Accessibility links

«Мәскеудегі шпион ұстау – нашар қойылым»


Мәскеуде «тыңшы» деген күдіпен ұсталған АҚШ дипломаты туралы Ресей арнайы қызметі жариялаған суретті компьютер мониторынан қарап отырған адам. 14 мамыр 2013 жыл.
Мәскеуде «тыңшы» деген күдіпен ұсталған АҚШ дипломаты туралы Ресей арнайы қызметі жариялаған суретті компьютер мониторынан қарап отырған адам. 14 мамыр 2013 жыл.

Азаттыққа сұхбатында бұрынғы советтік барлау ардагері Борис Володарский Мәскеуде «шпиондық жасаған» деген күдікпен ұсталған АҚШ дипломатына қатысты оқиғаны «қолдан ұйымдастырылған іс» деп атады.

Ресей федералдық қауіпсіздік қызметі (ФСБ) сейсенбі күні Мәскеуде «терроризмге қарсы күресетін орыс офицерін өзіне тартпақ болған» деген күдікпен АҚШ дипломаты ұсталғанын мәлімдеді.

Ресей бас барлау басқармасы (ГРУ) әскери барлау бөлімінің ардагері, қазір Лондонда тұратын Борис Володарский Азаттыққа берген сұхбатында бұл оқиға «қолдан ұйымдастырылған» дейді.

Азаттық: – Ресейлік ФСБ АҚШ елшілігінің қызметкері Кристофер Райан Фогл «орыс офицерін үгіттеп жатқан жерінен қолға түсті» дейді. Ресейлік телеарналар Фоглды қалай ұстағанын көрсетті: америкалық азамат парик киіп, Мәскеудің картасы мен компас, пышақ және көп мөлшерде ақша ұстап жүрген. Фоглды ұстау оқиғасы өте қарабайыр көрінді. ФСБ-ның мәліметі шындыққа жанаса ма?

Борис Володарский: – Бұндай оқиға шын мәнінде болған дегенге бірде бір маман сенбейді. Қазіргі заманда ондай операциялар мүлдем басқаша атқарылады. Тасаланудың түрлі айла-әдісі бар, тыңшылар ұзақ дайындықтан өтіп, жаңа технологиямен жұмыс істейді. Ал мына оқиға 1970 жылдардағы нашар
Ресейлік ФСБ "АҚШ дипломаты Кристофер Райан Фоглдан алынды" деп көрсеткен заттар. 14 мамыр 2013 жыл. Russia Today телеарнасының сайтынан скрин-шот.
Ресейлік ФСБ "АҚШ дипломаты Кристофер Райан Фоглдан алынды" деп көрсеткен заттар. 14 мамыр 2013 жыл. Russia Today телеарнасының сайтынан скрин-шот.
қойылымды еске салады. Біреуді өзіңе жұмыс істейтін жансыз болуға көндіру (вербовка) бұлай жасалмайды және оны ешқашан Мәскеуде өткізбес еді. Оның бәрі шетелде ғана өтеді. Екіншіден, Фогл мырзадан алынды делінген заттарды тыңшылар соңғы 30-50 жылдан бері қолданбайды.

Азаттық: – Райан Фоглдың қолында өзімен алғашқы кездесуге келген адамға 100 мың АҚШ доллары берілетіні, ал жансыз болуға көнгендерге 1 миллион доллар беру төленетіні туралы хат болған деп хабарланды. Осындай ірі сомадағы ақшамен ресейлік тыңшыларды тарту мүмкін бе?

Борис Володарский: – Мен бюджеттің мөлшерін білемін. Бұл тіпті мүмкін емес. Біріншіден, үгіттейтін адам кездесуге өзін әшкерелеуге айғақ болатын заттармен келмейді. Ол ақша, істің егжей-тегжейі жазылған хатты ешқашан өзімен бірге алып жүрмейді. Мәскеудің картасы, фонарь, парик, қара көзілдірік сияқты заттар да оның қолында болмайды. Өте маңызды дерек немесе қарсы жаққа өтуге келіскен тыңшы үшін 1 миллион доллар ұсынуы ықтимал, бірақ ол әлгі адаммен ұзақ мерзімді әріптестіктен кейін ғана іске асады. Ал 100 мың долларды ол адамның қолына ақшалай ұстатпайды, Швейцариядағы шотына аударып немесе басқа жолдары арқылы беруі мүмкін.

Азаттық: – Бірақ Фоглды ұстағанда оның басында парик болғаны көрсетілді. Егер ол ешқашан да тыңшы болмаса, Ресейдің билік өкілдері осындай әрекетті қалай ұйымдастырады?

Борис Володарский: – Меніңше, бұған тек екі логикалық түсініктеме беруге болады. Фогл мырза ЦРУ-дың (АҚШ орталық барлау басқармасы – ред.) мүшесі болуы да мүмкін, бірақ ресейліктер оны қандай да бір жағдаймен өздеріне жұмыс істеуге көндірді немесе алдап соқты деп ойлаймын. Басқаша түсіндіре алмаймын. Бірақ ол ресейліктердің айтқанына көнді деу қиын. Ол өте қауіпті қадам болар еді. Меніңше, оны бір амалын тауып, айламен көндірген сияқты.

Азаттық: – Райан Фоглдың ұсталғаны туралы жаңалық АҚШ-тың Ресейдегі елшісі Майкл Макфолдың Twitter әлеуметтік желісіндегі көптен күткен сұрақ-жауап сессиясына тұспа-тұс келді. Бұның кездейсоқтық болуы мүмкін бе?

Борис Володарский: – Әбден мүмкін. Бірақ бұл оқиға Макфол мырзаның Twitter-конференциясына дөп келуі соншалықты маңызды емес деп санаймын. Бұл -
Ресей федералдық қауіпсіздік қызметінің орталық ғимараты. Мәскеу, 14 мамыр 2013 жыл.
Ресей федералдық қауіпсіздік қызметінің орталық ғимараты. Мәскеу, 14 мамыр 2013 жыл.
Путин мырзаның саясатын, Ресей үкіметі мен Кремль әкімшілігінің соңғы кездегі іс-әрекеттерін қолдау үшн жасалған операция. Бұл жерде мен «шетелдік агенттер» туралы заңды, ресейлік оппозицияны қаржыландыру мәселесі, «Ресейдегі билікті алмастыру мақсатында қаржы берген» деп Грузияны айыптағандарды айтып отырмын. Осының бәрі Путиннің саясатын қолдау үшін істелгені айдан анық.

Сонымен бірге бұл соңғы жылдары қоғам назарын аударған ресейлік тыңшылар туралы шулы оқиғаларға жауап ретінде ұйымдастырылды. 2010 жылдан бері Америкадан 11 орыс тыңшысы табылды, Еуропада да бұндай жағдайлар тіркелді. Осының бәрі Ресейге қиындық тудырды.

Азаттық: – Ресей билігі Райан Фоглдың елден шығуын талап етті. АҚШ-та оған не істеуі мүмкін?

Борис Володарский: – Барлауға қарсы агенттік оны түбегейлі тергейді, мәселенің бүге-шігесін анықтауға тырысады. Ол ағынан жарылып айтады деген сенімдемін. Сосын оның ары қарайғы тағдыры шешіледі. Менің ойымша, жұмыстан босатуы ықтимал.

(Азаттық тілшісі Клэр Бигг алған сұхбатты қазақшалаған - Динара Әлімжан).
XS
SM
MD
LG