Ақпан айында орын алған осындай екінші бір оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 120-бабына сәйкес іс қозғалған. Бүгінде тергеу жұмыстарымен Астана қаласының ішкі істер департаменті айналысып жатыр екен.
Алайда, қаржы полициясының ресми өкілі Есімбекова бұл іске аталмыш агенттік қызеткерінің қатысы барлығы ресми дәлелденген жоқ дейді. Бірақ соған қарамастан, тергеу ісі аяқталғанша, «қыз зорлады» деп күдікке ілінген қаржы полициясының полковнигі уақытша қызметінен босатылғандығын айтады.
«Жақын арада ішкі істер министрлігі арнайы мәлімдеме жасайды. Онда қаржы полициясы бұрынғы қызметкерінің қатысы бар-жоғы белгілі болады», - дейді Дәмежан Есімбекова.
Естеріңізге сала кететін болсақ, таяуда республикалық «Время» газетінің 19-ақпандағы санында «Возбуждение органов» деген тақырыпта мақала жарияланған еді. Онда жаңа жылдың алдында қаржы полициясының Астанадағы департаментінде жұмыс істейтін Болат Омаров деген 26 жастағы офицердің жас қыздың абыройын төккендігі жазылған. Алайда өте ауқатты отбасынан шыққан Болат Омаров жәбірленушіге 30 мың АҚШ долларын беріп, полицияға жазған арызын қайтарып алғызады.
Дәл осындай оқиға үстіміздегі жылдың 8 ақпанында орын алыпты. Қаржы полициясының полковнигі таңғы мезгілде ауырып қалған баласына дәрі алу үшін дәріханаға жүгіріп бара жатқан жас келіншекті ұстап алып, ұрып-соғып, аға инспектор болып істейтін әріптесі екеуі үйіне апарып айуандық жасап, зорлаған.
Мақалада жазылғандай, полицияға шағымданған жас келіншек көп уақыт өткізбей арызын қайтарып алыпты.
Мақалада жазылғын осы оқиға қоғамды дүр сілкіндірген еді. Бұған қатысты Парламент мәжілісінің депутаттары да бас прокуратурға үндеу жасады. Мәжіліс депутаты Рауан Шаекин шен таққан қылмыскерлердің күні бүгінге дейін тайраңдап жүргеніне наразылық білдірген еді.
«Жәбірленуші шағымын қайтарып алды деп қарап отыру қаншалықты заңды? Заңды қадағалайтын бас прокуратура қайда қарап отыр? Егер құқық қорғау орындары бұған мән бермесе, қоғамды қалай қорғамақпыз? Құқықтық мемлекет болғаннан соң, тиісті мекемелер тез арада әрекет жасауы керек еді», - деп Рауан Шаекин мәжілістің жалпы отырысында мәлімдеме жасаған болатын.
Мәжіліс депутаты Нұрбах Рүстемов болса, «Время» газетінде жарық көрген мақаланы интернет сайттан 20 мыңнан астам оқырманның оқығанын, форумға 300-ден астам пікір жазылғандығын тілге тиек етіп, зорлағаны үшін қылмыстық жазаны қатайтуын Әділет министрлігінен сұрады. Депутат Рүстемовтің айтуынша, Қылмыстық кодекстің қыз зорлады деген 120- бабы бойынша қылмыскерді бар болғаны үш жылдан бес жылға дейін бас бостандығынан айырады екен. «Қыз зорлау мал ұрлағанмен бірдей болып тұр» деп ашуланды ол.
Айта кету керек, жоғарыдағы оқиғаларға байланысты қаржы полициясы осы күнге дейін түсініктеме беруден бас тартып келген болатын. Ал Парламент мәжілісі депутаттарының мәлімдемесінен кейін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бірден агенттіктің төрағасы Қайрат Қожамжаровты қабылдағаны белгілі.
Осыдан кейін барып, қаржы полициясы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін шақырып, түсініктеме берді. Ал әділет министрі Зағипа Балиева Қылмыстық кодекстің аталған бабына өзгертулер мен түзетулер енгізіп мәжіліс талқысына салуға алып келуге уәде берді.