Accessibility links

Алматыда медиа-форум өтіп жатыр


"Сорос-Қазақстан" қорының бағдарламалар директоры Антон Артемьев. Алматы, 5 желтоқсан 2011 жыл.
"Сорос-Қазақстан" қорының бағдарламалар директоры Антон Артемьев. Алматы, 5 желтоқсан 2011 жыл.

Желтоқсанның 5-і күні Алматыда «Республика» медиа тобының бастамасымен екі күндік аймақтық медиа-форум басталды. Онда қазақстандық журналистика мен ақпарат құралдарының қазіргі ахуалы сөз болды.


«БАҚ болашағы – журналистердің қолында» деген атпен өтіп жатқан бұқаралық ақпарат құралдарының ІІ аймақтық медиа-форумына Қазақстанның барлық аймақтарынан жиналған ақпарат құралдары өкілдері, Ресей мен Грузия сарапшылары келді.

«ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР»

"Сорос-Қазақстан" қорының бағдарламалар директоры Антон Артемьев «елдегі ахуал аймақтағы болып жатқан жайттармен тығыз байланысты» екенін, мұндай жиындардың өте маңызды екенін атап өтті. Оның сөзінше, дәл осындай форумдар арқылы аймақтық журналистер жаңа технологияларды меңгеріп, соңғы тенденцияларды түсінуге мүмкіндік алады екен.

– Ақпарат таратуда сандық, заманауи технологияларды пайдалану мен ақпарат құралдарының біліктілігін арттыруы – дәл қазіргі кезде туындап отырған өзекті мәселелер, – деді Антон Артемьев.

«Журналистердің өз құқықтары мен заңды жетік білмеуі – олардың
Заңгер Сергей Уткин. Алматы, 5 желтоқсан 2011 жыл.
Заңгер Сергей Уткин. Алматы, 5 желтоқсан 2011 жыл.
біліктілігінің төмендігі» дейді заңгер Сергей Уткин.

Оның сөзінше, соңғы уақыттары журналистерге аудио және бейне түсірілім жасауға рұқсат етпей, тосқауыл жасайтындар көбейген.

– Осы тұста өз құқықтарынан хабарсыз бірқатар журналистер не істерін білмейді, – дейді заңгер.

Оның ойынша «журналистер заңды білгенде өйтпес еді, өйткені заңда түзету мекемесінен өзге жерлердің барлығында журналистер кәсіби қызметін жүзеге асыра алатындығы жазылған».

«1996 ЖЫЛҒЫ ТЕНДЕРДЕН СОҢ»

«Түркістан» газетінің тілшісі Нәзия Жоямергенқызы, елдегі журналистиканың кемшілігінің бірі ретінде «кәсіби бірлік жоқтығын» айтады.

– Жалқаулық, енжарлық, халықаралық деңгейге ұмтылмау – барлығы қазақстандық журналистикада бар мәселер. Ішкі-сыртқы цензура тағы бар. Ең басты мәселенің бірі – журналистер арасындағы кәсіби бірліктің жоқтығы. Жақында Ақтауда «Станның» тілшілерін соққыға жығып, атып кетті. Біз, мысалы, сол мәселеде біріге алмадық, – дейді Нәзия Жоямергенқызы.

Оның айтуынша, бұл форум – аймақтық журналистиканы дамыту үшін өте маңызды шара.

– Біз «мұрнымыздың түбінде» не болып жатқандығын білмейміз. Бірақ Стросс Канды «қара қыздың» алдап түсіргенін білеміз, Еуропа одағының
Грузиялық профессор Олег Панфилов. Алматы, 5 желтоқсан 2011 жыл.
Грузиялық профессор Олег Панфилов. Алматы, 5 желтоқсан 2011 жыл.
экономикалық ахуалын білеміз. Мұның өзі аймақтық журналистиканың дамымай отырғанын көрсетеді, – дейді журналист Нәзия Жоямергенқызы.

Азаттық тілшісіне сұхбат берген грузиялық профессор Олег Панфиловтың ойынша, «постсоветтік көптеген елдер сияқты Қазақстан билігі де баспасөзге құлақ аспайды, баспасөз де билікпен сөйлесе алмайды».

– Меніңше, билік 1996 жылы тендер өткізіп, бірқатар ақпарат құралдарын өз қолына алғалы бері қазақстандық журналистикада кәсіби деңгейде еш өсу байқалмайды. Сол кездері журналистер біршама басылып қалды, сол жағдайдан әлі шыға алмай келеді, – дейді Олег Панфилов.
XS
SM
MD
LG