Қазақстандық сарапшылар халықаралық «Каунтерпарт Интернэшнл» ұйымының қолдауымен бір жыл бойғы зерттеу нәтижесінде, қолданыстағы ақпарат туралы заң толық және қажетті ақпарат алуды қамти алмай отырғандығы былай тұрсын, «ақпарат» деген түсініктің өзін нақты талдап бере алмайды деген тұжырым жасаған.
Сөйтіп, үкіметтік емес ұйымдар мен ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігі, сондай-ақ, халықаралық ұйымдар өзара бірлесіп, «Ақпарат және ақпаратты қорғау туралы» заң жобасының тұжырымдамасын жасап шыққан. Және бұл тұжырымдама 2009 жылы Парламенттің қарауына ұсынылып, қолдау тапса қолданысқа енеді деп үміттенеді тұжырымдама жасаушылар.
Тұжырымдама жасауға бір кісідей атсалысқан «Ақпараттық бастама» корпаративті қорының атқарушы директоры Михаил Тюниннің сөзіне қарағанда, аталмыш тұжырымдамалық жобада осы уақытқа дейін Қазақстанның ешбір нормативті актілеріне енгізілмеген және айтылмаған қоғамдық маңызы бар ақпарат және сондай тағы басқа жаңа нормалар мен ақпараттық түсініктемелер енген көрінеді.
— Біздің дайындаған заң жобасының тұжырымдамасында негізінен ақпарат туралы жалпы түсінік және ақпараттың құқықтық режимдері, сондай-ақ, толық ақпарат алу мен ақпараттың қауіпсіздігі жөнінде айтылған. Бір сөзбен айтқанда, кез келген азаматтың қажетті ақпарат алу үшін керек заңдық баптар толық қамтылған. Тағы бір айта кететін нәрсе аталмыш заң жобасы тұжырымдамасында ешқандай өрескел шектеу жоқ. Ал енді моралдық жағынан терроризм, порнография, наркомания және тағы басқа теріс түсінік қалыптастыратын сайттарға, ақпараттарға тосқауыл қою орынды. Мұндай заң Еуропа елдерінде де бар, – деді 22 қаңтар күнгі баспасөз мәслихатында Михаил Тюнин.
Тұжырымдама түзуге құқықтық тұрғыдан қол ұшын берген «Құқықтық бастама» заңгерлердің қоғамдық бірлестігінің директоры Андрей Андреев, ақпараттың адам өмірінде алатын орны ерекше болғандықтан оның құқықтық статусы мен құқықтық режимі ақпарат алу мен оны қорғау жөніндегі заңның орындалуыna көп әсер ететінін атап көрсетті. Және қоғамда әлі де болса, ақпарат алу мен ақпаратты қорғауды БАҚ-тың қызметімен шатастыратын түсінік барын айта келе, екеуінің екі басқа дүние екенін ескертті.
Деректерге қарағанда, Қазақтан қоғамын ақпаратпен сусындатып отырған электронды БАҚ-ты қоспағанда, 453 мерзімді басылым қазақ тілінде, орыс тілінде – 2233 басылым жарық көреді екен.
Ақпарат айдынындағы қазақ тілді басылымдардың аздығын «Жас қазақ» ұлттық апталығының бас редакторы Дәурен Қуат елде орыс тілінің басымдығымен түсіндірді.
— Бизнес те, билік те орыс тілінде сөйлейді. Өз тілін, өз ұлтын қорашсынады. Оның үстіне ақпарат таратуда халықты алалау бар. Мысалы, ресми мәліметтермен қоса көптеген күнделікті жаңалықтар ә дегенде орысша таратылады. Сосын бірнеше сағаттан кейін болмаса бірнеше күннен кейін қазақ тіліне аударылады. Орысша басылымдардың көп болуы және таралымының көптігінің бір себебі осы, - дейді ол.
Алматыда 7 жылдан бері газет-журнал сатумен айналысып келе жатқан 65 жастағы Надежда Павлова қазақ тілді газеттерден тек қана сөзжұмбақтар ғана сататынын айтты. Оның айтуынша, қазақ газеттерін сату өзін-өзі ақтамайтын көрінеді.
— Қоғам шынайы ақпаратпен сусындап отырған жоқ. Себебі, мемлекеттік тендер арқылы шығатын газеттер шындықты боямалап, шет жағасын ғана айтады да, биліктің сөзін сөйлейді. Ал тәуелсіз газеттер барынша шындықты жазады. Бірақ, екеуінің таралымы жер мен көктей. Дау туғызған веб-сайттар туралы заң да әр адамның пікірін, көзқарасын білдіруі мен ақпарат алуына кедергі жасайды. Билік заңға өзгертуді Рахат Әлиевтің веб-сайт арқылы таратып отыған мәлімдемелерінен сақтану үшін жасап отыр. Әрине, біздегі интернетте мәдениетсіздік баршылық. Бірақ, оны өмірдің өзі түзетеді, - деді «Жас алаш» газетінің бас редакторы Рысбек Сәрсенбайұлы Азаттық радиосына берген сұхбатында.