Accessibility links

Дәстүрлі БАҚ-ты жуасытқан путинизмнің интернетке қылар амалы аз


Ресей премьер-министрі Владимир Путин бұқаралық ақпарат құралдарына сұқбат беріп тұр. 20 сәуір 2011 ж.
Ресей премьер-министрі Владимир Путин бұқаралық ақпарат құралдарына сұқбат беріп тұр. 20 сәуір 2011 ж.

Саяси шарықтауы интернет заманымен сәйкес келіп қалса да, Владимир Путин Ресейдің бұқаралық ақпарат құралдары үшін репрессивті ахуал тудырды.


Интернет мемлекеттік телеарналарды көріп өскен ресейліктердің жаңа буынына әп-сәтте өздерінің жаңалықтарын таңдап, тіпті ақпарат таратуға атсалысуға да жол ашты. YouTube, блог жүргізу және әлеуметтік желіге қосылу арқылы дамитын азаматтық белсенділіктің жаңа бренді, қарапайым ресейліктерге Кремльге қарсы тұратындай дем бермесе де, өз өмірлерін жақсартуға қауқарлы етті.

ҒАЛАМТОРДАҒЫ БЕЛСЕНДІЛІК

Светлана Привалова Солтүстік Осетия тұрғындарының Беслан трагедиясы кезіндегі жанталасын дәрменсіз күйде теледидардан бақылап отырғанда Татарстанның астанасы Қазанда оқып жүрген 19 жастағы студент болатын.

- Менің шынымен-ақ көмектескім келді, - деді ол 2004 жылғы дағдарыс турасында. - Біздің бәріміз сондай уайымға салындық. Бірақ не істерімді білмедім.

Өткен шілдеде Привалова тағы бір қайғылы апаттың куәсі болды – артық
Еділге батып кеткен «Булгария» кемесінің өзен бетіне қайтадан көтеріп шығарылған кезі. Ресей, 24 шілде 2011 ж.
Еділге батып кеткен «Булгария» кемесінің өзен бетіне қайтадан көтеріп шығарылған кезі. Ресей, 24 шілде 2011 ж.
адам тиелген «Булгария» круиз кемесі 120-дан астам адамның, негізінен әйелдер мен балалардың, өмірін қиып, Қазан қаласының сыртында Еділ өзеніне батып кетті.

Бұл жолы Привалова көп ойланған жоқ. Ол тез арада қолдау тобына қосылды. Бұл топ апаттың кесірінен жетім қалған балаларға қамқорлық жасауға көмектесіп, оқиғадан 40 күн өткеннен кейін дәстүрлі аза тұту рәсімін ұйымдастырды.

- Бұл қол ұшын беру, бас қосу, бірігу мақсатында құрылған топ болатын. Біз тіпті қырқы күні арнайы шара, еске алу күнін, өткіздік. Биліктен еш бір адам жауап та қатқан жоқ, олар ештеңе істемеді. Бүкіл іс қарапайым адамдардың бастамасымен жасалды, - дейді ол.

Сонымен, Беслан мен «Булгария» аралығында өткен жеті жылда не өзгерді?

Привалова - тәуелсіз ересек адам, кәсіби сатушыға айналды және кішкене қызды болды. Бірақ елдің өзгергені бұдан да маңызды жайт шығар. Ұзақ уақыт бойы үстемдік құрып отырған мемлекет қарамағындағы дәстүрлі БАҚ-тың шынайы бәсекелесі пайда болды. Сөйтіп, Ресей шапшаң өсіп келе жатқан интернет нарығына айналды. Бұл нарықта қарапайым адамдар кенеттен өздеріне лайық ақпарат таңдап, сол ақпаратты өздері еш кедергісіз тарата алатынын да білді.

Приваловаға келер болсақ, «Булгария» трагедиясына арналған «ресейлік Фейсбук», яғни «В контакте» әлеуметтік желісі сайтындағы арнайы парақша оның өміріндегі ерекше оқиғаға айналды. «Булгария» вебпарақшасы құрбан болғандардың фотогалереясын, апаттың егжей-тегжейі мен көмектесу жолдарын талқылаған тынымсыз диалогтардан тұрады. Сайттың 5 мыңнан астам қолдаушысы бар, олар – Санкт-Петербург, Стамбул, Сочи және Нижневартовск сияқты әр алуан жерде тұратын жұрт.

РЕСЕЙ ИНТЕРНЕТІНҢ ЕРЕКШЕЛІГІ

Тартымсыз дәстүрлі БАҚ-пен салыстырғанда интернеттің шапшаң дамуы ресейлік ақпарат өнеркәсібін анағұрлым еркін, анағұрлым демократиялық
Ресей премьер-министрі Владимир Путинді бұрынғы совет басшысы Леонид Брежневтің бейнесіне ұқсас етіп көрсеткен суретті компьютерден қарап отырған ер адам. Мәскеу, 5 қазан 2011 ж.
Ресей премьер-министрі Владимир Путинді бұрынғы совет басшысы Леонид Брежневтің бейнесіне ұқсас етіп көрсеткен суретті компьютерден қарап отырған ер адам. Мәскеу, 5 қазан 2011 ж.
іс-әрекетке көшірді. Бұл ортада ресейліктердің ендігәрі ақпараттың селқос тұтынушысы болып қана жүре бергісі келмейді.

Ресейліктердің 85 пайызы үшін телевизия - әлі де ең танымал ақпарат көзі. Cондықтан да болар телеарналар Кремль талаптарына сай әлемнің жылтыр да ретті бейнесін сомдайды. Құлдырап бара жатқан газет саудасы болса қалыптасқан белгілі бір аудиториясына ғана хабар жеткізе алады. Бірақ РуНет атымен белгілі ресейлік интернет идеологиялық мазмұннан ада елдің алғашқы ақпараттық ортасы болмақ. Әрі бұл орта азаматтық белсенділіктің жаңа толқынына да дем беріп отырады. Ресейлік интернет қоғамды түбегейлі саяси өзгеріске ұшыратуға қауқарсыз, бірақ ол орташа ресейліктерге өздеріне ең көп ықпал ететін мәселелерді қозғауға ыңғайлы құрал болып отыр. РуНетте автокөлік тексерісінен бастап қоғам қауіпсіздігі, бюрократия мен жемқорлыққа дейін талқыланады.

Тегі орыс блоггер және РуНет сарапшысы Вадим Никитиннің айтуынша, әлеуметтік желінің, блогтардың және бейнебаяндар көрсетудің дамуы ресейліктерге бұрын-соңды болмаған мүмкіндік берді. Олар енді өздерін үлкен саяси дебаттардан аулақ ұстаса да, жай ғана «нақты өмірлік проблемалар» төңірегінде топтаса алады.

- Батыста YouTube - адамдардың мысығы туралы түсірген бейнебаянын шығаратын орын. Ал Ресейде YouTube - полиция қызметкерлерінің жемқорлығы мен жол-көлік заңбұзушылықтары жайлы бейнебаян көретін орын. Расында, YouTube азаматтық белсенділік көрініс тапқан үлкен арна
Ресейдің Екатеринбург түрмесінде тұтқындарды ұрып-соққаны туралы youtube сайтында жарияланған видео жазбадан көрініс.
Ресейдің Екатеринбург түрмесінде тұтқындарды ұрып-соққаны туралы youtube сайтында жарияланған видео жазбадан көрініс.
болып келді. Адамдардың күнделікті өміріне қатысты болған сайын мұндай интернет материалдарды талқылаушылар көбейе түседі, - дейді ол.

Осыдан бес жыл бұрын полиция жансызы ішкі жемқорлық туралы пікірлері жазылған үй таспасын халықаралық желі арқылы оқырмандарға жайып салуды елестету қиын болатын. Не болмаса қала көшелерінде ойқастаған дөкейлердің жүрісіне қарсы қоғамдық наразылыққа суырып салма рэп бейнебаяны дем береді деп кім ойлаған.

ТҰТЫНУШЫ САНЫ КӨБЕЙІП КЕЛЕДІ

Ал енді мұны басқаша елестету де қиын. "YouTube полицейі" Алексей Дымовский интернеттің әлеуметтік наразылық қозғалысын тудыратын платформа бола алатынын байқатқан алғашқы белгілердің бірі болды. Оның Новороссийскідегі полиция қызметкерлерінің жемқорлығын әшкерелейтін бейнебаянын 2009 жылы миллионнан астам адам көрген.

Ал рэпер Нойз МС LUKoil-дың басшысын Мәскеудегі көлік апатында екі әйелдің өмірін қидың деп айыптайтын әні мен бейнебаянын шығарған соң наразы көпшілік бұған жаппай үн қоса бастады. Бейнебаян көптеген
Батыста YouTube - адамдардың мысығы туралы түсірген бейнебаянын шығаратын, ал Ресейде - полиция қызметкерлерінің жемқорлығы мен жол-көлік заңбұзушылықтары жайлы бейнебаян көретін орын.

ресейліктердің қышыған жерін дөп басты. Солайша кептелген көлік қозғалысынан сытылып шығу үшін жыпылықтаған көк жарықты пайдаланатын шенеуніктерге қарсы «көк шелек» деп аталып кеткен наразылық акцияларын тұтатты.

Мұндай қарсылық көрсету зардап шектірмей қоймайды. Дымовский жұмыстан шығарылып, ақыр аяғында мәлімдемелеріне бола тұтқындалды. Нойз МС және бірнеше «көк шелекпен» наразылық білдірушілер де түрлі жазаға тап болды. Бірақ бұлайша жазалау қоғам белсенділігін оятқан интернетке деген сұранысты одан сайын күшейте түсетін сияқты.

Баяу басталса да, орыс интернеті жылдам дамып келе жатыр. 2004 жылы ресейліктердің үштен бір бөлігі ғана өмірлерінде бір мәрте интернетке кіріп көрген. Ал қазір ресейліктердің жартысына жуығы үйлерінде интернетке тұрақты түрде қосылған. Кейбір зерттеулерге қарағанда, қарапайым Ресей халқы үшін ғаламдық торға қол жеткізу деңгейі бірнеше жыл ішінде-ақ Батыс Еуропаны қуып жетеді.

Бұл тек қала халқының қол жеткізген игілігі емес, елде интернетті апта сайын қолданатындардың үштен бір бөлігіне жуығы 100 000-нан кем тұрғыны бар шағын қалашықтар мен деревняларда тұрады. Осы орайда, үкімет күтпеген жерден интернетке қосылу мүмкіндігінің шамасын 2009-2010 жылдары екі еседен де арттырып жіберді. Ірі кітапханалар мен әкімдіктер компьютер жабдықтарына ие болып, интернетке жол ашты. Ресейліктер айына бар болғаны $10-$30 төлеп, тұрақты интернет байланысын орната алады.
XS
SM
MD
LG