Үш жылдан бері соттан сот қалдырмаған Алматы қаласы Түрксіб аудандық ауған соғысы ардагерлері сәрсенбіде қалалық прокуратураны дуэльге шақырды. Ардагерлердің айтуынша, өздерінің төл ұйымдарына қарасты жер иелігі мен мүліктері 2003 жылы заңсыз сатылып кеткен, заң органдары заңсыздықты түзеуге құлықсыз.
Ауған соғысы ардагерлерінің Қазақстандағы ең алғашқы қоғамдық ұйымы Алматының осы Түрксіб ауданында (бұрынғы Октябрь) 1983 жылы құрылыпты. Содан тура он жыл өткенде бұл қоғамдық ұйым ресми түрде тіркеуден өткен. Ал, тағы он жыл өткенде, яғни 2003 жылы, қоғамдық бірлестікке қарасты жер иелігі мен мүліктері сатылып кетіпті.
Дәл осы қисын әрі қарай қалай өрбитіндігі белгісіз. Бірақ, өздеріне тиесілі дүние-мүліктерінің қалай сатылып кеткендігін де сезбей қалған ардагерлер үш жылдан бері соны қайтара алмай соттасып келе жатқанымен, әлі күнге әділдіктің ұшын шығара алмай отырған прокуратураны «жекпе-жекке» шақыратындықтарын мәлімдеді.
– Біз прокуратураны «дуэльге» шақырамыз. Бұл жердегі «дуэль» балама сөз, әрине. Бірақ, шын мәніндегі дуэльге шақырғымыз-ақ келеді. Сонымен біз шақырдық. Соның аясында пікірталастар өткізіліп, сонда біз прокуратураға сынымызды айтып қана қоймай, сонымен қатар олардың жауабын естігіміз келеді. Ал, олардың жауаптары, біздің қолымызда көптеп жиналып қалған қағаздар түрінде емес, бетпе-бет айтылуы тиіс. Нақты сұраққа нақты жауап: «Неге заң бұзылған?», «Неге сіздер мұндай заңсыздықтарға жол бересіздер?» және сол секілді сауалдар қойылады, – деді ауған соғысының ардагері Андрей Якунин.
Оның айтуынша, ардагерлерге ортақ дүние мүліктерді 2003 жылы маусым айында Әукен Айдарбеков деген кісі сатып жіберген. Мүлікті сату келісім шартында 500 мың теңге көрсетілген.
Бірақ, шын мәнінде оның нарықтағы құны бірнеше есе жоғары. Келісімде көрсетілген сол болмашы қаражаттың өзі ұйымның есебіне түспеген. Ал, Айдарбековтің өзі ауған соғысының ардагері емес, бұл жағы сот барысында дәлелденген, дейді ардагер Сейілхан Смайылов:
– Ол төраға болып сайланыпты. Сайланған жиынға менің де қатысқаным көрсетілген. Бірақ мен Айдарбековтің өзін танымақ түгілі, түрін алғаш рет сотта көрдім. Сондай-ақ, бұл хаттамада көрсетілген тоғыз адамның төртеуі ғана ауған соғысының ардагері. Оның екеуі Ресейге баяғыда көшіп кеткендігін мен жақсы білемін. Сол жиында төраға атанған ол ұйым жалға алып отырған жерді жеке меншікке өткізіп, кейін сатып жіберген.
Бір қызығы, ардагерлердің өздері отырған жердің баяғыда сатылып кеткендігін және жаңа төрағалары бар екендігін 2006 жылы ғана біліпті. Қазіргі күнге дейін олар сот орындарына үш рет шағым түсіріп, жиырмаға тарта сот мәжілістеріне қатысқан. Аудандық, қалалық соттар және қалалық соттың бақылау алқасы ардагерлердің шағымдарын қанағаттандырмаған. Осы істің материалымен таныс заңгер Сергей Уткин, қаншама заңбұзушылықтарға орын берілгендігін атап көрсете келе, прокуратура сатылған ба деген болжамын айтады:
– Қаншама заң бұзушылықтар бар және оны ешкім елегісі келмейді. Біз оларға айтып, есік-терезелерін түгел қағып шаршадық. Осыдан кейін барып прокуратура басынан аяғына дейін сатылған шығар, мүмкін коммерциялық ұйымға айналған шығар деген ойға қаласың. Мүмкін, бұл мекемеде өз істеріне сондай салақ адамдар отырған шығар. Солай болатұғын болса, оларды жазалау керек, - деді Сергей Уткин.
Сөз болып отырған мәселеден туындаған сауалдармен қалалық прокуратураға хабарласқанымызда, мекеменің баспасөз қызметінің жетекшісі Ермек Рақымбаев тиісті жауап алу үшін Алматының прокуроры Жақсылық Байтұқбаевтың атына хат жазу керектігін айтты.
Азаттық радиосы өз сауалдарын қалалық прокуратураға жолдады. Ал, осы істің басты кейіпкерлерінің бірі Әукен Айдарбековтің телефонына қоңыраулар шалғанымызбен, тұтқаны ешкім көтермеді.
Алматы қаласының Түрксіб ауданында мыңға жуық ауған соғысының ардагерлері тұрады.