Жеңісбек Теміров «2011 жылы 16 желтоқсандағы оқиға кезінде Базарбай Кенжебаевты УҚИ-ге заңсыз қаматты, оны дер кезінде ауруханаға жібермей, Кенжебаев содан көз жұмды» деген айыппен биыл 25 қаңтарда жауапқа тартылған.
Жеңісбек Теміровке байланысты өткен сотқа Ақтау қалалық сотының төрағасы Галина Айжарықова төрағалық етті. Айыптаушы прокурор – Маңғыстау облыстық прокуратурасының басқармасы бастығы Әмірғали Жанаев. Сонымен қатар сотталушы Жеңіс Теміровтің адвокатына қоса әкесі Есжан Теміров те қоғамдық қорғаушы ретінде қатысты.
Сот шешімі бойынша журналистерге тек алғашқы 20 минутта ғана фотоаппарат пайдалануға және аудио, видеоға түсіруге рұқсат берілді.
Сотқа қатысушылардың басым көпшілігінің келісімінен кейін сот әуелгі кезекте жәбірленушілерден, одан кейін куәлардан, ең соңынан сотталушыдан жауап алу ретін бекітті. Осыған орай бірінші кезекте жәбірленушілер сұралатын болды. Бұл іс бойынша барлығы 4 жәбірленуші бар еді.
Бірақ осы тұста жәбірленуші Әсем Кенжебаева өзінің адвокаты Алматыдан енді келе жатқанын, онсыз сотта жауап бермейтінін, сол себепті сот мәжілісін кейінге қалдыруды талап ететінін айтып, өзінің залдан шығып кетуіне рұқсат етуін өтінді.
Сот төрағасы прокурордың, адвокаттың және басқа жәбірленушілердің көпшілігінің қолдауынан кейін сот мәжілісін бастай беру жөнінде шешім қабылдады.
«ЖАТПАСАҢ, АТЫП ТАСТАЙМЫЗ!»
Сот алдында «тек шындықты айтамын» деп ант берген куәгер Каканов өзін 16 желтоқсанда алаңға жетпей ОМОН-дар ұстап алып, жерге жатқызғанын, «жатпасаң, атып тастаймыз» деп қорқытқанын айтады.
– Содан соң ГУВД-ға апарды. Ол жерге кіре берісте басымды жерге тигенше еңкейтіп, қолымды артыма қайырып кіргізді. Кіргенше-ақ таяқтап үлгерді. Кірген соң жалаңаштап шешіндіріп, еденге жатқызып, аяқ-қолымды жайып қойып тепкіледі. Кешке тергеуге барған соң да «жақсылап» ұрып алды. 17-сі күні қан көп кеткендіктен әлсіреп орнымнан тұра алмай, жерде жалаңаш жаттым. Келген дәрігерге көтеріп апарды жанымдағылар. 18-і күні жедел жәрдемнің келгенін көріп қалып, «мына жерден алып кетіңізші» деген соң әкетті, – дейді Каханов.
«17-сі күні ИВС-те (УҚИ) адам аздау еді, кейін 25-ке жеттік, ал 18-і күні таңғы 6-ның кезінде аузы-мұрнынан шығарып толтырды. Түске қарай сырттағы гаражға қамады, онда 500-ге жуық адам болдық. 2 күн тамақ ішкен жоқпыз» дейді сотталушы Каханов.
Ол ҰҚК мен қаржы полициясы тереу жүргізген кезде «біреуді ұстап алғанын айтқанын, соған потерпевший болып кетесің» дегенін, «бірақ бүгінгі сотталушы Теміровті ол жерден көрмегенін» мәлімдеді.
Жәбірленуші Каханов осы жауаптарынан кейін өзінің «жеңіл жарақат қана алғанын, қазір денсаулығы жақсы екенін, сотталушыға талап-арызы жоқ екенін» айтты.
Ол тіпті ұсталған кезде қалтасында болған «14 мың 700 теңгесін де, қымбат телефонын да, мойнында болған алтын алқасының өтемін де» сұрамайтынын айтты.
«ӨЗІМІЗДІҢ ЖІГІТТЕРГЕ ҰҚСАДЫ»
Сот алдында жауап берген Юрий Кәменов екінші топтағы мүгедек екен. Сусақ (қант диабеті) ауруымен ауыратын ол дәріханаға бара жатқан жолда екі солдаттың қолына түскенін айтады.
Оның айтуынша, «мүгедекпін, жүгіре алмаймын» дегенін солдаттар тыңдамаған, алаңға дейін жүгіртіп әкеліп, ауыз ашқызбай төпелеп ұрған».
– Шымкенттің жігіттері ме деп едім, сөз саптаулары өзіміздің Маңғыстаудың жігіттеріне ұқсады. Тіке анаңнан боқтайды. Ұрып-соғып, қамап тастады. Камерада 20-25 жігіт отыр екен. Сол жерде мына Жеңісбек Теміровті көрдім. Қызуым көтерілген соң жедел жәрдем шақырылып, дәрігер укол салды. Бірақ Теміров мені «ауруханаға жібере алмаймын, жоғарыда список бар – менен сұрайды» деді. Ертеңіне қасымдағы жігіт қан құсты. Жедел жәрдем тағы келді. Сол кезде Теміров «сен де кете бер» деп мені де шығарып жіберді, – дейді жәбірленуші Юрий Кәменов.
Кәменов осы оқиғадан кейін 10 күн ауруханада жатқанын, содан соң қоғамдық комиссияға барып арыз жазғанын айтады.
– «Сот медициналық сараптаманың қорытындысын әкел» деді олар. 10 күннен кейін нені дәлелдейсің деп арызымды қайта алдым, – дейді Юрий Кәменов.
Юрий Кәменовтің айтуынша, кейінірек оған Оралдан, Атыраудан келген прокурорлар «Теміровтің ісі бойынша жәбірленуші боласың» деген. Бірақ Юрий Кәменов «Теміров мені шығарып жібергені болмаса, ұрып-соқпады» деп, сотталушыға байланысты талап-арызы жоқ екенін айтты.
«МАҒАН ТИІСЕ ҚОЙМАДЫ»
Үшінші жәбірленуші Ержан Төлешов «ант мәтінін оқи алмаймын, сауатым жоқ» деген соң жанына сот хатшысы келіп, антты дауыстап оқып берді.
– Желтоқсанның 18-інде дүкенге шыққанымда үш солдат кездесіп, қолымды қайырып әкетті. Белбеуімді, бауымды шешіп алып, подвалға қамады. Басқаларды ұрып жатқанын көрдім, бірақ маған тиісе қоймады, – дейді ол
«Мені Жеңісбек Теміров те ұрған жоқ» деген Ержан Төлешов «қайта Теміров келіп, «кімнің қан қысымы бар, ауруханада есепте тұрған кім бар» деп сұрағанын, сөйтіп өзінің шығып кеткенін» айтады.
Жеңісбек Теміровке Ержан Төлешовтің де талап-арызы болмады.
«АҚША БЕРЕЙІК, ҚОЛХАТ БЕР»
Жәбірленушілердің соңынан, яғни төртінші болып Әсем Кенжебаева сөйледі. Ол сот басталғанда «адвокатсыз сөйлемеймін» десе де, жауаптан бас тартпай, сұрақтарға жауап берді.
Азаттық радиосы Жаңаөзен оқиғасы кезінде Әсем Кенжебаеваның әкесі Базарбай Кенжебаевтың қайтыс болғанын, өзінің қамалғанын жазған еді.
Айыптаушы прокурордың сауалына орай Әсем Кенжебаева бұрын айтқандарын қайталап, қазір «сотталушы ретінде сот залында отырған Жеңісбек Теміровті де ГУВД-ның ішінде көргенін» айтты.
– Амангелді Досаханов және тағы біреу бар осы Жеңісбек Теміровтің кабинетінде отыр екен. Алдарында қалбыр, жұмыртқа бар, тамақтанып отырса керек. Есіктерін ашып қалғанымда «жап есікті» деп айқайлады үшеуі, – дейді Әсем Кенжебаева.
Әсем Кенжебаева «Жеңісбек Теміровтің біреуді ұрып жатқанын көзімен көрмегенін», «бірақ сол жердің басшысы болған соң бәріне жауап беруі тиіс» екенін айтты.
– Әкесі үйге екі рет келді. «Ақша берейік, қолхат бер» деді. Ақыр соңында «менің баламды соттатқанмен әкең тіріліп келмейді ғой» деген сөздерге барды, – дейді Әсем Кенжебаева.
«ОМОН ҰСТАП АЛАДЫ!»
Әсем Кенжебаевадан кейін оның анасы сот алдында жауап берді. Прокуроры Базарбай Кенжебаевтың үйіне 18-і күні оралғанын, бірақ ауыр жарақат ала тұра 21-іне дейін ауруханаға не себептен бармағанын және не айтқанын бірнеше қайталап сұрады.
Күйеуінің тірі кезінде «Екі күн подвалда болдым. Жоғарыға апарып тергеді. Айтқанға түсінбейтін адамдар екен. Ұрып-соғып қайта лақтырып тастайды подвалға. Ауылдың полициялары да бар-ау деймін арасында» дегенін айтты Базарбай Кенжебаевтың жесірі.
– Ауруханаға апарайық десек без ете қалады: «ОМОН-дар ұстап алады!» дейді. Тіпті, есікті ашқызбайды. Бірдеңе тықырласа дір ете қалады. Екі алақаны мен тізесінде сау жер жоқ, үйге еңбектеп келген ғой, – деді Базарбай Кенжебаев марқұмның әйелі.
Төрт жәбірленуші мен бір куәні тыңдаған соң соттың бүгінгі мәжілісі аяұталып, ертеңге қалды.
«БАЛАМНЫҢ ЖАЗЫҒЫ ЖОҚ»
Азаттық тілшісі сот аяқталғаннан кейін сотталушы Жеңісбек Теміровтің адвокатын сөзге тартқанымен ол сөйлеуден бас тартты.
Жеңісбек Теміровтің әкесі әрі қоғамдық қорғаушысы Есжан Теміров «баласын заңсыз қамап отырғанын, жазығы жоғын» айтады.
Әкесінің сөзіне қарағанда, «Жеңісбек Теміров желтоқсанның 15-і күні тек ауызша бұйрық арқылы Жаңаөзен қалалық уақытша қамау изоляторының бастығы қызметіне тағайындалып, 16 желтоқсан күні демалыста жүрген жерінен шақырылған. Оған дейін кәмелетке толмаған жасөсіпімдер ісі жөніндегі инспектор қызметін атқарған».
– Жазбаша бұйрық жоқ және ол өз міндетімен таныстырылмаған. Ал қамалғандар ұрып-соғылған гараж ол басқаратын мекемеге қарамайды, – дейді Есжан Теміров.
Азаттық тілшісі сотталушының әкесі Есжан Теміровтен жәбірленуші Әсем Кенжебаеваның үйіне не себепті барғанын сұрады.
– Мән-жайды білейін деп едім. Қазақшылықпен кешірім сұрап, қамқорлығымды жасайын дедім. Бірақ оған ақша ұсынған жоқпын ешқандай. Балам кінәсіз екенін білсем де қазақшылықпен бардым, – дейді Есжан Теміров.
Сотталушы Жеңісбек Теміровтің соттағы видеосын мына жерден көре аласыз: