындағы баға жөніндегі келіссөздерге байланысты сауалдарға Дурусалиев “мен өзім әзірге қандай баға екенін білмеймін” деген дипломатиялық тұрғыдағы жауап айтса, оның қазақстандық әріптесі Бозымбаев сарапшы ретінде көмекке келіп, "Өзбекстан Қырғызстаннан жылына 50-75 млн. доллар көлемінде" төлеуін талап етуде деді.
Қырғызстанның оңтүстік аймағындағы тұрғындардың төлем мүмкіндігі мен Ферғана жазығының тұрғындарына тиетін әлеуметтік салдары туралы Азаттық радиосының тілшісі қойған сұраққа Дурусалиев бұл мәселені үкімет шешуі керек дей келе, Өзбекстанның параллелді жүйе жұмысынан шығуына байланысты қазанның 15-нен бастап Қырғызстанның Қазақстан алдындағы міндеттемелері орындалмай қалуы мүмкін екендігін ескертті.
Оның сөзіне қарағанда, 2010 жылдың көктеміне қарай Қазақстанның оңтүстігін сумен қамтамасыз ету үшін Тоқтоғұл су қоймасына 7,5 млд текше метр су жинау керек, екінші жағынан Қырғызстанның энергия жүйесін тепе-теңдікте ұстау үшін оны азайту керек. "Осы мәселеде біз екі елмен қатар келіссөздер жүргізіп жатырмыз",- деді Қырғызстанның энергетикалық делегациясын Бурабайдағы жиынға бастап барған Мурат Дурусалиев.
Бұған тағы қарсы пікір айтқан Қанат Бозымбев Қазақстан Шардара су қоймасынан алыс емес аймақта Көксарай су қоймасын салып жатыр дей келе, бұл өңірдің сырттан келетін суға тәуелділігін азайту үшін Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтарал ауданына суды машинамен беру мәселесі қаралып жатқандығын айтты.
“Өзбекстан делегациясын Бурабайдағы жиынға бастап барған “Узбекэнерго” мемлекеттік компаниясының өкілі Рузикула Раимов баспасөз мәслихатына қатыспады, ол оның өз құқы” деді Бозымбаев журналистер алдында. Ал тәжікстандық делегация басшысы баспасөз мәслихатында бірде-бір пікір білдірмеді.

Мұрат Дурусалиев, «НЭС Қырғызстан» компаниясы бас директорының бірінші орынбасары, Бурабай, 14 қазан, 2009 жыл.