Моңғолияда мемлекеттік қызмет атқарған Сағат Заханқызы бұл күнде Алматының батысындағы Жаңатұрмыс ауылында тұрады. Отбасында бір ұл, бір қызы бар.
Өзінің айтуынша, ол 1992 жылы қыркүйекте Алматыда өткен әлем қазақтарының тұңғыш құрылтайына да қатысқан.
– 1991 жылғы Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы алғаш рет өткен тұста бұдан кейін күллі қазақтың басын бір шаңырақтың астына жинайтын осы құрылтай болады деп сенген едік. Өкініштісі, олай болмады, - деп әңгімесін бастады Сағат Заханқызы.
Ол кейінгі үш құрылтайға өзінің шақырылмағанын, ал биылғы құрылтайдың болатынын жақында телеарнадан берілген жарнамадан
Қазір «көшті бастап келдім» дегендер көбейіп кетті. Солар өтірігі шығып қалмас үшін бізді қауымдастықтың, құрылтайдың маңына жолатқысы да келмейді.
білгенін айтады.
– Қазір «көшті бастап келдім» дегендер көбейіп кетті. Солар өтірігі шығып қалмас үшін бізді қауымдастықтың, құрылтайдың маңына жолатқысы да келмейді. Бір-екі мәрте қауымдастыққа барып көріп едім, мені керек қылатын адам болмады. Содан кейін жоламайтын да болдым, – дейді Сағат Заханқызы.
«ЖҰМЫССЫЗДАР ӨЗІМІЗДЕ ДЕ ЖЕТЕДІ, ҚАЙТЫҢДАР!»
Сағат Заханқызы 1990 жылы Моңғолия қазақтарын Қазақстанға көшіру ісінің басы-қасында болғанын баяндап берді. Оның сөзінше Моңғолиядан қазақтардың атамекенге қоныс аударуына негізгі себептердің бірі - жұмыссыздық проблемасы болған.
- Өзінің экономикалық қуатын Совет одағынан алып тұрған Моңғолия өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдары қалт-құлт етіп, өлместің күнін кешудің аз алдында тұрған еді, - деп еске алады сол тұста Моңғолияның баға жөніндегі мемлекеттік комитетінде қызмет атқарған Сағат Заханқызы.
Сыртқы сауда айналымының 80 пайызын Совет одағына шығарып отырған Монғолия үкіметі өнімдерінің орнына айырбас ретінде өндіріске керекті тауарларды, құрал-жабдықтар мен қосалқы бөлшектер, жанар-жағармайды да одақтан алып отырған.
Тіпті сыртқы сауда бағасының деңгейіне дейін Мәскеу белгілеп келген. Оның айтуынша, шаңырағы шайқала бастаған кезде Мәскеу «өз күніңді өзің көр» деп сырт берген соң Монғолияда әп-сәтте құрылыстар тоқырап, фабрика-зауыттарда жаппай қысқарту басталыпты.
– Құрылыста істейтіндер негізінен қазақтар еді. Солардың келешегі алаңдатқан мен 1990 жылы наурыз айында Алматыға келіп, Қазақстанның еңбек министрі Саят Бейсеновке, Министрлер кеңесі төрағасының орынбасары Қаратай Тұрысовқа жолығып, мәселенің мән-жайын айтып едім, «жұмыссыздардың келеміз дегені не сөз?! Өзімізде де жұмыссыздар жетеді. Және бұл мәселені Мәскеу шешеді, кері қайтыңдар! Өзіміз тәуелсіздігімізді жариялағаннан кейін бір-ақ аламыз» деген жауап естідім, - дейді Сағат Заханқызы.
АЛТЫ АЙДА АТАЖҰРТҚА 45 МЫҢ АДАМ КЕЛДІ
"Монғолия қазақтары мен Қазақстан арасындағы тұңғыш еңбек келісім-шарты 1990 жылғы желтоқсанның 27-і күні сол кезде Талдықорған облысына қарасты Сарыөзекте жасалынды" деп еске алады Сағат Заханқызы.
- Кербұлақ аудандық атқару комитеті төрағасының орынбасары Колупаев пен ауыл шаруашылық бірлестігінің төрағасы Нұрбай Жантілеуов қол
1991 жылдың алты айында Монғолиядан Қазақстанға 45 мың адам көшіп келген болатын. Ал соңғы он жыл көлемінде көшіп келгендердің саны 30 мыңға толмайды
қойған шартта мал шаруашылығы мен құрылысқа барлығы 200 отбасыны Монғолиядан алып келу келісілген. Сөйтіп, 1991 жылғы наурыздың 17-сі қазақ көшінің алғашқы легі – 96 адам Сарыөзекке ат басын тіреді, - дейді Сағат Заханқызы.
- 1991 жылдың алты айында Монғолиядан Қазақстанға 45 мың адам көшіп келген болатын. Ал соңғы он жыл көлемінде көшіп келгендердің саны 30 мыңға толмайды, - дейді Сағат Заханқызы.
Ол көштің саябырсып қалуына басты себептердің бірі – нақты келісім-шарттың жоқтығынан деп санайды.
– Мәселен, еңбек келісім-шартының бірінші тармағы ретінде көшіп келгендерді жұмысқа толығымен орналастыру, баспанамен қамтамасыз ету, жергілікті жерден бір сиыр, он қой, 1000 сом беру қарастырылған болатын. Кейін уақыт өте келе еңбек министрі Саят Бейсенов «қазынаның малын шашуға болмайды» деген желеумен мал беруді тоқтатып тастады, - дейді сұхбаттасымыз.
МАЙТАБАН КӨШ
– Қазақ тарихында әйгілі «Ақтабан шұбырынды» көші болғаны белгілі. Ал Монғолия қазақтарының көші майтабан көш болды, - дейді Сағат Заханқызы.
Ол 1990 жылы атажұртқа ауа көшкен қазақтардың алғашқы легін Кербұлаққа орналастырғаннан кейін Монғолия үкіметінің басшысы Дашийн Бямбасүрэннің қабылдауында болып, еңбек келісім-шартын жасасқандардың отбасын бірге ала кетуіне, егер рұқсат етсе олардың әлеуметтік қорғау мәселесін шешу, жеке меншік мал-мүлкін, киіз үйін алып жүруге рұқсат беру, еңбек шартының мерзімі біткеннен кейін қалғысы келетіндерге сонда қалуға рұқсат ету, адамдар Қазақстанның әрбір аймағына тарап орналасатындықтан Алматы қаласында оларды бір орталықтан басқаратын еңбек министрлігінің тұрақты өкілдігін ашу секілді шарттарды ұсынғанын айтады.
Бұл шарттармен Монғолия үкіметі келіскен екен. Тек Қазақстан тарапынан кейбір пысықайлардың әрекеті көшкен елдің малдарын әкелуге кедергі болды дейді Сағат Заханқызы. Оның айтуынша, әу баста Монғолия қазақтарының атажұртқа қоныс аударуына қарсы болған сол кездегі еңбек министрі кейін президенттің сырттағы қазақтарды Қазақстанға шақырған үндеуі баспасөзде жарияланғаннан кейін өзгеріп сала берген.
– «Елім-ай» атты жеке серіктестік құрылып, оның директорлығына министрдің орынбасарын тағайындалды. Сол серіктестік 1993 жылы Монғолия қазақтарының біраз малын Шығыс Қазақстан облысы арқылы асырған еді. Келісім-шарт бойынша атажұртқа оралған ағайындар мұнда келген соң баспа-бас малын алуға тиіс болатын. Алайда іс басқаша өрбіді. Тіпті, менің бір танысым өткізген жиырма бас ірі жылқысының орнына он жылдан кейін он тай алды, - деп еске алады Сағат Заханқызы.