Accessibility links

Аймақтық газеттер Жаңаөзендегі «басбұзарлықты» айыптады


Жартылай жанып кеткен президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бейнесі басылған банер. Жаңаөзен, 19 желтоқсан 2011 ж.
Жартылай жанып кеткен президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бейнесі басылған банер. Жаңаөзен, 19 желтоқсан 2011 ж.

«Тiптi, арқадан ұрып, малыңды тартып алып жатса да басшының айтқанынан шықпау керек» дейді облыс имамының орынбасары. «Тәуелсiз елiмiз бар, оны жер-жаһанға танытқан Елбасымыз бар, бақытты, сән-салтанатты өмiр сүрiп жатқан халқымыз бар, ойпыр-ау, бiзге соншалықты не жетiспейдi?» деп жазады еңбек ардагерлерінің бірі.


Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқын «біздің еліміз үшін жат әрекетті айыптауға» шақырған үндеуінен кейін республикалық ақпарат құралдары «басбұзарлар мен бұзақыларды тауып жазалауды талап еткен» жұртшылықтың хатын бірінен кейін бірін жариялай бастады.

Азаттық радиосы бұл жолы облыстық ресми газеттердің Жаңаөзен оқиғасы туралы қандай ақпарат таратқанына шолу жасап көрген еді. Шолу негізінен ресми сайттарындағы
Облыстық ресми баспасөздің түгел дерлігі «жағдайдың тұрақталып келе жатқанын», «Жаңаөзендегі жаппай тәртіпсіздік пен бұзақылықты» айыптай жазған.
материалдары бойынша жасалды. Өйткені облыстық ресми газеттер Алматыға біршама кешігіп келетіні белгілі. Алматыдағы Ұлттық кітапхана қызметкерлері облыстық газеттердің кейде 4-5 нөмірі бір-ақ келетінін айтады.

Кейбір облыстық газеттердің сайттары шілде, тамыз айларынан бері жаңартылмаған болса, кейбірі тіпті ашылмайды да. Жаңаөзен оқиғасы бойынша шолу барысында байқалғаны - облыстық ресми баспасөздің түгел дерлігі «жағдайдың тұрақталып келе жатқанын», «Жаңаөзендегі жаппай тәртіпсіздік пен бұзақылықты» айыптай жазған екен.

Әдеттегідей бұл жолы да пікір, мақала, хат авторлары әртүрлі мамандық пен кәсіп иелері болып шықты.

«БҮЛІКШІЛІКТІ АЛЛАНЫҢ ӨЗІ АЙЫПТАЙДЫ»

«Оңтүстік Қазақстан» газеті оқиға орнына жеткен полиция жасағына қарай тас боратылған және атыс қаруынан оқ атылғаны туралы хабарлаған. «Жас жiгiттердiң қолында арматура мен ұшына пышақ байланған ағаштар болған. Бейбiт тұрғындардың өмiрi мен денсаулығын қорғау үшiн полиция табельдi қару қолданған» деп жазады «Оңтүстік Қазақстан» облыстық газеті.

- «Ойпыр-ау, бiзге соншалықты не жетiспейдi? Тәуелсiз елiмiз бар, оны
Полицияның қарулы жасағы Жаңаөзеңдегі орталық алаңмен кетіп барады. 19 желтоқсан 2011 ж.
Полицияның қарулы жасағы Жаңаөзеңдегі орталық алаңмен кетіп барады. 19 желтоқсан 2011 ж.
жер-жаһанға танытқан Елбасымыз бар, бақытты, сән-салтанатты өмiр сүрiп жатқан халқымыз бар, небәрi жиырма жылда ғасырдың тiрлiгiн атқарған Қазақстанымыз бар» деп зығырданым қайнады, - дейді пікір жазған авторлардың бірі.

Пікірлер топтамасының ішінде Оңтүстік Қазақстан облысы имамының орынбасары Бегайдар Қымбатовтің ойлары оқшау көрінді.

«Исламда әмiрге бағынбау үлкен күнә саналады. Қайсыбiр мұсылман басшыға мойынсынбаған, тiптi бойұсынуды мiндет деп бiлмеген халде өмiрден өтiп кететiн болса, мұсылман емес күйде өлгенмен бiрдей болады.

...Ел тiзгiнiн қолына ұстаған адамға бағыну Алладан, Пайғамбардан (с.ғ.с) кейiнгi парыз болмақ. Тiптi, арқамыздан ұрып, малымызды тартып алып жатса да басшының айтқанынан шықпауымыз керек», - дейді имам орынбасары.

«ҚОЛТЫҒЫНА СУ БҮРІККЕН КІМ?»

Қызылорда облыстық әкімдігінің үні «Сыр бойы» газеті де «жүгенсіздікке сыртқы күштер әсер етті», «бірлігімізді қастерлейік» дейтін бірқатар ел «зиялыларының» пікірін білдірді.

Қарағанды облыстық «Орталық Қазақстан» газеті «Жаңаөзендегі қақтығыс – біздің бейбітшіл, ымырашыл еліміздің ертеңіне көлеңке түсіретін оқиға»,
Полиция қызметкері көшеде ер адамды тоқтатып, құжаттарын тексеріп, тұла бойын тінтіп жатыр. Жаңаөзен, 19 желтоқсан 2011 ж.
Полиция қызметкері көшеде ер адамды тоқтатып, құжаттарын тексеріп, тұла бойын тінтіп жатыр. Жаңаөзен, 19 желтоқсан 2011 ж.
«Жаңаөзенде болған оқиғаны бұзақылыққа, жоқ, қылмыскерлікке ауысқан жағдай деп айтуға болады. Бұл – қоғамдық тәртіпке қарсы ереуіл» дейтіп пікірлер топтамасын ұсынды.

«Атырау» газеті де «редакцияларына хабарласып, ой-пікірлерін білдірген» адамдың сөзін жерге тастамай жариялады. «Тасадан тас лақтырғанмен тең», «тыныштықты іштен шыққан шұбар жыландай бір топ бұзақының бұзғаны қалай? Кім олардың қолтығына су бүріккен?», «тентектер тезге салынуы тиіс» дейтін пікірлерді тобымен жариялады.

Соның ішінде мәдениет саласының ардагері: «...бұл – қазақтың егемен ел болып, 20 жылда жетістіктерге жетіп, бейбіт, мамыражай күн кешіп жатқанын көре алмай, қызғаныш білдіргендердің, бүліншілік тудыруды ойлағандардың ісі екеніне сөз жоқ» деп жазыпты.

«ЖАТ ӘРЕКЕТ... ҰЯТ БОЛДЫ... »

«Орал өңірі» газеті «Жастардың қатігездік көрсетуін орынсыз деп танимыз» дейтін Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің оқытушылары мен студенттерінің хаты жариялады.

«Солтүстік Қазақстан» газеті «100-ден астам ұлт пен ұлыс ауызбірлікте тұрып жатқан Қызылжар өңірінің жұртшылығы да Жаңаөзендегі заңмен де, адамгершілік қылықпен де еш сыйыспайтын оғаш оқиғаларды қатты айыптайтынын» жеткізді.

«Дәл 16 желтоқсанда бұл оқиғаның орын алуы өте ұят болды. Тәуелсіз Қазақстанның мерекесінің шырқын бұзды. Бұл біздің еліміз үшін жат әрекет! Бұл тәртіпсіздікке қатысқан жастар тәуелсіз Қазақстанның әлем алдындағы беделіне үлкен нұқсан келтірді» дейді «Солтүстік Қазақстан» газеті.

«Жаңаөзенде жағдай тұрақты» деген «Ақтөбе» газеті «Нұр Отан» партиясы облыстық бөлімшесі саяси кеңесінің үндеуін жариялады. «Жаңаөзендегі қайғылы
Жұмысшы киімін киген адам «Нұр Отан» партиясының плакатын отқа тастап жатыр. Жаңаөзен, 16 желтоқсан, 2011 жыл. (К-плюс телеарнасы бейнехабарынан алынған скриншот).
Жұмысшы киімін киген адам «Нұр Отан» партиясының плакатын отқа тастап жатыр. Жаңаөзен, 16 желтоқсан, 2011 жыл. (К-плюс телеарнасы бейнехабарынан алынған скриншот).
жағдай бүкіл қазақстандықтардың жүрегіне ауыртпалық әкелді. Басбұзарлар тобы еліміздің Тәуелсіздігінің 20 жылдығын мерекелеуге дақ түсіргісі келді. Бұл — Қазақстанның барлық азаматтарына дөрекі қыр көрсету болды.

Жаңаөзен тұрғындары ел тыныштығы мен бейбіт тіршілігін бұзғысы келген басбұзарлардың қолжаулығына айналғанын да білеміз. Бұл алаңдатарлық ахуал ел азаматтарын Ұлт көшбасшысы, «Нұр Отан» ХДП төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың төңірегіне бұрынғыдан да гөрі біріктіре түсті, - дейді «НұрОтан» партиясының Ақтөбе бөлімшесі

«Ақтөбе» газеті сонымен қатар «Жаңаөзен қаласындағы оқиғаға қарсы наразылық білдіріп, митинг өткізген металлургтердің де «арандатуға ермеуге» шақырған пікірлерін берді.

Ақмола облыстық «Арқа ажары», Павлодар облыстық «Сарыарқа самалы» газеттері де Жаңаөзендегі «бүлікті» айыптап, жұртшылықты сабыр сақтауға үндеді.

Жаңаөзен оқиғасына орай желтоқсанның 17-сі күні Астанада өткен қауіпсіздік кеңесінің отырысында Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқын «біздің еліміз үшін жат әрекетті айыптауға» шақырған болатын.

Осыған дейін Азаттық радиосы «Хабар» агенттігінің Жаңаөзен оқиғасына қатысушыларды «құтырған итке» теңегені туралы жазған еді.
XS
SM
MD
LG