Қырғыз үкіметі экономикалық қылмыспен күрес қызметін құру үшін әуелі қаржы полициясын таратты.
«Қаржы полициясы өз беделін өзі түсірген мекеме ретінде таратылды» деп мәлімдеді Қырғызстан премьер-министр Өмірбек Бабанов наурыз айындағы үкімет отырысында.
Қаржы полициясының орынына құрылған жаңа орган экономикалық және лауазымдық қылмыстармен күреспек.
СЫНАҚ
Бұл мекеменің қызметкері болу үшін 1 мың 400 кандидат өтініш берді. Бұрынғы қаржы полициясы қызметкерлері де емтиханға қатыса алады.
Қызметкерлерді сынақтан өткізу шарасы 9 сәуірде басталды. Үш күнде тест тапсырғандардың ең үздігі 95 ұпай, ең азы 23 ұпай жинады деп хабарлайды қырғызстандық Кабар сайты.
Жергілікті телеарна үміткерлердің сынақ тапсырған сәтін тікелей эфирден көрсетті. Кандидаттар компьютердің сауалына жауап беріп отырғанда кадрден тыс дауыс сынақ барысын баяндап тұрды.
Қырғыз үкіметі аппараты ақпарат саясаты бөлімінің хабарлауынша, үміткерлердің жас шектеулеріне байланысты көп шағым айтылған. Өйткені экономикалық қылмыспен күрес қызметіне қабылданатын адамның жасы 35-тен аспауы керек болған. Тек бұрын қаржы полициясында, үкіметтік мекемелерде істеген адамдар үшін ғана «жасы 50-ден аспаса болды» деген жеңілдік жасалған.
Үміткерлерден емтихан қабылдаған комиссияның мүшесі, «Демократия және азаматтық қоғам үшін» коалициясының басшысы Динара Ошурахунованың айтуынша, елде мемлекеттік мекеме қызметкерлерін компьютерлік сынақ арқылы қабылдау тұңғыш рет өткізіліп жатыр.
– Компьютер достықты, туыстықты түсінбейді. Ол адамның білімін сұрап, соны бағалайды. Қазір бұл сынақ дұрыс емес деген сөз көп айтылып жатыр. Жоқ, компьютерлік сынақ үлкен алғышарт жасап берді. Бұған дейін қаржы полциясындағы лауазымды орындарға үнемі туыстық, таныстық арқылы кіреді деген сөз талай айтылған, – дейді Динара Ошурахунова.
Сынақ сұрақтары – орысша. Қырғыз вице-премьері Жомарт Оторбаевтың айтуынша, жалғыз адам ғана сынақты қырғыз тілінде тапсыруға өтініш берген.
«ШЕНЕУНІК ПЕН ҚЫЛМЫС»
Қырғызстанда мемлекеттік қызметке кіру кезінде тамыр-таныстық пен параның ықпалы көп деп жазады Associated Press агенттігі.
Transparency International («Трансперенси Интернэшнл») ұйымының 2011 жылға арналған жемқорлық есебінде Қырғызстан 183 елдің арасында 164-орын алған.
«Жемқорлық шегіне жетті, шенеуніктер пайдаға бола қарақшылармен ымыраласып кетті» деген еді Қырғызстан премьер-министр Өмірбек Бабанов қаңтар айында өткен қауіпсіздік кеңесі отырысында.
Қырғызстан денсаулық сақтау министрлігі республикалық сот-медициналық сараптама бюросының бұрынғы басшысы Кубат Шадыбековтің айтуынша, ол министрлікте де «жемқорлық гүлдеп жатыр».
Ел билігі сыбайлас жемқорлықпен күрес мақсатында бір жыл бұрын азаматтардың шағымдарын қабылдайтын сайт та ашқан.
«БҰЛ – ЖАРНАМА»
Қырғыз үкіметінің жаңа бастамаларына күдікпен қараушылар да бар.
Associated Press агенттігінің жазуынша, премьер-министр Өмірбек Бабанов бұл бастаманы 2010 жылы жемқорлық пен экономикалық қиындық кесірінен билігінен айырылған Құрманбек Бакиевтен ерекшелену үшін жасайды.
Ақылбек есімді қырғыз азаматының ойынша, «қазіргі үкімет мүшелері өздерін реформатор ретінде жарнамалап жатыр».
– Бұл жұртты сабасына түсіріп, сенімдеріне ие болудың амалы ғана. Премьер-министр міндеті мен уәдесін орындап отырған жоқ. Оның есесіне оң өзгерістер жасаған бірнеше жас басшыларды жұмыстан шығарып, тұтқындады. Өзі оған қарамай реформаны, қызметкерлерді таңдауды айта береді, – дейді Қырғызстан азаматы Азаттық тілшісіне.