Шетелдік басылымның жазуынша, Expro International мен Umbrellastream консорциумының үстінен мамыр айында анонимді ақпарат көздерінен арыз кеп түскен.
АНОНИМ АРЫЗ
Арызға қарағанда Expro фирмасының бұрынғы жүк тасымалын қадағалап отыратын екі координаторы Батыс Қазақстанда 2006-2009 жылдар аралығында жұмыс жасап жүріп, шекарадағы кеденшілерге пара берілгенін растап, электронды пошта арқылы коррупциямен күрес мекемесіне хат жолдаған.
Шағымданушы аноним арыз иелері «Expro фирмасының құрал-жабдықтары кеден бекетінде ұзақ уақыт күтіп тұрмас үшін пара берілген» деп хабарлаған. Басқа да ақпарат көздерінің хабарлауынша, осы арыздың негізінде Expro фирмасының заңгерлері жұмыста тексеру жүргізген. Автордың жазуынша мұндай тексеру шараларын Expro бірінші рет жасап отырған жоқ. Олар Қазақстандағы мамандарын бұған дейін де бірнеше рет қадағалаған.
Жазылған арызға қарағанда, Expro компаниясының қызметкерлері Батыс Қазақстандағы Ақсай кенішінде оған дейін де, одан кейін де кеденшілерді пара беріп сатып алып отырған. Аноним арыз иелері Expro мамандарының Ақсайдағы кеденшілерге параны қалай беріп, жүктері мен құжаттарын жылдам қалай реттейтіні жайлы тәптіштеп жазған.
Арыз иелерінің жазуынша, фирма мамандары 2009 жылы жұмыстан босап кеткенше пара беру үрдісі жалғасып жатқан.
Ресеймен шекарада орналасқан Ақсай бекеті – мұнайға бай Қарашығанақ кенішінен пайда табуды көздеген энергетикалық компаниялар үшін маңызды орын. Компаниялар Қарашығанаққа құрал-жабдықтарын жеткізіп, жаңартып отыру үшін Ақсайдағы кеден бекеті арқылы өтуге мәжбүр.
КОМПАНИЯНЫҢ ПІКІРІ
Мақала авторы арызда айтылған заңсыз ақша төлеу әрекетін АҚШ-тың «Шетелдегі коррупциялық әрекеттері» заңына, сонымен қатар Ұлыбританияның параға байланысты заң ережелеріне қайшы деп санайды. Бұл екі құжат заңсыз бизнес үшін шетелдік басшыларға пара беруге тыйым салған. Алайда бұл мәселе бойынша заң және қауіпсіздік департаменті, құнды қағаздар мен биржа комиссиясы пікір білдіруден бас тартқан. SFO (алаяқтықпен күрес мекемесі) өкілдері де ешқандай мәлімет бермеген.
Орталық кеңсесі Англияда орналасқан Expro компаниясы мекеменің өз ішінде тексеру жүргізілгенін растады.
– Қайта тексеру шарасы алаңдайтындай ештеме тапқан жоқ. Компания коррупцияға жол бермейді. Электронды поштаға келіп түскен арыз жайында Ұлыбритания мен АҚШ басшыларын хабардар еттік. Бізде бұл мәселеге қатысты келісілген кешенді жоспарлар бар, – деп мәлімдеді компания өкілі.
Басылымның жазуынша, арызды тексерген заңгер Гибсон Данн Атторни Джоэл Коэн арыз иесіне былай деп жауап жазған:
– Біздің компанияның жұмысына байланысты жолдаған хатыңызды қарап тексердік. Компания сіз ескерткен проблемаларды бірнеше жыл бұрын лайықты жолмен шешті деген сенімдеміз. Болашақта да сіз көтерген мәселені қайта қараймыз.
КОМПАНИЯЛАР ТАЛАСЫ
Басылымның жазуынша, құрамында жекеменшік акцияларды сатып алумен айналысатын еуропалық Alpinvest Partners and Arle Capital фирмалары бар Expro-ны 2008 жылы Umbrellastream компаниясы 1,8 миллиард долларға сатып алған.
Ол кезде Expro-ны алуға әлемдегі ірі америкалық мұнай компанияларының бірі, Қазақстан нарығына 1994 жылы кірген Halliburton да таласқан. Бірақ ол Expro-ны ала алмаған соң «Ұлыбританияның саудада құқықтық шектеулері бар» екеніне шағымданған. Бұдан бұрын, 2004 жылы Halliburton-нің скважина тексеретін бір қызметін Power Well Service Holdings компаниясы, кейін одан Expro компаниясы сатып алған.
Бірнеше ай бұрын италиялық Eni мемлекеттік энергетикалық компаниясы да «Қазақстан билігіне пара берді» деп айыпталып, істі болған еді. Компания «2007 жылы Қазақстан президентінің күйеу баласы, мұнай-газ саласындағы топ-менеджер Тимур Құлыбаевқа 20 миллион доллар берген» деген күдікке ілінген.