Комил өзгеше тағдыры, жыныстық ерекшелігі туралы ашық айтқысы-ақ келеді, бірақ Тәжікстандағы жағдай оның «еркінсуіне» мүмкіндік бермейді. Сондықтан ол сақтық ойлап, есімін жасыруға, камераға бет-жүзін көрсетпей сөйлеуге мәжбүр.
«АУРУЫН» 25 ЖЫЛ ЖАСЫРҒАН ЖІГІТ
Жыныстық ерекшелігін 25 жыл бойы жасырып келген Комил жыныстық азшылық өкілдеріне тіксіне қарайтын қоғамдағы оқшау өмірін сипаттап берді.
"Алты жасымда анама өзімді қыз сияқты сезінетінімді айттым" деп еске алады Комил. Сол сөзі үшін анасы оны дәрігерге көрсетіп, "ауруын емдетіпті".
Шешесі «ешкімге айтпа» деген соң Комил өзін қор сезініп, іштен тынып келген. Тәжік қоғамы жыныстық азшылық өкілдерінің басынан сипамайтынын ол сол кезде-ақ түсінген. Қазір адвокаттың көмекшісі болып жұмыс істейтін 32 жастағы жігіт «одан бері көп нәрсе өзгерген жоқ» дейді. Ол қазіргі өмірінің жай-жапсарын баяндап беруге келісті.
"Мұндағы халық гомосексуализмді "емі бар ауру" деп есептейді. Ата-анам мені бала кезімнен дәрігерлерге, емшілер мен молдаларға апарды. Молдалар бойымнан жын-шайтанды қуған да кездері болған. Олар "бойыңды әйел шайтан билеп алған, сондықтан еркектерге көп көз саласың" деді" дейді Комил.
ҚЫЗ АЙТТЫРУ
Тәжікстан совет кезіндегі заңның күшін жойып, 1998 жылы гомосексуализмді қылмыс қатарынан шығарып тастаған. Бірақ гомосексуалдар мен басқа да жыныстық азшылық өкілдері қоғамның оларға қарсы көзқарасынан зардап шегіп келеді.
Душанбедегі гомосексуалдар құқығын қорғау ұйымының белсендісі Елена Иброхимованың айтуынша, «ата-аналары гей балаларын райынан қайтаруға тырысады және үйлендіргенше асығады». Олар үйленгеннен кейін көбіне ажырасып кетеді.
"Жылдар бойы басқа жұрт сияқты болуға тырыстым, бұл маған психологиялық тұрғыдан ауыр тиді" дейді Комил.
Бір кездері ата-анасы оны бір қызбен атастырмақ та болған. Әлгі қыздың Комилдің жыныстық ерекшелігінен хабары болмаған. Әбден басы қатқан Комил ақыр соңында ата-анасының бұл ұсынысын қабылдамай қойыпты.
"Біреудің өмірін бұзып, арманын аяқасты еткім келмеді" дейді ол.
Ал бауырлары айтқанға көнбеген Комилге қатты ашуланып, «әулетімізді қарабет қылдың» деп онымен араласпай қойған.
«ЕМ ҚОНАТЫН АУРУ»
Тәжікстандағы басқа жыныстық азшылық өкілдері сияқты Комил де іштен тынып жүре береді. Иброхимованың айтуынша, «Тәжікстанда гейлер мен лесбилердің үлкен қауымдастығы бар, бірақ олар жыныстық ерекшеліктерін байқатпауға тырысады».
Тәжікстанда жыныстық азшылық өкілдерін психолог көмегімен «емдеу» - кең таралған тәсіл. Олар бұл тақілеттес жыныстық ауытқуларды емі қонатын сырқат санайды.
«Көп гейлер мен лесбилерді емдедім» деген душанбелік психолог Зарина Кенжаеваның айтуынша, «гомосексуализм – нашақорлық, не маскүнемдік сияқты тәуелділіктің бір түрі, оны адамның ішкі рухын көтеру арқылы жазуға болады».
"Біз гей жігіттің еркектік сезімдерін оята аламыз. Бұл - темекіге тәуелділіктен құтылту сияқты нәрсе. Олар біртіндеп бұл әдеттен арылады. Комилдің ата-анасы «емдеу» және «аластау» арқылы ұлдарын «адам қатарына қосудан» үміттерін үзе қойған жоқ. Ал Комил мұндай «ем-домнан» әбден шаршаған" дейді психолог.
Комил шетелге көшіп кетіп, «шынайы өмір сүруді» де ойлап көрген, бірақ «қолдың қысқалығы және виза алудың қиындығы қолбайлау болып тұр».
Ол Тәжікстанда қалудан басқа амал жоқ дегенге көндіккен сыңайлы.
"Бұл қоғам мені ешқашан қабылдамайтынын түсінемін. Бірақ маған да кішкене бостандық берілсе, жұрт маған да түсіністікпен қараса деймін. Себебі мен де осы қоғамның мүшесімін. Басқа барар жерім жоқ" дейді Комил.
(Шахло Гулходжа мен Фируз Бароттың мақаласын ағылшын тілінен аударған – Мұхтар Екей)