Ол ең әуелі назарын аударған нәрсе – қырғыздардың бетоннан құйылған киіз үйі екенін айтады. «Қытай мұны аз ұлттарды қорғап отырғанының бір дәлелі сияқты көрсетеді» дейді журналист.
Журналистің байқауынша, ол барған жерлердегі саяхатшыларға қызмет көрсететін орындардың иесі – қытай, қызметкерлері – басқа азшылық ұлттардан болады екен. Оның айтуынша, қазір Қытайдың шеткері өлкелерінде де мемлекет құраушы хань ұлтының саны артып барады. Мысалы, Шыңжаңда қытай ұлтының салмағы 40 пайызға, Ішкі Моңғолияда 80 пайызға жеткен.
Жаңыл Жүсіпжан Қытайдағы аз ұлттардың тұрмыс-салты бұзылғанын, тілдерінде де қытайландыру саясаты жүріп жатқанын айтады.
– Ұйғырларға «жақсымысыз?» деп амандассам, «айла жоқ!» деп жауап береді. Олар бұл өзгерістердің бәрін көріп-біліп отырғандарын, бірақ қолдарынан келер қайран жоғын осылай сездіреді екен, – дейді журналист.
Жаңыл Жүсіпжанмен сұқбаттасқан – Азаттық радиосының қызметкері Сағат Батырхан.
Қырғыз журналисінің мақаласын мына жерден (орысша) оқи аласыз.