Тәжікстаннан келген Фарух Нозимов Қазақстанда 1992 жылдан бері тұрады. Алматыдан үй сатып алып, әке-шешесін көшіріп әкелген. Кәсіпкер жігіт Алматының ең үлкен көтерме базарынан жеміс-көкөніс сатып алып, айына 20 мың теңгеге жалға алған сауда нүктесінде сатады.
Ол жемістің әр килограмына 100-150 теңге үстеме баға қосатынын айтады. Мысалы, 400 теңгеге алған анарды 500 теңгеден; бананды 40 теңгеден алып, 50-60 теңгеге сатады. Жүзімді 470 теңгеден алып, 550 теңгеден; алманы 230 теңгеден алып, 300 теңгеге сатады. Күндік табысы - сегіз мың теңгеге жуық (50 доллардан сәл көбірек).
Қазақстанда Фарух сияқты жүздеген мың мигрант бар. Көбі қара базарда еңбегін сатып күн көретін еңбек мигранттары салық төлемейді. Соңғы екі жылда Қазақстанда екі миллионнан аса шетел азаматы тіркелген. Олардың бір миллионға жуығы - Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан азаматтары. Алматыда 300 мыңға жуық, Астанада 150 мыңдай, Шымкентте 80 мың, Атырауда 70 мың мигрант тұрады. Қазақстанның басқа қалалары бойынша статистика жоқ.
Фарух Нозимов еңбек мигранттарына салық салу туралы жаңа заң қабылданса, ақшасы, тамыр-танысы бар мигранттар салықтан жалтарады дейді.
ЗАҢ ЖОБАСЫ СЕНАТҚА ТҮСТІ
Парламент еңбек миграциясы мәселелері жөніндегі заңдарға енгізілетін «Жеке тұлғаларда жұмыс істейтін мигранттар» деген жаңа категория туралы түзетулерді қарап жатыр. Яғни, олар - бала күтушілер, үй жөндейтіндер, құрылысшылар, шаруашылық жұмысшылары.
«Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне еңбек миграциясы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қазір парламенттің жоғарғы палатасы - сенаттың қарауында жатыр. Заң жобасын төменгі палатада талқылау процедурасы аяқталды.
Заң жобасы бойынша, патент алып, жеке тұлғамен еңбек шартына отырған мигрант ай сайын екі айлық есептік көрсеткіш көлемінде (3 мың 462 теңге немесе 23 долларға жуық) мемлекеттік баж салығын төлейді. Еңбек шартының мерзімі бір жылдан аспауы тиіс.
Қазақстанда білікті жұмыс күшін шетелден тартуға заңды тұлғаларға ғана рұқсат берілген. Қазір қаралып жатқан заң жобасына шетелдік жұмысшыларды тартуға жеке тұлғаларға да рұқсат беру жөнінде түзетулер енгізілген.
Қысқаша айтқанда, бұл заң жобасы жеке тұлғалар жалдайтын еңбек мигранттарын заңдастыруға арналған. Қазір олар салық төлемейді. Жергілікті баспасөздің хабарлауынша, заң күшіне енген кезде мемлекет бюджетіне әр еңбек мигрантынан жылына 40 мың теңгедей салық түседі.
– Бұл ережелер Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Түркіменстан сияқты жақын шет елдерден келген еңбек мигранттарына ғана арналған. Заң жобасы қашан қабылданатыны әзірше белгісіз, - дейді Алматы ІІД көші-қон полициясы басқармасы бастығының орынбасары Ержан Алтаев Азаттық тілшісіне.
Аталған елдердің азаматтары Қазақстанның ішкі істер органдарында тіркеуден өткен кезде келу мақсатын «жұмыс істеу үшін» деп көрсетуі тиіс. Қазақстанның белгілі бір облысында тіркеуге тұрған мигрант бүкіл елді аралап, қалаған жерде жұмыс істей алмайды.
ҚОҒАМ НАЗАРЫНАН ТЫС ҚАЛҒАН ЖАЙТТАР
«Қазақстан дағдарыс орталықтары одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің басқарма төрайымы Зүлфия Байзақованың айтуынша, мемлекет заң қабылдап, мигранттардан белгілі бір ережелерді орындауды талап етпес бұрын оларды баспанамен, медициналық қызметпен қамтамасыз ету, балаларына білім беру сияқты әлеуметтік жағдай жасауы тиіс.
- Қазақстан мигранттардың арқасында дамып отырғанын түсінгеніміз жөн. Ауыр жұмысты мигранттар істейді. Заң мигранттардың мүддесіне қайшы болмауы тиіс. Үкіметтің шығарған қаулылары бір жылға ғана жарамды. Медициналық тексеруден жылына бір-ақ рет өтетін мигранттардың арасында туберкулезбен ауыратындар көп. Көбі антисанитарлық жағдайда тұрады, - дейді Зүлфия Байзақова.
Халықаралық көші-қон ұйымының сарапшысы Сергей Брестовицкийдің айтуынша, заң жобасын құрастырушылар кейбір жайттарға назар аударуы қажет. Мысалы, статистикалық есепті ұйымдастыру, мигранттардың жаңа заңдардан хабардар болуы, мигранттардың нақты қандай жұмыс істеп жүргенін бақылау.

Мемлекет заң қабылдап, мигранттарға талап қоймас бұрын оларға әлеуметтік жағдай жасауы тиіс.