Қостанайдағы мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар және өзге де көпшілік орындарда Жаңа жыл мерекесіне дайындық қызу жүріп жатыр. Ал тұрғындар болса Құрбан айт секілді Тәуелсіздік күні де биліктің назарынан тыс қалып қоя ма деп қауіптенеді.
ЖАҢА ЖЫЛДЫ ТОЙЛАУҒА БЮДЖЕТТЕН 15 МЛН ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
Құрбан айт өте салысымен Қостанай қаласында қарбалас басталды. Сауда орындары мен дәмханалар, мекемелер мен кәсіпорындар жаңа жылды қарсы алу шараларына қызу кірісіп кетті.
Тіпті, 16-желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні осы жаңа жылдық шаралардың тасасында қалғандай дейді кейбір қала тұрғындары.
– «Рождество», «Жаңа жыл» деген сөздер аспалы кермеде де, билбордта да, көшедегі жарнамада да қаптап кетті. Міне, желтоқсан айының алғашқы аптасы да өтіп барады. Ал Тәуелсіздік мерекесіне байланысты қалада бірде бір құттықтау жоқ. Құрбан айт мейрамы да тек мешіттегілерге ғана керек сияқты. Ол мейрамға да қалада жеткілікті көңіл бөлінбеді, – дейді қала тұрғыны Бақытхан Жұмаділқызы.
Биылғы жылдың 16 қарашасында Қостанай қалалық әкімшілігі «Біздің жаңа жылдық қала» деп аталатын дәстүрлі байқауын жариялады. Оның қорытындысы 15 желтоқсанда шығарылуы тиіс.
Қала әкімінің орынбасары Марат Жүндібаевтың сөзіне қарағанда, жаңа жылды қарсы алуға жергілікті бюджеттен 15 миллион теңге бөлінген. Мұның сыртында әрбір кәсіпорын мен мекеме, оқу орындары басшыларына жаңа жылдық шыршаны безендіруге тапсырма берілген.
Бірақ, көшеде қар жоқ, әрі күн суытпай тұр. Сондықтан аққала салу, қардан мүсіндер соғу, мұз айдынын жасау секілді жылдағы шаралар күн тәртібінен өзінен өзі түсіп қалды.
Облыстық әкімдік алдында биылғы жылы Қарқала тұрғызылмайды, тек қана өткен жылы сатып алынған жасанды шырша орын тебеді. Қала басшыларының сөзіне сүйенсек, тәуелсіздік күні барлық жаңа жылдық шыршалардың шамдары жағылатын көрінеді.
"ЕСКІДЕН ҚАЛҒАН МЕЙРАМДАР ЕНШІМІЗГЕ АЙНАЛҒАН"
– Бір өкініштісі, Рождество десек те, жаңа жыл десек те, бұрынғы Советтік империядан қалған мейрамды ата-бабамыздың мұрасындай жетісіп тойлаймыз. Ал қазақтың дәстүрлі Наурыз мейрамына әкімқаралар мүлде көңіл бөлмейді, Наурызда бар болғаны оншақты киіз үй тігумен шектеледі. Шындығында, Григориан күнтізбесі бойынша тойланатын жаңа жылды да көшеге, алаңға шығармай-ақ, әр отбасы өз үйінде ғана тойлағаны дұрыс қой, – дейді Ахмет Байтұрсынов атындағы ҚМУ әлеуметтік-гуманитарлық факультетінің журналистика мамандығы бойынша студенті Жандос Жүсіпбеков.
Қазақтың жаңа жыл тойлауының артықшылығы өте көп. Басқалар ағаштың жанын қинап, жас өскінді кесіп, қиып, үйіне шырша орнатып жатса, ата-бабалар Наурыз айында көшеттер отырғызған. Қыста су қатып жатса, бітеліп қалған бұлақ көздері жазда ашылған. Қысқы қалың киім сыпырылып, жаңа киім-кешек киілген.
Көне орыс жерінің өзінде христиан дінін қабылдағанға дейін Жаңа жылды наурыз айының бірінен бастап тойлаған. Ағылшындар наурыздың жиырма бесін жаңа жылдың алғашқы күні деп есептеген дейді сұхбаттасымыз.
– Совет империясының идеологиясынан, тіпті оған дейінгі ақ патшаның отарлаушылық идеологиясынан әлі арыла алмай келеміз. Ата заңымызда зайырлы мемлекет деп жазылғандықтан, ешқандай діни артықшылықтарға жол берілмеуі керек десек те, осы уақытқа дейін тойлап келген жаңа жыл - кәдімгі Рождество мейрамы. Санта Клаус немесе Дед Мороз дегеніміз, турасын айтсақ, мейірімді Аяз ата емес, қаҺарлы қыстың қатал бейнесі, – дейді экономика ғылымдарының кандидаты Қанатбай Сисенбаев.