Үздік үш комментарий

Көрнекі сурет.

Azattyq.org оқырмандары соңғы аптада (29 сәуір – 4 мамыр) сайтта жарияланған мақалаларға қатысты жазған комментарийлердің назар аудартқандары.


АРЫС, ШЫМКЕНТ

Жергілікті жердегі мейлі әкімшілік, мейлі құқық қорғау орындарынан әділдік таппаған пенде не істемек? (Әй бірақ жоғарғы жақтағы сол аталғандардан да әділдік табуың екіталай-ау, екіталай)

Жергілікті орындар біліп алған, азаматтың арыз-шағымы қайта айналып сол орынға келетінін. Мұның барлығы да елімізде қандай да бір Конституциялық заңнамалардың орындалуын қадағалайтын бірде-бір жоғары лауазымды шенеуіктің ықыласының жоқтығы. Сонысымен қазіргі жүйе халықты өзіне қарсы етіп алған. Осындай әлеуметтік теңсіздіктің соңы өзінің сорына келерін еш ойланбайды. Шыдамның да шегі болмақ...

Қазір кез келген тәуелсіз ақпарат құралдарын ашып көрер болсаңыз, бүтіндей Қазақ даласында осындай теңсіздіктерге қарсы халық толқуы өршіп келеді. Бірақ мұны "мойындап" отырған билік, билік басы тағы да жоқтың қасы. БІр адамды қорқытуға болар, 10, тіпті 100 адамды қорқыта алар, бірақ халыққа қарсы осы күнге дейін ешбір озбыр билікбасы қарсы тұра алмаған!!!

Министрлердің блогтары шағым жәшігіне ұқсайды» атты мақалаға жазылған пікір)


АТЫ-ЖӨНІ КӨРСЕТІЛМЕГЕН

Біздің азаматтар Қазақстанның арты бос заңымен туып өскен АҚШ-тың қатаң заңының қармағына ілінді, істеген істері Қазақстанда қарапайым шаруа ақша беріп құтылуға болар, Америкада адвокат құтқармаса сотталасың. Адвокат арзанға түспес, сотталсаң жылдарын аямай, қатаң жазаны күте бер, бізде ғой сот залынан құтылатын.

АҚШ-та Қадырбаев пен Тәжаяқов сотқа тартылды» атты мақалаға жазылған пікір)


СЕРІК ӘБДІЖӘМИ, АҚТӨБЕДЕН

Бұл сыйлық - ТМД халықтарының кейбір көшбасшыларына да берілгені дұрыс болады. Себебі, оларды Кеңес заманының тірі ескерткіштері басқарып отыр емес пе?

Путин тағы бір советтік символды тірілтті» атты мақалаға жазылған пікір)


P.S. Құрметті оқырмандар, Азаттық сайтында апта ішінде жарияланған пікірлердің арасынан ең үздігін өздеріңіз анықтай аласыздар. Ол үшін сайтқа тіркеліп, ұнаған комментарийге дауыс беру керек. Әр пікірге қанша адам дауыс бергені сайтта көрініп тұрады.