Ердоған мен Әлиев Таулы Қарабақ маңында халықаралық әуежай ашты

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев және Түркия басшысы Режеп Тайып Ердоған (оң жақта) Физули әуежайының ашылуы кезінде. 26 қазан 2021 жыл.

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев пен Түркия басшысы Режеп Ердоған Таулы Қарабақ аймағына жақын Физули қаласындағы халықаралық әуежайдың ашылу рәсіміне қатысты. Нысан сегіз ай ішінде салынып біткен.

Былтыр қарашада 44 күндік соғыстан кейін армяндар мен әзербайжан арасында атысты тоқтату жөнінде келісім жасалып, өзге елді мекендермен бірге Физули ауданы да Баку бақылауына өткен болатын.

Әуежайда әзірге бір ғана ұшып-қону жолағы бар, терминал 200 жолаушыға арнап жасалған.

Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы (IATA) нысанды әуежай тізіміне енгізіп, FZL деген белгісі бар код берді.

Физули былтырғы соғыс кезінде Әзербайжан тарабына қайтарылған алғашқы қала.

Әуежай Таулы Қарабақ аймағындағы негізгі қала – Шуша қаласының оңтүстік-шығысына қарай жүз шақырым жерде орналасқан.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Әзербайжан тұтқынға түскен армян сарбаздарын мина картасына алмастырдыТүркия президенті Ердоған Таулы Қарабаққа бардыРесей армян-әзербайжан шекарасын демаркациялау үшін бірлескен комиссия құруды ұсындыАрмения билігі Әзербайжан әскерінің мемлекеттік шекарадан өтіп кеткенін хабарладыҚарабақта ресейлік бітімгер сарбаздар отырған көлік жарылды