Франция Батыстың басқа бірқатар мемлекетімен бірге БҰҰ-ның нәсілшілдікке қарсы конференциясына (осы жиынның өткен) "тарихында (бірқатар) антисемиттік мәлімдемелер айтылуына" байланысты бойкот жариялайды.
Франция президенті Эммануэль Макронның кеңсесі 13 тамызда БҰҰ-ның нәсілшілдікке қарсы конференциясының келесі отырысына қатыспайтынын хабарлады. Бұған дейін, 2001 жылы Оңтүстік Африка қаласында өткен бұл шара соның атымен – Дурбан конференциясы деп аталады. Оның қорытындысында Дурбан декларациясы мен Нәсілшілдікке қарсы әрекет бағдарламасы қабылданған.
Дурбан конференциясының 20 жылдық мерейтойына орай келесі айда Нью-Йоркте жиын өткізілмекші. Осы шарада тағы да антисемиттік белсенділік бой көрсете ме деп алаңдаған АҚШ, Ұлыбритания, Австралия, Израиль және басқа да Еуропаның бірқатар елі биылғы кездесуге бойкот жариялайтынын мәлімдеген.
Дурбан конференциясы Израиль мен Палестинаға қатысты түрлі тараптардың дау-дамайына, сонымен бірге құлдықтың қазіргі мұрасы жайлы пікір қақтығысына толы болды. (Дурбанда 20 жыл бұрынғы жиында) АҚШ, Канада және Израиль делегациялары Израильді сынаған және сионизмді нәсілшілдікке ұқсатқан резолюция жобасын талқылау барысында жиыннан шығып кеткен болатын. Бірақ аталған сынау мен теңеуді қамтитын мәтін жобасының тұстары конференцияның қорытынды құжаттары мазмұнынан алынып тасталып, оның мазмұны нәсілшілдікті, нәсіліне болу кемсітуді, ксенофобия мен (бөтен пікіріне) төзімсіздікті айыптайтын және ондайды түбірімен жоюға шақыратын формада қабылданған еді.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ
Ұлыбритания мен АҚШ мұнай танкеріне жасалған шабуылды Ираннан көрдіАҚШ-тағы расизм: Байден азиялықтарға қарсы зорлық-зомбылықтың өршуін айыптадыФранцияда ондаған мың адам антисемитизмге қарсы митингіге шықтыИзраиль мен ХАМАС атысты тоқтатты. Екі тарап өздерін жеңіске жеттік деп санайдыИзраиль-палестиналықтар қақтығысы: Байден Нетаньяхуға қолдау білдірді