Алматыда сәуірдің 6-сында Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әмина Ерқожақызы Өмірзақованы еске алу кеші өтті. Актрисаның туған-туыстары, шәкірттері және барша өнерсүйер қауым жиналған кеш Әмина апайдың тұрған үйінде мемориалдық тақтаның ашылуымен басталды.
Әмина Өмірзақова қазақ киносының алғашқы қарлығаштарының бірі ретінде бұл саланың дамуына елеулі үлес қосты дейді өнертанушылар.
Қазақ кинематографиясының баға жетпес қазынасына айналған: “Абай”, “Жамбыл”, “Бір ауданда”, “Ана туралы аңыз”, “Арманым менің”, “Ақ шаман”, “Нан дәмі”, “Шанхай” фильмдерінде жасаған бейнелері, әсіресе әйгілі “Тақиялы періштедегі” актриса ойнаған Тана апайдың рөлі қалың жұртшылықтың махаббатына әлі күнге дейін бөленіп келеді.
Әмина Өмірзақова Азаттық радиосына 2006 жылдың наурыз айында сұхбат берген еді. Радиомыздың мұрағатында сақталған Әмина апайдың сол кездегі әңгімесі кино өнерінің төңірегінде өрбіген болатын.
"– Мені халыққа танытқан кино. Сондықтан мен кино десе жанымды беремін. Ал кинода жасаған бейнелерім өмірлік тарих болып қалар деген үміттемін", – деген еді Әмина апай өзінің соңғы сұхбатында.
Ол көпшіліктің есінде әйгілі «Тақиялы періште» фильміндегі күлкісімен қалғаны сөзсіз.
– Біздің отбасымыздан әрдайым күлкі кетпейтін, әкем болғанда да, одан анам жалғыз қалғанда да. Алайда, сол кинодағы күлкіні анам қайта сала алмаймын деп айтатын. Себебі, ол күлкі фильмді түсіру барысында шынайы шықты, ол үшін еш дайындық жасалған жоқ болатын дейтін анам, – деп еске алады актрисаның ұлы Талас Өмірзақов.
Әмина Өмірзақова кинода әсіресе ана ролін ерекше әсерлі сомдаған актриса. Азаттық радиосына 2006 жылы берген сұхбатында ол «Ана туралы аңыз» фильмін өзінің бағын ашқан картиналардың бірі деп санайтындығын айтқан еді. Дәл сол туынды бірнеше жүлделерді жеңіп алып, көпшілік көңілінен шыққан болатын.
Қазақстандық киносыншы Бауыржан Нөгербеков өзін кино саласына жетелеген «Ана туралы аңыз» фильмі болғанын айтады.
– Егер орыс кинематографиясында ананың ролін ерекше сомдаған Вера Марецкая, итальян киносында Анна Маньяни болса, қазақ киносындағы ана образы Әмина Өмірзақовамен тығыз байланысты, – дейді өнертанушы.
Әминаны ыстық ықыласпен еске алушылардың тағы бірі – Қазақстанның халық әртісі Нұржұман Ықтымбаев.
– «Ана туралы аңыз» фильмі жарыққа шыққанда мен ауылда шопыр болып жұмыс істеп жүргенмін. Әмина апамның сомдаған ана образына мен сол кезде таң-тамаша болдым. Сол фильмнен кейін барша қазақ аналарының басынан кешкені сол болған шығар деген ойға қалғаным есімде. Ал одан кейін Алла бұйыртып, өнерде жүргенде Әмина апаммен танысудың сәті түсті. Әмина апамның жары Кәмәси Өмірзақов Талдықорғанның азаматы, мен де сол жақтікімін. Сол себепті де мені апам «қайным» дейтін. Ол әрдайым ашық-жарқын, ерекше қонақжай адам болатын. Мен үшін ол кісі әлі тірі, менің жүрегімде апамның бейнесі, ал құлағымда «Тақиялы періште» фильміндегі жарқын күлкісі, – дейді Нұржұман Ықтымбаев.
Мұхтар Әуезов атындағы академиялық драма театрдың әртісі Зәмзәгүл Шәріпова үлкен әріптесі Әмина Өмірзақованы қайталанбас талант иесі ретінде бағалайды.
– Мен актриса боламын деп Алматыға келгенімде Балалар театрына бардым. Сол жерде шамамен 10 жасар баланың образы ерекше есте қалды. Сондай бір пысық, қолды-аяққа тұрмайтын баланы сомдап жүрген Әмина апай екен. Сол кезде маған «мынандай актриса болу қайда» деген ой келгені рас. Одан біршама уақыт өткенде тағы да театрға бардым. Сол жерде бір қойылымда Ыбырай Алтынсариннің әйелінің ролін ойнайды екен. Өте керемет, мәдениетті, жүріс-тұрысының өзі ерекше, сөйлеген сөзінің өзі өзгеше сұлу әйелді көрдім. Сол кезде тағы да Әмина апайды танымай қалдым. Одан өзге «Тақиялы періште» мен «Ана туралы аңыз» фильмдеріндегі образдарды айтсаңызшы... Олар бір-біріне мүлдем ұқсамайды. Бұл жерде Әмина апамның сан қырлы екендігін, оның кәсіби актриса екендігін аңғаруға болады. Ондай актриса енді туса туар, алайда дәл қазір ондай талант жоқ деп айта аламын, – дейді Зәмзәгүл Шарипова.
Көпшілікке Тайлақтың анасы ретінде есте қалған Әмина Өмірзақова көзі тірі болғанда биыл 90 жасқа толар еді. Қанша қиын-қыстау заманды басынан өткерсе де, Әмина Өмірзақова – театр өнерінің шыңын бағындырған тума талант.
Жасқа толмай әкесінен айырылса, хат танып, білім қуған шағында жалғыз ағасы қуғынға ұшырады. Кейіннен соғыс ауыртпалығын жалғыз көтеріп, майданнан жаралы келген жұбайы 1956 жылы қаза тауып, үш баланың ауыртпалығы жалғыз өзінің басына түседі.
Театр мен отбасындағы қым-қуыт өмірін еңбекпен жеңген ана – Әмина Өмірзақова қатысқан 30-дан аса фильм әлі күнге көрерменнің қошеметіне бөленіп, киноөнерінің алтын қазынасына айналған.