Жұма күні Қазақстан парламентінде оқылған президент үндеуін түсіністікпен қабыл алған депутаттар Назарбаевтың «ұлт көшбасшысы» туралы заңға қайта оралуы мүмкін екендігін жасырмайды. Сарапшылар болса, президент өз абыройына нұқсан келтірген парламентті таратқаны жөн дейді.
«БІЗ ОЛ КІСІГЕ РИЗАМЫЗ!»
Маусымның 4-і күні Астанада парламент сенатының жалпы отырысында спикер Қасым-Жомарт Тоқаев депутаттарды президент үндеуімен таныстырды.
«Мен қоғамдық пікірде берік қалыптасқан «Елбасы» мәртебесін заңдастыру туралы Парламенттің шешімін түсіністікпен қабылдаймын. Әлеуметтік зерттеулер бүгінде Қазақстан халқының басым көпшілігі осы идеяны қолдайтынын көрсетіп берді. Сондықтан, мен еңбегімді бағалап, қолдау білдіргендерді үшін қазақстандықтарға шынайы алғысымды білдіремін.
Сонымен қатар, мен елбасы мәртебесін тек заңдармен немесе өзге де құқықтық актілермен белгілеуге болмайды деп есептеймін», - делінген үндеуде.
Қазақстанның өз іші мен халықаралық деңгейде қол жеткізген жетістіктерін атап өткен президент, «маған жіберілген заңдарға қол қоюдан бас тарту жөніндегі ұстанымымды дұрыс түсінулеріңізді өтінемін», - деді.
Ал депутаттар болса, өздерінің президент шешімін «дұрыс түсінетіндіктерін» жарыса айтып жатты. Оның ішінде «ұлт көшбасшысы» туралы мәселені заңдастыруды ұсынған үш депутаттың бірі Әмзебек Жолшыбеков та болды.
– Бұл – президенттің өзінің құқы. Біз ол кісіге ризамыз! Ешқандай өзге ой жоқ. Ол кісі сондай шешім қабылдады, адами да конституциялық өзінің құқын орындады, – деді журналистерге сұхбат берген депутат.
– Іс жүзінде ол – біздің көшбасшымыз. Бізде президентіміз сияқты, халық сеніп, артынан ілесетін басқа адам жоқ, – дейді парламент мәжілісінің депутаты Гүлмира Исимбаева.
«МЕМЛЕКЕТТІ ҰЯТҚА ҚАЛДЫРДЫ»
Президент Назарбаевқа ұлт көшбасшысы мәртебесін беру туралы ұсыныс айтыла басталғаннан-ақ елдегі бірқатар қоғамдық ұйымдар, оппозиция өкілдері наразылық шарасын ұйымдастырып, президенттің бұл заңды қабылдамауын өтініп хат та жазған. Солардың бірі тіркелмеген «Алға» партиясы еді. Партия жетекшісі Владимир Козлов бұл жаңалықты жағымды дегенімен, қуанудың әлі ерте екендігін айтады.
– Президент неге екендігін қайдам, ұлт көшбасшысы ұсынысын қозғаған парламентіне алғыс айтты. Меніңше, бұл ұсыныс президентті де, парламент пен мемлекетті де ұятқа қалдырды, - дейді Козлов.
– Ар-абыройынан жұрдай болған мұндай парламенттің жұмыс істеуге құқы жоқ. Ал ұсыныс жасаған депутаттар осыны түсініп, депутаттық мандатын тапсыруы керек. Бүгін болмаса ертең бұл мәселе тағы көтерілмейтіндігіне менің күмәнім жоқ, - дейді Серікболсын Әбділдин.
ҚАУІПСІЗДІК ҮШІН «ҚАТЫРЫЛҒАН» ЗАҢ
Саясаттанушы Николай Кузьминнің айтуынша, бүгінгі заңнама Қазақстан президентіне жеткілікті өкілеттік беріп, оның мүддесін толық қорғап жатыр.
– Ал егер президенттің жеке басының қауіпсіздігін қамтамасыз ету керек болса, онда оны заңмен емес, кадрлық өзгерістермен жүзеге асыру жеткілікті, - дейді Кузьмин.
Естеріңізде болса, президент Назарбаевқа ұлт көшбасшысы мәртебесін беру жөніндегі конституциялық заң 13 мамыр күні парламенттен президенттің қол қоюына жіберілген болатын. Аталмыш заң президенттің өкілеттіктерін атқару кезінде, сондай-ақ құзіреті аяқталған соң да жасаған әрекеттері үшін жауапкершілікке тартпауды қарастырған. Сонымен бірге президентті ұстап, қамауға алуға, одан жауап алуға немесе жеке тінту жүргізуге болмайтындығы да айтылған. Осы заңда ұлт көшбасшысының заңды қызметіне кедергі жасағаны, оның бейнесін бүлдіргені, халық алдында ар-ожданына тіл тигізгені немесе ұлт көшбасшысының ар-намысына басқа әрекеттермен нұқсан келтіргені үшін азаматтарды жауапқа тарту да көзделген еді.
Маусымның 3-і күні президент аталған заңға қол қоюдан бас тартқанымен, депутат Тасбай Симамбаев, Назарбаевтың бұл заңды кешірек қабылдауы мүмкін екендігін айтады. Сенатордың сөзінше, әдетте соғыс жылдары мемлекет басшылары туралы заң өзгеріп отырған.
– Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Сталин бас қолбасшы болып, билікті өз қолына алды. Нәтижесінде біз соғыста жеңдік, - дейді депутат.
Қосымша өкілеттік мәселесінің қайта көтерілуі мүмкіндігі президент үндеуінде де айтылып отыр. Әлем елдерінде мемлекет басшысына қосымша өкілеттіктер берудің аз емес емес екенін меңзеген президент, бұдан бұрын да өзіне қосымша өкілеттіктер сұрағандығын атап өтті.
«Егер болашақта елдің дамуы мен азаматтардың қауіпсіздігіне, мемлекеттің тұтастығы мен ұлттың мүддесіне қатер төндіретін алмағайып заман туса, мен қосымша өкілеттіктер сұраймын және бұлтартпас тұжырым арқылы халықтың қолдауына толық ие боларыма күмәнім жоқ», - делінген үндеуде.
«МЕЗІ ҚЫЛАТЫН МЕТОДИКА»
Саясаттанушы Айдос Сарымның пікірінше, бұл ұсыныстың өзі – алдын-ала дайындалған қойылым.
– Өкінішке қарай, тым жиі қолданғаннан кейін мұндай методиканың күші де, әсері де болмай қалады. Бұл – биліктің әбден етке сіңген әдеттегі тәсілі, - дейді саясаттанушы.
Оның сөзінше, билік осы сынды «қойылымдарды» әр екі жыл сайын қойып отырады.
– Қоғамды дүрліктіріп алып, өзінен шыққан ұсыныстарды өзі қабылдамай тастайды. Сосын халықтың алдында мейірбанды, шет ел алдында керемет салиқалы саясаткер болып шыға келеді, - деп атап көрсетті Айдос Сарым.
МАУСЫМДЫҚ СӘЙКЕСТІК
Президентке қатысты осыған ұқсас ұсыныс мұның алдында да болған еді. Атап айтқанда 2008 жылы маусымның 4-інде депутат Сәт Тоқпақбаев Астананың атын «Нұрсұлтан қаласы» деп өзгерту жөнінде мәселе көтерген болатын.
Назарбаевты «Астананың әкесі және бас құрылысшысы» болды деп атаған Тоқпақбаев сонда былай деген:
– Біздің президентіміздің Қазақстанды дамытып, Астананы салудағы үлкен рөлін ескере отырып, Астана қаласының атын Нұрсұлтан қаласы деп атауды ұсынамын.
Президент болса, арада екі күн өткенде, яғни 2008 жылы маусымның 6-сында бұған қарсы екенін білдіріп:
– Тіпті депутаттар осындай заң қабылдай қалған күннің өзінде, сол заң маған қол қоюға жіберілетіні анық. Мен астананың атын басқа атпен өзгертуге, оның үстіне менің есіміме өзгертуді жақтамаймын. Мұндай шешімді келер ұрпақ қабылдайды, - деген болатын.
Ал таяуда ғана тағы бір депутат Тито Сыздықов Анкарадан бұрын Астанада Назарбаевқа ескерткіш тұрғызылу керектігін қозғаған еді. Депутат бұл ұсынысты Түркия президенті Абдулла Гүлдің Анкарада Қазақстан президентіне ескерткіш орнатылатынын жариялаған соң ортаға салды.