7 қаңтарда Иранда 2022 жылы қыркүйекте басталған үкіметке қарсы наразылыққа қатысқан екі адам дарға асылды. CNN телеарнасының хабарлауынша, осылайша наразылыққа қатысқаны үшін дарға асылғандар төрт адамға жеткен.
22 жастағы Мұхаммад Мехди Карами және 39 жастағы Мұхаммад Хуссейни "Басидж" (Ислам революциясы сақшылар корпусына кіретін еріктілер жасағы) қызметкерлерін өлтірді деп айыпталған. Бұл іс бойынша, тағы үш адам өлім жазасына кесілген, 11 адам түрме жазасын алған.
Amnesty International жазуынша, айыпталушыларды күшпен мойындатқан. Хуссейнидің адвокаты желтоқсанда өзі қорғап отырған азаматтың аяусыз азапталғанын, күшпен мойындату заңсыз екенін мәлімдеген.
Иран күшпен мойындатқаны туралы тұжырымдарды жоққа шығарған. Карамидің адвокатының айтуынша, өзі қорғап отырған азаматқа дарға асу алдында отбасымен тілдесуге мүмкіндік бермеген.
Amnesty International жазуынша, наразылыққа қатысушылар лайықты қорғану және адвокат таңдау құқығынан айырылған.
Былтыр қыркүйекте "әдеп полициясы" 22 жастағы белсенді Махса Әминиді "хиджаб кию ережесін сақтамағаны үшін" ұстап, ізінше оның қаза болғаны хабарланған. Осыдан соң Иран қалаларында жаппай наразылық тұтанған. Иран билігі наразылықты күшпен басып-жаншыды. Құқық қорғаушылар 500-ден астам адам өлгенін, 400-ден астамы наразылыққа қатысушылар екенін, шамамен 18 мың адам ұсталғанын хабарлаған.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ
Ирандық шахматшы қыз Алматыдағы чемпионатқа жалаңбас қатыстыИранда Махса Амини өлімі туралы жазған журналистер "мемлекетке сатқындық жасады" деп айыпталды Иран тағы толқыды. Аятоллаға мадақ әнін орындамаған оқушы қыз ауыр соққыдан қайтыс болды"Әйел, өмір, азаттық!" Ирандағы наразылық фольклорының бір қырыИранда хиджабқа қарсы әйелді қаралап жатыр