Келіссөз жүргізуші - жанжалдасқан тараптар арасында байланыс орнату арқылы мәселені ушықтырмай, неғұрлым бейбіт шешуді міндетіне алатын адам. Ресми ақпарат бойынша, елде мұндай мамандар жоқтың қасы.
Қаңтардың 10-ы күні centralasiaonline.com сайты Қазақстанда террористермен келіссөз жүргізуші мамандар әзірлене бастағанын хабарлады.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) антитеррорлық орталығына сілтеме жасаған сайттың жазуынша, ҰҚК академиясында жедел жәрдем қызметкерлерінің жұмысын жетілдіру бойынша арнайы курстар ұйымдастырылған. Аймақтық жедел жәрдем штабтарында ҰҚК және ішкі істер министрлігі қызметкерлерінен құралған келіссөз жүргізу топтары құрылған.
Ақпарат көзінің жазуынша, ҰҚК қызметкерлері Украинаның қауіпсіздік қызметінің ұлттық академиясы мен Беларусьтің мемлекеттік қауіпсіздік комитетіне оқуға жіберілген. Бұдан бөлек, арнайы қызмет өкілдері Ұлыбритания мен Түркияның полицейлік академияларында келіссөз жүргізу тәсілдерін меңгеріп, француз және немістердің арнайы қызмет өкілдері өткізген тренингтерге қатысқан.
Бұл мәселеге қатысты Азаттық тілшісі қаңтардың 11-і күні ұлттық қауіпсіздік комитетіне сауал жібергенімен әзірге, жауап келмеді.
Ал ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінің бастығы Нұрділдә Ораз Азаттық тілшісіне «бұл мәселелермен ҰҚК айналысатынын» айтты.
"АДАМДАРДЫҢ ЖҮРЕГІНЕ ЖОЛ ТАБУ" КӘСІБІ
Сарапшылар келіссөзді күштік құрылымдардың емес, арнайы дайындықтан өткен мамандардың жүргізгені дұрыс деп есептейді.
ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Нартай Дүтбаев Азаттық тілшісімен әңгімеде террористермен келіссөз жүргізетін маманның ең бірінші кезекте психолог болуы керек екенін айтады.
- Олар жағдайдың бүге-шегесіне дейін білетін, осы саладағы мықты дайындалған мамандар болуы керек. Айталық, діни экстремизм болса, сол тақырыпты жақсы меңгерген болуы тиіс. Психологиялық тұрғыда жақсы дайындалып, келіссөз жүргізіп отырған адамдарға арнайы психологиялық ықпал ету тәсілдерін қолдана білуі керек. Мәселені ушықтырмай, ол адамдардың жүрегіне жол таба алуы тиіс, - дейді Нартай Дүтбаев.
Оның айтуынша, келіссөз жүргізу ісі ұлттық қауіпсіздік комитеті үшін «жаңа дүние» емес. Дүтбаевтың сөзіне қарағанда, қазақстандық мамандар шетелдегі арнайы курстарға жіберіліп отырған.
- Жасыратыны жоқ, бұдан бөлек ҰҚК академиясында «оперативтік психология» атты ғылым болған. Оқытудың мұндай түрі әрқашанда болған. Совет кезін алсаңыз да, ол кезде де қылмыскерлермен келіссөз жүргізуді үйрететін. Мұнда басты нәрсе - қылмыстың алдын-алу, - дейді Нартай Дүтбаев.
Нартай Дүтбаевтың айтуынша, ҰҚК-нің ішкі істер министрлігінен айырмашылығы - алғашқысы жасырын, көрінбей жатқан қылмыстармен күреседі. Бұл тұрғыдан алғанда келіссөз жүргізу ұлттық қауіпсіздік комитетінің тікелей міндетіне кіреді.
"КЕЛІССӨЗ ЖҮРГІЗУШІ ТЕК ТЕРРОРИЗММЕН КҮРЕСТЕ ҒАНА ҚАЖЕТ ЕМЕС..."
Антитеррорлық орталықтың бұрынғы басшысы Ерлан Қариннің айтуынша, Қазақстанда әлі қалыптаса қоймаған келіссөз жүргізу институтын дамытып жетілдіру керек.
Оның ойынша, келіссөз жүргізу ісі тек діни экстремизм мен терроризммен күресте ғана емес, әлеуметпен байланысты кез-келген сала үшін де маңызды.
- Әртүрлі криминалды жағдайлар (адамдарды кепілге алу, өзіне-өзі қол жұмсауға талпыну, т.б.) туындап жатады. Астанада да, Алматыда да наразы адамдардың биікке шығып алған кездері болды. Қарсылықтың белгісі ретінде өзіне бензин құйып, өртемек болған сәттер де кездесті. Сондықтан тек ҰҚК, ішкі істер министрлігінде ғана емес, келіссөз жүргізу институты тұтастай қалыптасуы керек деп ойлаймын. Адамдармен мүмкіндігінше тиімді жұмыс жасау үшін. Барлық процестердің сипаты өзгеріп келеді, әртүрлі сауалдар туындап жатыр. Оған дайындықпен бару керек, - дейді Ерлан Қарин.
Оның ойынша, келіссөз жүргізушілерге сол саланың жай ғана маманы емес, психология, әлеуметтану, дінтану, заң салаларын меңгерген мамандар тартылуы тиіс. Қарин оларды дайындау және үнемі қайта даярлықтан өткізіп отыру да мехнаты көп бөлек мәселе екенін айтады.
ДҮТБАЕВТЫҢ ТӘЖІРИБЕСІ
«Қазақстанда келіссөз жүргізудің сәтті мысалы бар ма?» деген сұраққа ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Нартай Дүтбаев өз тәжірибесінен мынадай мысал келтіреді.
Оның айтуынша, 1999 жылы Астана маңында орналасқан 1-тергеу изоляторында өлім жазасына кесілген тұтқындар (ол кезде Қазақстан өлім жазасына тыйым салмаған) изолятор қызметкерін кепілге алып, көлік пен ақша бермесе, өлтіретіндерін айтып қоқан-лоқы жасаған. Ол кезде комитет төрағасының орынбасары қызметінде болған Дүтбаев шұғыл шешім қабылдау керек болғанын айтады.
- ...Штурм жасауға қосымша күш тарту үшін уақыт созып, келіссөз жүргізу керек болды. Біздің негізгі мақсатымыз - кепілге алынған изолятор қызметкерінің өмірін сақтап қалу болды. Сол топқа араласқысы келмеген тұтқындардың бірімен байланыс орнаттық. Ол кезде камера ішінде не болып жатқанын хат арқылы біліп тұруға мүмкіндік болды. Әрине, ішке техникалық құралдармен кірдік. Онда не болып жатқанын көрдік. Бізде кереметтей дайындығымыз болмаса да, олармен келіссөз жүргізе бастадық. Оларға бір рация бердік. Бізде де рация болды. Келіссөзді прокурор жүргізді. Келіссөз таңғы беске дейін жалғасты, - дейді Нартай Дүтбаев.
Оның айтуынша, қосымша күш келгеннен кейін изоляторға шабуыл жасалған. "Ал кепілге алынған изолятор қызметкері мүгедек болып қалса да, өмірін сақтап қала алдық" дейді ол.
ЖЕЛТОҚСАН-ШАҢЫРАҚ-ЖАҢАӨЗЕН
Ал Қазақ ССР мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің (КГБ) бұрынғы төрағасы Зақаш Камалиденов 1986 жылы Желтоқсан оқиғасы кезінде алаңға шыққан жастар арасында келіссөз жүргізгенін айтады.
- Өмірлік тәжірибелерімізді пайдаландық. "Жігіттер, сіздер қазір сөйлеп жатырсыздар, бұл дұрыс емес. Ол пленум біздің жарғыға сай өтті. Заң бұзушылықтар болған жоқ. Колбинді заңды түрде таңдады. Егер ол міндетін дұрыс атқара алмаса, пленум қайтадан жиналып, оны орнынан алып тастайды. Әзірге оған тиісуге құқымыз жоқ» деген сияқты сөздер айттық. Сосын "Неге осында жаурап тұрсыздар? Институтқа барып, сол жақта ашық сөйлесейік" дедім. 10-15 адамды жинап, осылай тарқаттым. Бұл желтоқсанның 17-сі күні болатын, - дейді Зақаш Камалиденов.
Кейбір азаматтар "2006 жылы болған Шаңырақ, 2011 жылы болған Жаңаөзен оқиғаларында ашынған халықпен келіссөз жүргізілсе, мәселе соншалықты ушығып, қан төгілмес еді" дейді.