Лондонда болған кезінде, Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Григорий Марченко биылғы жылы теңге девальвациясы болмайды деп мәлімдеді. Сонымен бірге ол жалпы ішкі өнімнің өскенін хабарлады. Әйткенмен халықаралық сарапшылар ол көрсеткіш төмендейді деген болжам айтады.
«МҰНАЙ БАҒАСЫ МҰНДАЙ БОП ТҰРҒАНДА САСПАУҒА БОЛАДЫ»
Блумберг агенттігі 15 мамырда Лондонда, Еуропадағы қайта құру және даму банкіндегі жиылыс соңынан журналистерге берген сұхбатында, Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Григорий Марченконың биылғы жылы Қазақстанның ұлттық валютасына девальвация жасалмайтындығы туралы мәлімдегенін хабарлайды. Биылғы ақпан айында Ұлттық банктың жүргізген шарасынан кейін, АҚШ долларына шаққанда теңге 21 пайызға құнсызданған болатын.
«Біз бұл дәлізде (яғни орташа мөлшермен 1 долларға 150 теңге келетін деңгейде) қалуға күш саламыз әрі биыл енді қайтып теңге құнсыздандырылмайды», - деп атап көрсеткен Григорий Марченко.
Мұнай, бидай мен металл тауарларының бағасы қазіргідей боп тұрғанда девальвацияға баруға еш қажеттілік жоқ, деп Марченконың айтқанын жазады Блумберг.
Ұлттық банк басшысының сөзіне қарағанда, қайта қаржыландыру ставкасы Қазақстанда биыл бесінші мәрте төмендетіліп, қазіргі 9 пайыздан 8 пайыздық деңгейге дейін азайтылуы мүмкін.
«ДАҒДАРЫС САЛДАРЫНАН ЕЛ РЕЦЕССИЯ ЕРНЕУІНЕ ЖАҚЫНДАДЫ»
Әлемдік мұнай қорларының 3,2 пайызына ие Қазақстан мұнай бағасының 67 пайыз мөлшерде төмендеуінен және әлемдік қаржы дағдарысынан зиянға ұшырады, бұл жайттар елдің ең ірі банкі – БТА банктың дефолтқа ұрынуына себеп болды, деп жазады Блумберг агенттігі.
Сонымен бірге Нью-Йорк тауар биржасында шикі мұнайдың бағасы 44 пайызға өскені айтылады. Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы, алда-жалда 1 баррель мұнайдың бағасы 25 доллар деңгейін түсіп кеткен жағдайда Қазақстанның арнайы жоспары барын атап өткен. Бұл жоспарға сәйкес, әлгіндей жағдайда Қазақстан Халықаралық валюта қорымен келіссөздер жүргізуді де қарастырып қойған.
Осымен бір мезетте, Халықаралық валюта қоры Қазақстан үкіметіне бұл елдің несие жүйесіндегі қордаланған мәселелерді реттеуді өтінген мәлімдеме жасады. Аталған халықаралық мекеменің өкілдерінің айтуынша, бұл Қазақстанға экономиканың өсуіне жету және теңгенің икемдірек айырбас бағамын енгізу үшін қолайлы ахуал қалыптастыруға жол ашып бермекші, деп хабарлайды Рейтер агенттігі.
Агенттік талдаушыларының пікірінше, қаржы дағдарысы Қазақстанды рецессия ернеуіне алып келді және ел үкіметін экономиканы жандандыру ісіне 25 миллиард доллардай қаржы – елдің жалпы ішкі өнімінің төрттен бір мөлшеріне пара-пар сома – салуға мәжбүр етті.
«2010 ЖЫЛ ДА ҚАЗАҚСТАН ҮШІН АУЫР ЖЫЛ БОЛАДЫ»
Сонымен қатар, Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы биыл Қазақстанның жалпы ішкі өнімі нөлден 1 пайызға дейінгі аралықта, келесі жылы – 2 мен 3 пайыз аралығында өседі деп мәлімдеген жайлы Би Би Си ақпарат тарату корпорациясы хабарлайды.
Алайда, халықаралық кредит агенттіктерінің болжамы бұған кереғар болып отыр. Атап айтқанда «Фитч» (Fitch) агенттігі Қазақстанның жалпы ішкі өнімі өсуінің қарқыны «минус бес пайыз» деңгейіне дейін азаяды десе, «Стандарт энд Пуэрс» (Standard & Poor's) – бұл көрсеткіш «минус үш пайыз» деңгейіне дейін азаяды деп отыр.
Халықаралық валюта қорының Қазақстандағы өкілдігінің басшысы Тим Коллен, Рейтер агенттігіне, аталған қор республика үкіметінің ұлттық экономиканың өсуін жандандыруға бағытталған шараларына қолдау көрсететінін мәлімдеген.
Бірақ, 2010 жыл да Қазақстан үшін ауыр жыл болады, деп ескертеді ол. Тим Колленнің пікіріне қарағанда, Қазақстан кредиттік мекемелер саласындағы мәселелерді шешу ісіне көбірек мән беруі керек, себебі келесі жылы Қазақстан экономикасының өсуін жандандыру әрекетінің сәттілігі нақ осы шараларға тәуелді болмақ.
Рейтер агенттігі, сонымен қатар, Қазақстан Ұлттық банкі төрағасының егер әлемдік қаржы дағдарысының үшінші толқыны басталып, ол ел экономикасына зиян келтірсе, онда ел үкіметінің Халықаралық валюта қорынан көмек сұрауы мүмкін екендігін айтқан сөзін келтірген.
Бұған қоса, Қазақстан үкіметі салымшыларға, егер қарыз берушілер елдегі ең ірі банк – БТА банк пен елдегі көлемі жөнінен төртінші ірі банк «Альянс Банктің» қарызын қайта құрылымдауға келісім бермесе, онда аталған несие мекемелерінің банкрот боп кетуіне бөгет жасамайтындығын хабарлаған.
«ЕГЕР САЛЫМШЫЛАР ОЛАРДЫҢ БЕРГЕН БАРЛЫҚ ҚАРЫЗЫН ҮКІМЕТ ҚАЙТАРЫП БЕРЕДІ ДЕП ҮМІТТЕНСЕ, ОНДА ОЛАР ҚАТЕЛЕСЕДІ»
Халықаралық валюта қорының Қазақстандағы өкілдігінің басшысы Тим Коллен, бұл ахуалға қатысты өз пікірін білдіре отырып, мәселені шешудің икемді жолын табу Қазақстан экономикасының кеңірек ауқымдағы мәселелерін тиімді шешу үшін маңызды екендігін айтады. Одан бұрын, сәуірде, Халықаралық валюта қоры Қазақстан экономикасының өсуінің қарқыны биыл «минус екі пайыз» мөлшерінде азаятындығын мәлімдеген болатын.
Блумберг агенттігінің хабарлауына қарағанда, Григорий Марченко БТА банктың несие берушілер алдындағы 15 миллиард доллар қарызын Қазақстан үкіметі қайтарып бермейтіндігін растаған.
«Егер салымшылар үкімет оларға барлық қарыздары мен облигацияларының құнын қайтарып береді деп үміттенсе, онда олар қателеседі», – деп атап көрсеткен Григорий Марченко.
Акцияларының 75,1 пайыз мөлшеріндегі бақылаушы пакетін биылғы жылы ел үкіметі сатып алған БТА банк, несие берушілер қарыздарын өздеріне тезірек қайтаруды талап еткеннен соң, қарыздары бойынша төлем төлеуді тоқтатқан болатын.
Ал Альянс банк болса, өзінің баланстық құжаттарында көрсетілмеген 1,1 миллиард АҚШ доллары көлеміндегі қарызы бар екендігі анықталған соң-ақ, сәуірдің 13-інен бастап өзінің борыштары бойынша төлем төлеуді тоқтатқан болатын, деп жазады агенттік.