АҚШ Ресей, Қытай немесе Иранның Таяу Шығыста үстемдігіне жол бермес үшін аймақта белсенді болып қала береді. АҚШ президенті Джо Байден Сауд Арабиясындағы Парсы шығанағы елдері басшыларының саммитінде осылай деп мәлімдеді. Бұл жөнінде The Washington Post басылымы жазды.
"Біз кетпейміз, [егер кетсек] бұл вакуумды Қытай, Ресей немесе Иран толтыруы мүмкін. АҚШ Таяу Шығыста белсенді болып қала береді" деді АҚШ президенті.
Байденнің айтуынша, АҚШ Таяу Шығыста жағдайды ушықтырмауға күш салады. Америка президентінің сөзіне қарағанда, әуе шабуылдарына тойтарыс беру мақсатында аймақ елдері мен АҚШ әуе шабуылынан қорғайтын жүйелерін өзара кіріктіреді.
Иордания королі екінші Абдалла саммит кезінде Таяу Шығыста астанасы Шығыс Иерусалимде болатын тәуелсіз Палестина мемлекетін құрмай, қауіпсіздік пен игілікке қол жеткізу мүмкін еместігін айтты.
Египет басшысы Әбдел Фаттах әс-Сиси ғаламдық және аймақтық дағдарыс ушығып бара жатқандықтан араб елдері проблемаларды өзара шешуі тиіс деді.
"Аймақтағы қақтығыстар мен азаматтық соғыстарға нүкте қою үшін араб елдерінің өзара күш біріктіретін мезгілі жетті" деді ол.
Әс-Сиси сонымен бірге Байденге Египет АҚШ-тың аймақтағы маңызды әріптесі болып қала беретінін айтты.
Джо Байденнің АҚШ президенті ретінде Таяу Шығыс елдеріне алғашқы сапары 13-15 шілде аралығында өткен. Байден Сауд Арабиясына бармай тұрып, жолшыбай Израильге сапарлаған, Палестина автономиясында болған.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ
АҚШ Қытайдың Ресейге жақындағанына алаңдайдыҚытай Ресейге Украинадағы соғысты қаржыландыруға қалай көмектесіп жатыр? Сарапшымен сұхбат"Санкция соққысы". Ресей экономикасына төнген түнекУкраинадағы соғыс Түркия мен Қытайдың Орталық Азияға ықпалына қалай әсер етеді?Путин одақтастарын өзін қолдауға мәжбүрлей ме? Қазақстан ЕАЭО-дан шыға ма?