Accessibility links

"Блогерлер журналистерден еркінірек ойлайды"


«Журналиске де, блогерге де төзімділік мәдениеті керек»
please wait

No media source currently available

0:00 0:06:17 0:00

«Журналиске де, блогерге де төзімділік мәдениеті керек»

Жақында құрылған теңқұқықты журналистер федерациясының жетекшісі Розлана Таукина Азаттыққа берген сұхбатында цензура мен жергілікті журналистика сапасы туралы айтты.

Жақында Қазақстанда теңқұқықты журналистер федерациясы құрылған болатын. Оның жетекшісі, қоғамдық белсенді Розлана Таукинаның айтуынша, жаңа бірлестік елдегі журналистиканың қызмет етуіне жағдай жасаумен, журналистердің кәсіби біліктілігін көтеру және өзара көмек беру мәселелерімен шұғылданады.

Розлана Таукина қазір түрлі шектеулер мен цензураның салдарынан Қазақстанда журналистиканың көптеген жанрлары дамымай отыр деп санайды.

"ЖУРНАЛИСТ БОЛУ ҚАУІПТІ БОЛЫП БАРАДЫ"

Қоғамдық белсендінің сөзінше, қазір ақпараттық кеңістікте тек "тәуелсіз пікір беруден жалтаратын ақпараттық журналистика, ойын-сауық және тапсырыспен жазатын журналистика үшін ғана орын қалған".

- Журналистер өзіндік цензурамен айналысып, көптеген жанрлар дамымай жатыр. Менің ойымша, мәселе тек мұнда ғана емес. Мәселе жалпы журналистикадағы жағдайдың шиелінісіп кетуінде. Журналист болу барған сайын қауіпті болып барады, - дейді ол.

Блогерлер өздерін БАҚ-қа теңеу туралы

БЛОГЕРЛЕР БАҚ-қа ТЕҢЕЛУ ТУРАЛЫ

Азаттық тілшісімен әңгімелескен блогерлер 5 жыл бұрын қабылданған "Интернетті реттеу туралы заңның" өздерінің қызметіне қандай ықпал жасағаны туралы айтты. Заң интернет-ресурстардың көпшілігін (блог, чат, форум) БАҚ-қа теңестіреді.

  • Блогер Жалғас Ертай: "Бұл заң арқылы блогерлерге жауапкершіліктің жүктелуі блогерлердің сапасына да, санына да әсер еткен жоқ деп ойлаймын. Жазып жүрген тематикасы да өзгерген жоқ. Бұрын қалай жазып жүрсе, қазір де солай жазып жүр".
  • Блогер Яков Федоров: "Заң әлі де болса интернетте еркін пікір айтып жүрген азаматтарды үрейлендіруі мүмкін, себебі көбі оны жақсы білмейді. Кез келген блогерлер альянсының болашағы жоқ. Себебі, блогерлерде ортақ мақсат жоқ. Бір блогер жемқорлықпен күресті ғана жазуы мүмкін, басқа блогер тек ас мәзірі жайында ғана жазуы мүмкін. Әртүрлі мүддедегі адамдар. Мәселен, өзімді ешқандай альянстың құрамында емеспін".

БЛОГЕРЛЕРМЕН ВИДЕОСҰХБАТТЫ КӨРІҢІЗ:

Интернеттегі еркіндік пен жауапкершілік туралы блогер пікірі
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:27 0:00
Жүктеп алу

Ол жақында журналист Қасым Аманжолұлының Украина туралы сюжетінің эфирден алынып тасталуын да цензура деп атап, "журналистің құқығын бұзу" деп бағалайды.

Розлана Таукинаның айтуынша, қазіргі кезде Қазақстанда сапалы журналистік материалдар өте аз. Мәселен, жемқорлық туралы материал болса, оның өзі де тапсырыспен жазылған болып шығады. Ол соңғы уақытта ақпарат құралдарына қысым мен шектеулердің көбейгенін айтады.

- Журналистің міндеті - белгілі бір дәрежеде биліктің әрекеттерін бақылау: олар қаншалықты халықтың мүддесіне сай әрекет етіп отыр? Егер халықтың мүддесі ескерілмесе, онда журналист дабыл қағуы тиіс. Ал қазіргі кезде іс жүзінде бұған тыйым салынған, - дейді Розлана Таукина.

БЛОГОСФЕРАДАҒЫ ЕРКІНДІК

Маман бұл тұрғыда Қазақстанда журналистерден гөрі блогерлер еркінірек ойлайды деп санайды. Ол блогерлерді журналистер қатарына қосуды құптайды.

- Дегенмен де менің ойымша, бізде халықаралық мәдени стандарт, толеранттылық мәдениеті және журналистикаға дұрыс көзқарас қалыптасуы керек. Журналистердің бөлектенуіне болмайды. Бізде блогерлер журналистерге қарағанда еркінірек ойлайды. Сондықтан интернетке шығып жатқан блогерлер өте көп, - дейді Розлана Таукина.

Қазақстанда 2009 жылы "Интернетті реттеу туралы заң" қабылданып, интернет ресурстар (блогтар, чаттар, форумдар, т.с.с.) БАҚ статусына теңестірілген еді.

Наурыз айында сөз бостандығын қорғаумен айналысатын «Шекарасыз тілшілер» (Reporters Without Borders) халықаралық ұйымы «Интернеттің жаулары» деп аталатын жыл сайынғы есебінде Қазақстанда интернетке шектеу қою жылдан жылға күшейіп келе жатқанын мәлімдеген болатын.

  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

XS
SM
MD
LG