Видеодағы ер кісінің Қырғызстанның кешеге дейін бас муфтиі болып келген, бүгін отставкаға кеткен Рахматулла қажы Егембердиев екеніне елдің бәрі шүбә келтірмейді. Ең бастысы бұрынғы мүфтидің өзі оны мойындайды. Ал әйелдің кім екені әзірге анықталған жоқ. Егембердиевті сынаушылар діни қызметкерді некесіз қатынасқа арбап түсірген әйелді «белгісіз секс-бомба» деп сипаттап үлгерді.
Бірақ Егембердиев «Құдай алдында ақпын, бұл әйел төрт жылдан бері некелі жұбайым» дейді.
Қаңтардың 6-сы күні Егембердиевтің Бішкектегі кеңсесінің алдына жиналған шағын шерушілер тобы мүфтидің бұл мәлімдемесіне қанағаттанбады. Олар оны «күнәһар» деп айыптап, қызметінен кетуді талап етті. Қаңтардың 7-сі күні бас мүфтидің отставкаға кеткені мәлім болды.
Бішкектегі мұсылмандар құқығын қорғайтын ұйым белсендісі Бақыт Нұрдиновтың айтуынша, бұл видео расында да қатты алаңдаушылық туғызған. Ол: «Дау күшейіп тұр. Мұсылман діни жетекшілер не істерін, не айтарын білмейді. Жағдай қиын. Бұндай оқиға бірінші рет болып тұр. Осының өзі бізді жерге қаратты» деді.
Жаңа жыл қарсаңында Қырғызстанның вебсайттарында жарияланған бұл видео жасырын камерамен түсірілген.
Бұл таспа одан кейін интернеттен алынып тасталса да ақ-қара түсті ер адам бейнеленген сурет сақталып қалған. Онда түр-тұрпаты Егембердиевке ұқсайтын жалаңаш ер кісінің арқасына асылған әйел адамның қолы көрінеді.
"ТӨСЕГІМДІ АҢДЫП ЖҮРГЕН КІМ ЕКЕН?"
«Секс видеолар» Қырғызстанда бірінші рет шығып отырған жоқ. Дәл осындай видео бірінші рет 2008 жылы жарияланған. Онда «Атамекен» саяси партиясының жетекшісі Өмірбек Текебаевтың бейнесі көрсетілген. Ол видео 2010 жылы парламент сайлауы қарсаңында интернетте қайта пайда болған еді.
Осыған дейін не бары төрт жылдың ішінде бес мүфти ауыстырған Қырғызстанның діни жетекшісінің мынадай секс жанжалға ілігуі елді дүрліктіріп жіберді.
Бір жылдан бері мүфти болған Егембердиев Меккеге жыл сайын баратын қажылық кезінде жиналған ақшадан салық төлемегені үшін тергеліп жатқанына қарамастан осы қызметке сайланған болатын.
Жағдайы бар мұсылмандар өмірінде бер рет баруы тиіс қажылық сапарын Қырғызстан мүфтияты оңай пара алудың мүмкіндігі сияқты қабылдайды. Мүфтият 2011 жылы елдің көбі барғысы келетін қажылық сапарының квоталық жүйесін жүзеге асырауды мойнына алған болатын.
Бұрынғы мүфти Чубак қажы Джалиловпен бірге тергеліп жатқан Егембердиев өзіне тағылған айыпты «негізсіз және бұл әрекет менің бас муфти боп сайлануына кедергі келтіру үшін жасалып жатыр» деп санайды.
Егембердиев өзінің жеке өмірін аңдып жүрген адамның кім екенін білігісі келетінін айтады. Ол бірнеше рет үкімет басшылары мен елдің қауіпсіздік қызметін «жеке өміріме араласты» деп айтыптады.
ҚАЖЫЛЫҚ ПЕН ҚОР АҚШАСЫ
Қырғызстан парламентіндегі президент өкілі Орозбек Молдалиев бұл оқиғаның әдейі ұйымдастырылғанын жоққа шығарып, мүфтилер «мешіттегі қызметін рухани мақсатта емес ақша табу үшін пайдаланады» деп мәлімдеді.
Ол: «Молдалардың тұтас бір буыны бірдей діни дәрежеде тәлім алған. Олардың бәрі мүфти болғысы келеді. Олардың түпкі мақсаты қажылық сапарын бақылауға алу. Ол жерде көрінбейтін жолмен 4-6 миллион доллар шамасында пайда табуға болады» деді.
Видеодағы әйелге байланысты да наразылық өршіп тұр. Ол Егембердиевтің некелі жары болған күннің өзінде мүфтидің екінші әйелі болып шығады. Ал Қырғызстанда көп әйел алуға рұқсат жоқ. Бірақ ел-жұрт діни жетекшілер және басқа да адамдардың кей кездері мешітте некелерін қидырып бірнеше әйел ала беретінен хабардар.
Таяуда өздерін «видеодағы әйелдің ата-анасы боламыз» деп таныстырған ересек екі кісінің жаңа видосы жарияланды. Олар қыздарының Егембердиевтің төрт жылдан бері заңды әйелі екенін растап, секс видоға қатысты қатты алаңдаушылық білдірген. Ерлі-зайыптылар қыздарымен бірге түскен суретін көрсетеді. Суреттегі қыз қара түсті хиджап киіп алған.
Бұл жанжал Қырғызстанның зайырлы үкіметі мен мүфтияттың арасында талас-тартыс бар екенін көрсетті. Себебі үкіметке бағынышты саналатын мүфтият елдегі жергілікті имамдарға бақылау орнату үшін барынша үкіметтен тәуелсіз болуға ұмтылып жатыр.
Қырғызстанда соңғы жылдары сайланған бас мүфтилердің бір де біреуі бес жылдық қызметін толық атқарып шыға алмады. Мүфти Джалилов кезінде жемқорлыққа байланысты дауға шатылып, қызметінен кетті. Одан кейін сайланған Мұратәлі Жұманов 2010 жылы ұрланып, соққыға жығылған соң екі ай жатып қайтыс болды.
Осы уақыт арасында мүфтият діни экстремизмнің алдын алып, діни сауатты күшейтеміз деп имамдардың оқу жүйесіне ортақ стандарттар енгізу үшін біраз күресті.
Бұрын мемлекеттік дін істері комитетінің директоры болған заңгер Қаныбек Османәлиев: «Олардың аты ғана мүфти. СССР тарап, дінге рұқсат берілгелі 20 жылдан астам уақыт өтсе де, нағыз діни қайраткер табылмай келеді. Біздің халықтың 83 пайызы – мұсылмандар. Бірақ біздегі қажылықты қаржыландыратын күмәнді қорлар мен араб қорлары туралы айтылатын әңгімеге қарап, советтік атеизмнің халықтың санасынан әлі өшпегенін білуге болады» деді.
Дейзи Синделар мен Эленора Бейшенбектің мақаласын аударған - Сағынай Кәрім.