Accessibility links

Термин дауы министрлік алдындағы пикетке ұласты


Білім және ғылым министрлігі ғимараты алдында пикет өткізіп тұрған Сания Зверева. Астана, 28 тамыз 2014 жыл.
Білім және ғылым министрлігі ғимараты алдында пикет өткізіп тұрған Сания Зверева. Астана, 28 тамыз 2014 жыл.

Психотерапиямен айналысуға тыйым салған шенеуніктер мен қарағандылық гештальтпсихологтың ұзаққа созылған дауы нарызылық акциясына ұласты. Теміртаулық психолог мамандардың психотерапиямен айналысуына рұқсат беруді талап етеді.

Психотерапиямен айналысуға тыйым салған шенеуніктер мен қарағандылық гештальтпсихологтың ұзаққа созылған дауы нарызылық акциясына ұласты. Теміртаулық психолог мамандардың психотерапиямен айналысуына рұқсат беруді талап етеді.

Теміртаулық 41 жастағы Сания Зверева бір аптадан бері Астанадағы білім және ғылым министрлігі алдында пикет өткізіп жүр. Ол «аштық та жарияладым, қазір су ғана ішемін» дейді. Сания бірде вокзалда, бірде таныстарының үйінде түнейді. Әйел «өзімнің сектант және психиатр пациенті емес екенімді, психологтың клиенті екенімді дәлелдеуден шаршадым» дейді.

Психолог Сания Звереваның айтуынша, ол мамандығы бойынша жұмыс істемеген және қазір қарағандылық гештальтпсихолог маман Надежда Шерьязданованың клиенті. Жергілікті билік «лицензиясы әрі кәсіби дайындығы жоқ Шерьязданова бизнеспен заңсыз айналысқан» деп санайды.Бұл даудың басталғанына екі жылдан асты.

Сания Зверева шенеуніктерге бірнеше талап қойып отыр. Олар: қыркүйектің 25-і күні денсаулық сақтау және білім министрліктерінің жұмыс топтарының кездесуін өткізу және психолог пен психиатр мамандардың ара-жігін ажыратып беру.

Білім және ғылым министрлігі ғимараты алдында пикет өткізіп тұрған Сания Зверева. Астана, 28 тамыз 2014 жыл.
Білім және ғылым министрлігі ғимараты алдында пикет өткізіп тұрған Сания Зверева. Астана, 28 тамыз 2014 жыл.

- Бала-шағаммен бірге тұрмағаныма екі жыл болды. Соттарға сектант емес екенімді дәлелдеймін деп жүріп денсаулығымнан айырылдым. Психолог маманнан психотерапия бойынша тиісті кеңес ала алмай, мамандығым бойынша білімімді жетілдіре алмай жүрмін. Сотта қорғануға уақытым мен ақшамды жұмсауға мәжбүр болдым әрі психолог мамандығы бойынша алған білімім үшін жазаланып, жұмыс істеу мүмкіндігінен айырылдым, - дейді Сания Зверева.

ПСИХОЛОГ ПА, ПСИХИАТР МА?

Гештальтпсихолог, «Даму психотерапиясы институты» ЖШС директоры Надежда Шерьязданова бұл проблема мемлекеттік ведомстволардың лицензиялау туралы заңды дұрыс түсінбеуінен әрі өзара келіспеушілігінен туған деп есептейді. Екі министрлік психологтар мен психиатрлар айналысатын психотерапияның айырмашылығын әртүрлі түсінеді.

Психолог Надежда Шерьязданова Азаттық тілшісіне «Мен психотерапиямен психолог ретінде мемлекеттік ведомство ресми бекіткен заңды негізде айналысамын. Бірақ білім министрлігінің жауабын елегісі келмейтін денсаулық сақтау министрлігі мұны мойындамай отыр. Денсаулық сақтау министрлігі лицензиялау туралы заң мен өзінің №16 ішкі нұсқаулығын психолог мамандарға қатысты заңсыз қолданғысы келеді. Сондықтан заң өзінің тікелей функциясы – лицензиялаудың орнына, заңға мүлде қатысы жоқ тыйым салумен айналыса бастады. Оның үстіне, психолог мамандарға әлдебір тыйым салу ісі бұл ведомствоның құзырында емес» дейді.

Гештальтпсихолог Надежда Шерьязданова (ортада) Қазақстандағы психологтардың жағдайы туралы баспасөз мәжілісін өткізіп отыр. Алматы, 9 шілде 2013 жыл.
Гештальтпсихолог Надежда Шерьязданова (ортада) Қазақстандағы психологтардың жағдайы туралы баспасөз мәжілісін өткізіп отыр. Алматы, 9 шілде 2013 жыл.

Шерьязданованың айтуынша, бұл - бүкіл психологтарға ортақ проблема. Сондықтан ол психолог пен психиатр мамандардың ара-жігін ашып алу үшін шенеуніктерге келіссөз өткізуді ұсынған.

ЕКІ МИНИСТРЛІКТІҢ ЖАУАБЫ ЕКІ ТҮРЛІ

Денсаулық сақтау министрлігі мен білім министрлігінің Шерьязданова мен Звереваның сауалына жолдаған жауаптарында қайшылық бар. Бұл құжаттар журналистердің қолына түскен.

Білім және ғылым министрлігінің хабарлауынша, «Психология» мамандығын алған психолог психодиагностика, психогигиена, психопрофилактика және психокоррекция қызметімен айналысып, психологиялық кеңес бере алады. Ал денсаулық сақтау министрлігінің пікірі бұдан өзгеше. Оның деректері бойынша, денсаулық сақтау саласы өкілетті органының құзырына кіретін психотерапия - медициналық сала әрі оның қызметі тиісті нормативті-заң актілерімен қатаң реттеледі.

Денсаулық сақтау министрлігі «қызметтің бұл түрі лицензиялануы тиіс, ал жеке тұлғаның тиісті сертификатсыз клиникалық практикамен айналысуына заң жүзінде тыйым салынған» деген уәж айтады.

Шерьязданова мен Звереваның сауалдарына білім және ғылым министрлігі «Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі сіздер көтерген мәселе бойынша ресейлік сарапшылардың қатысуымен қыркүйектің 25-і күні қайта мәжіліс өткізуді ұсынып, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне хат жолдады» деп жазған.

Гештальтпсихология

Гештальтпсихология

Гештальтпсихология - Германияда 20-ғасырдың басында пайда болған Батыс психологиясының бір тармағы. Ол бойынша, адам психикасы тұтас құрылымдардан (гештальт) тұрады, ойлар осы құрылымдардан туады.

Қарағандылық гештальтпсихолог Надежда Шерьязданованың қызметіне биліктің наразы екені 2012 жылы оның кейбір клиенттерінің туыстарынан шағым түскен кезден білінді. Олар туыстарының бес-алты жыл бойы осы психологтың қымбат тұратын жеке консультациясы мен тренингтеріне баратынын және өздерінің бұған қатты алаңдайтынын жазған. Енді дауласушы тараптардың таласын осы отырыс түпкілікті шешуі тиіс.

Бұдан кейін жеке гештальтпсихолог маманның қызметін тексеруге мемлекеттік ведомстволар араласып, оның бизнесі тоқырап қалған еді. Надежда Шерьязданова мен оның клиенттерінің атына қарсыластары жайсыз пікірлер айтқан. Содан бері басылмаған жанжал енді республикалық деңгейге шықты.

Ал Сания Зверева Астанадағы наразылық акциясын әлі жалғастырып жатыр. Оның айтуынша, пикетке қатысты ресми реакция болмаған. Оған дауды ушықтырмай, денсаулық сақтау министрлігі мен білім және ғылым министрлігінің ресми ұйғарымын күтуге кеңес берілген.

XS
SM
MD
LG