14 қыркүйек күні Ақтөбе соты ПТР тесттің жалған анықтамасын сатты деп айыпталған дәрігер мен оның күйеуіне үкім оқыды. Сот үкімі күшіне енсе, қылмыстық жауапқа тартылған ерлі-зайыптылардың әрқайсысы 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейді.
Тергеу материалдарына қарағанда, Ақтөбе тұрғыны жеке клиникалардың бірінде дәрігер болып істейтін әйеліне ПТР тесттің жалған анықтамасы қажет клиенттерді тауып беріп отырған. Дәрігер әйел тоғыз адамға коронавирус жұқтырмағанын растайтын жалған құжат жасап берген. Әр құжат үшін 7500 теңгеден алған.
Тергеу дәрігер мен оның күйеуін Қылмыстық кодекстің 385-баптың 2-бөлігімен ("Жалған құжаттарды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк пошта төлемі белгілерін, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу") айыптаған. Прокуратура айыпталушылардың бас бостандығын бір жылға шектеуді сұраған.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ Жалған вакцина паспорты мен ПТР-анықтамасына байланысты 30 қылмыстық іс қозғалғанЕрлі-зайыптылардың құқығын қорғаған адвокат Мәлика Байдекенованың сөзінше, сотталушылар өзіне тағылған айыпты толық мойындап, қатты өкінген.
-Бұл - ойланбай істелген қылық. Бұқаралық ақпарат құралдары ПТР тестің жалған анықтамасын жасаушылар туралы жаппай жаза бастағанда ерлі-зайыптылар ес жиып, жалған құжат жасауды тоқтатқан. Сот олардың кәмілетке толмаған үш баласы барын ескеріп, әрқайсына 555 600 теңгеден айыппұл салды. Сот үкіміне ризамыз. Апелляциялық шағым түсіретіндей ойымыз жоқ, - дейді адвокат Мәлика Байдекенова.
Сот үкімі әлі күшіне енген жоқ.
Қазақсанда кейінгі кезде коронавирусқа байланысты жалған құжат жасау оның ішінде ПТР тест пен вакцина паспортын қолдау жасау фактілері тіркелгені жайлы ақпараттар жиілей бастаған. Бір күн бұрын Маңғыстау облысының полициясы коронавирусқа қарсы вакцинаның 150 паспортын сатқан 8 адам ұсталды деп хабарлаған.
Бұған дейін ішкі істер министрлігі заңнамада жалған құжат жасау бойынша 4 жылға дейін түрме жазасы қарастырылғанын, оны пайдаланғандар 40 күнге дейін қамалуы мүмкін екенін ескерткен.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ
Билік вакцинаның жалған паспортын жасаушылар мен сатқандардың ұсталғанын хабарладыПТР-анықтама мен вакцина паспортын қолдан жасау: 50 іс қозғалған, 28 медицина қызметкері ұсталғанПолиция: Алматыда вакцинаның жалған паспорты мен қолдан ПТР-анықтама жасағандар ұсталды"Сыртымнан құжат толтырған". Қағаз жүзінде екпе алған алматылықтың хикаясыЖалған вакцина паспортын жасатуға қатысты қозғалған қылмыстық істер көбейді