Шілденің басында Алматыда «Өзбекстандағы қазақтардың тарихы және бүгінгі дамуы» атты кітаптың тұсаукесері болып өтті. «Атажұрт» баспасында «Шетелдегі қазақтар» сериясымен жарық көрген бұл кітап шетел қазақтары туралы шыққан тұңғыш ғылыми еңбек дейді ғалымдар.
Жаңа кітаптың ауторлары – тарих ғылымдарының докторлары Қалыбек Қобландин мен Гүлнәр Меңдіқұлова. Қазақстанның Қырғыз Республикасындағы елшілігінің қызметкері Қалыбек Қобландин Азаттық тілшісіне арнайы сұхбат берген еді.
ӨЗБЕКСТАН ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ ТАРИХЫ 5 КЕЗЕҢГЕ БӨЛІНГЕН
– Қалыбек Ибрагимұлы, Өзбекстандағы қазақтардың тарихы туралы жазуға не түрткі болды?
– Мен 2004-2007 жылдар аралығында Өзбекстандағы Қазақстан елшілігінде қызмет атқардым. Осы уақытта Өзбекстан қазақтары жайында біршама зерттеу жүргізген едім. Жалпы, шетелдегі қазақтар тарихы бізде соңғы кезде ғана жүйелі түрде зерттеліп келеді. Бұл біздегі ғылыми тұрғыдан жазылған алғашқы монографиялардың бірі.
– Кітапқа қандай деректер өзек болды?
– Әрине, кітап ғылыми монография болғандықтан, әуелі Ташкент, Қарақалпақстан және Хиуа мен Ресейдегі мұрағат деректерін зерделеп, салыстырып, жалпы осы өлкедегі халықтардың тарихына ғылыми шолу жасадық.
Кітапта Өзбекстан қазақтарының тарихын 4 кезеңге бөліп қарастырдық. Біріншісі, қазір Өзбекстан аумағында қалып қойғанымен, Қазақстанмен іргелес жатқан аудандарындағы, бұрыннан қазақ руларының жайлап қоныстанған атамекені.
Әрі қазақтың сол кездегі тарихы ХVІІІ ғасырдағы Жоңғар шапқыншылығымен байланысты. Сол кезде қазақ руларының Бұқара, Ташкент, Хиуа, тіпті Памирге дейін көшкендігі туралы ақпараттар жетіп отыр.
Патшалық Ресейдің Орталық Азияны отарлау саясаты кезінде құрылған «Түркістан генерал- губернаторлығының» құрамына Қазақстанның оңтүстік бөлігі енген еді.
Қазақ ауылдары сол кезде де біраз қуғыншылыққа ұшыраған. Соның салдарынан, әрі қарай көшіп кеткен немесе сол жерде өзге халықтарға сіңіп кеткен. Екінші кезеңі – осы мәселеге арналды.
Үшінші кезеңі, Совет өкіметі орнағаннан кейінгі кезеңнен Екінші дүниежүзілік соғысқа дейінгі аралықты қамтиды. Яғни, Совет Одағының алғашқы жылдары, ашаршылық кезеңі, күшпен ұжымдастыру және репрессия, Түркістан мемлекеттерінің іргетасын қалаушы қазақ қайраткерлері жайында сөз болады.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Өзбекстанның халық шаруашылығын дамыту мақсатында Оңтүстік Қазақстанның біраз аудандары Өзбекстанның қарамағына өтті. Бұл аралықты біз төртінші кезеңге жатқыздық.
Жаңа кезең – Өзбекстанның тәуелсіздігін жариялағаннан кейінгі тарихты сөз етеді. Бұл мәселе енді зерделеніп келеді. Бұл кезеңде Өзбекстаннан қазақтардың Қазақстанға қоныс аударуына көбірек мән берілді.
– Совет Одағы орнаған алғашқы жылдарды ІІІ кезеңге топтастырдық деп отырсыз ғой. Осы жылдары біртұтас Түркістан идеясын ту еткен Мұстафа Шоқайдың Қоқан үкіметін құрғандығы мәлім. Кітапта бұл туралы дерек кездесе ме?
– Жалпы, Совет Одағы құрылған 1917 жылдан 1924-25 жылдарға дейін, яғни, ұлттық- мемлекеттік межелеуге дейінгі аралықта Түркістан мемлекеттігінің құрылу-қалыптасу кезеңінде қазақ мемлекеттік қайраткерлерінің қосқан еңбегі зор.
Тек қазақ мемлекетінің ғана емес, сондай-ақ, Орта азиялық мемлекеттердің ұлттық болмысын сақтауда олардың рөлі аса жоғары болған. Бұл жайында тарихшылар әртүрлі қырынан қарастырып жатыр.
Мысалы, Мұстафа Шоқайдың Қоқан автономиясын құрған кезеңі, Тұрар Рысқұловтың Федеративті мұсылман мемлекетін құру туралы идеясы, Сұлтанбек Қожановтың мақалалары жайында ғалымдар зерттеу еңбектерін жазып жатыр. Біз осы мәселелерді әрі қарай тереңдетіп қараған жоқпыз, оны басқаша тұрғыдан беруді жөн көрдік.
– Қай тұрғыдан?
– Қазақ халқының дамуы, оның диаспорологиялық және демографиялық дамуы тарихына байланысты қарастырдық. Яғни, қазақтардың әлеуметтік жағдайын, сол кезеңдердегі саяси ахуал, халық санағы секілді мәселелерге мән бердік. Мысалы, 1897 жылы бүкілресейлік халық санағы болып өткені белгілі.
ХІХ ҒАСЫРДЫҢ СОҢЫНДА ӨЗБЕКСТАНДА 150 МЫҢ ҚАЗАҚ БОЛҒАН
– Сіз айтып отырған санақ бойынша қазіргі Өзбекстан жерінде ХІХ ғасырдың соңына қарай қазақтардың саны қанша болыпты?
– 1897 жылғы халық санағында тұрғын халықтарды ана тілі бойынша топтарға бөлген екен. Біз бұнда тек қана Өзбекстан аумағы бойынша қазақтардың санын алдық. Бұл дерекке сүйенетін болсақ, қазақтардың жалпы саны – 150 мыңнан асқан.
Яғни, сол кездегі халықтың 6,5%-ын құраған. Ал, Ресей патшалығы бұл санақты Түркістан генерал -губернаторлығында өткізген. Ол өлкенің құрамына – Қызылорда, Шымкент, Жамбыл облыстары мен Қырғызстанның да енгені белгілі.
Демек, бұл санақтың қорытындысына осы аумақтағы қазақтардың саны да қоса есептелген. Дегенмен, біз Өзбекстан территориясына қарастыларын ғана алуға тырыстық.
– 1989 жылы Советтер Одағының соңғы халық санағы өткені мәлім. Ол мәлімет бойынша қалай?
– Бұл санақтың нәтижесі бойынша, қазақтардың саны 800 мыңнан асып жығылған.
– «1,3 миллион қазақ бар» деген ресми мәлімет қайдан алынған сонда?
– Кейбір дерек көздері – қазақтардың көпшілігінің өзбек болып жазылып кеткендігі жайында айтады. Мысалы, өзім сонда қызмет етіп жүргенімде, бір отбасының адамдары «өзбек» деп жазылған екен. Ал, олардың ата-аналарының құжаттарында «қазақ» деп көрсетілгенін көрген едім.
1920-шы жылдары көшіп-қонып жүрген «Құрама» атты рудың адамдары бірде «өзбек» болып, бірде «қазақ» болып жазылып жүріпті. Демек, саяси науқанның салдарынан бұндай жағдайлар болып тұрған.
– Демек, Өзбекстандағы қазақтардың саны миллионға жетпейді ғой?
– Бұл – 1989 жылғы санақ бойынша. Ал, қазіргі уақытта біздің есебіміз бойынша ондағы қазақтардың саны – 1 миллионға жетіп отыр. 1991 жылдан кейін Өзбекстандағы қазақтардың көпшілігі – Қазақстанға көшіп кетті. Ресми деректер бойынша, 1991-2007 жылдары Қазақстанға келген 400 мыңдай қазақтардың 61%-ы Өзбекстаннан қоныс аударған.
Жалпы, Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Өзбекстандағы қазақтар ондағы халықтың 4%-ын құраған. Бірінші орында – өзбектер, сосын – орыстар, үшінші орында – тәжіктер, ал, төртінші орынға – қазақтар табан тірейді. Өзбекстандағы жалпы халықтың саны – 27 миллионнан астам.
– 1989-2009 жылғы аралықта Өзбекстанда жалпыұлттық халық санағы жүргізілген жоқ қой.
– Әрине, жүргізілген жоқ. Бірақ, жыл сайын ресми статистикалық мәліметтер беріліп отырады. Біз осы мәліметтерге жүгіндік.
235 ҚАЗАҚ МЕКТЕБІНДЕ 100 МЫҢНАН АСТАМ ОҚУШЫ БІЛІМ АЛАДЫ
– Совет Одағы құлаған жылдарда Өзбекстанда 700-ге тарта қазақ мектебі бар еді. Қазір қаншасы қалыпты?
– Өзбекстанның Халыққа білім беру министрлігінің мәліметі бойынша, 2002-2003 жылдары қазақ-өзбек тілінде дәріс беретін аралас мектептердің саны – 581 болған болса, 2006-2007 жылдары 521 аралас мектеп болған. Ал, таза қазақ мектептерінің саны – 234-ке жеткен. Оқушылардың саны – 100 мыңнан асқан.
Мектептерде сабақ латын жазуымен оқытылады, жалпы білім беру мектептері – 9 сыныпқа дейін ғана білім береді. Одан кейінгі білім колледжге ауыстыралды. Ондағы сабақтар тек өзбек, орыс тілдерінде ғана жүргізіледі.
– Ал, жоғары оқу орындарында қазақ тілінде сабақ беретін арнайы факультеттер бар ма?
– Тәшкенттегі Низами атындағы университетте, Жызақта және Нүкісте қазақ тілі мен әдебиеті факультеті бар. Бірақ, басқа мамандықтар бойынша факультеттер әзірге ашылған жоқ.
– Еңбекте «диаспора» сөзінен гөрі, «ирридиент» деген терминді көбірек қолдандық дейсіздер. Оның себебі неде?
– Ғылыми тұрғыда диаспора деп – өз Отанынан жырақ жүрген ұлт өкілдерін айтады. Ал, ирридиент дегеніміз – көршілес аудандар мен шекаралас жатқан аймақта орналасқан халықтар.
Мысалы, Ресейдің Саратов, Самара, Астрахань, Омбы, Орынбор бөлігіндегі қазақтар, сол секілді Түркіменстан мен Өзбекстандағы, Қырғызстандағы шекаралас аудандағы қазақтарды ирридиент деп атаймыз.
– Яғни, атамекенінде отырған қазақтарды айтамыз ғой?
– Енді ол кездегі қазақ рулары көшіп-қонып жүргендіктен, арнайы шекарасы бола қойған жоқ. Олар мемлекеттік шекараның бір бөлігінде қалып қойған. Бұл жерлерді шекара бөлісі кезінде қалып қойған атамекеннің бір бөлігі деп атауға болады.
– Әңгімеңізге рахмет.
ӨЗБЕКСТАН ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ ТАРИХЫ 5 КЕЗЕҢГЕ БӨЛІНГЕН
– Қалыбек Ибрагимұлы, Өзбекстандағы қазақтардың тарихы туралы жазуға не түрткі болды?
– Мен 2004-2007 жылдар аралығында Өзбекстандағы Қазақстан елшілігінде қызмет атқардым. Осы уақытта Өзбекстан қазақтары жайында біршама зерттеу жүргізген едім. Жалпы, шетелдегі қазақтар тарихы бізде соңғы кезде ғана жүйелі түрде зерттеліп келеді. Бұл біздегі ғылыми тұрғыдан жазылған алғашқы монографиялардың бірі.
– Кітапқа қандай деректер өзек болды?
– Әрине, кітап ғылыми монография болғандықтан, әуелі Ташкент, Қарақалпақстан және Хиуа мен Ресейдегі мұрағат деректерін зерделеп, салыстырып, жалпы осы өлкедегі халықтардың тарихына ғылыми шолу жасадық.
Кітапта Өзбекстан қазақтарының тарихын 4 кезеңге бөліп қарастырдық. Біріншісі, қазір Өзбекстан аумағында қалып қойғанымен, Қазақстанмен іргелес жатқан аудандарындағы, бұрыннан қазақ руларының жайлап қоныстанған атамекені.
«Өзбекстандағы қазақтардың тарихы және бүгінгі дамуы» кітабы. Ауторлары - Қалыбек Қобландин мен Гүлнәр Меңдіқұлова. Алматы, «Атажұрт» баспасы, 2009 жыл.
ХVІ-ХVІІ ғасырлардағы Тәуке ханның тұсында, Самарқандты билеген Жалаңтөс батырдың, хандардың орталығы болған Ташкент шаһарының айналасы қазақ руларының көшіп-қонып жүрген өлкесі болған.Әрі қазақтың сол кездегі тарихы ХVІІІ ғасырдағы Жоңғар шапқыншылығымен байланысты. Сол кезде қазақ руларының Бұқара, Ташкент, Хиуа, тіпті Памирге дейін көшкендігі туралы ақпараттар жетіп отыр.