Желтоқсан оқиғасынанан кейін өлім жазасына кесіліп, мылтық шүріппесінің басылуын 345 күн күтіп, ақырында Алла жар болып, итжеккеннен аман оралған Мырзақұл Тәжіғұлұлы Әбдіқұлов Азаттыққа берген сұхбатында 1986 жылдан бергі ауыр тағдыры жөнінде баяндайды.
О Дүниенің есігінен қайтқан желтоқсаншы
— Мырзақұл аға, сіз осыдан 22 жыл бұрынғы алаңға «ақырып, теңдік сұрап» шыққан қазақтардың бірісіз және өлім жазасына бұйырылғанның бірі де өзіңіз. Осы оқиғалардың тірі шежіресі ретінде, ауыр болса да, сол күндер туралы айтып беріңізші?
— Мен ол кезде, яғни 1986 жылы автомектепте оқитынмын. 18 желтоқсан күні кезекті рет оқуға барғанымда алаңға жастардың жиналып жатқанын естіп, мен де бардым. Бәрі содан басталды. Сол кезде алаңдағы жағдайды көзбен көрген намысы бар қазақтың шыдап тұруы мүмкін емес еді. Алаңнан келгеннен кейін мені туыстарым да, басқалар да жолатпауға тырысып, қайда барсам да «кет, кет» дей берді. Және қарындасым келіп, жездеміздің үйіне баруымыз керектігін айтты. Сонымен №110 автобуспен қарындасым екеуіміз жолға шықтық.
Автобуста екі орыстың жігіті отырған, солардың біреуі қағазға оралған темір құралдарын шығара бастады. Мұның бәрін мен көріп отырмын, олар мені аңдып, ұстауға дайындалып шыққан екен. Автобустың ішінде төбелес басталып кетті, олардың біреуі менің бет-аузымды жарақаттағаннан кейін, мен екіншісіне пышақ сұғып алып, қашып кеттім. 20 минуттан кейін ұсталып қалдым, милициялар мені ұстап алып, ұрып-соғып, мойныма 9 статья іліп қойды. Мен адам өлтіргенімді және неге өлтіргенімді мойындадым. Олардың сөздері маған батып кетті, сол үшін өлтірдім деп шынымды айттым, тағы осындай сөз айтатындар болса, ешкімді аямаймын деп, прокурордың бетіне де түкіріп жібердім. Бұған қоса маған «алаңға барып, тәртіпсіздікті ұйымдастырды» деген айып тағылған және қалтама анаша салып жіберген.
Сонымен мені қамап, үш айдан кейін 6 сәуір күні Өтеген Ихсанов деген сот төрешісі ату жазасына кесті. Сол жерде мен 345 күн отырдым, екі айдан кейін мен жатқан өлімге кесілгендердің камерасына Қайрат Рысқұлбековті алып келді, ол екеуміз екі айдай бірге отырдық. Қайрат камерада отырғанда күніге хат алып тұратын, ай сайын кездесуге де баратын, ал маған хат та, хабар да жеткізілмейтін, бір жыл бойы ешкімнен хабарсыз болдым. 11 ай 15 күн отырғаннан кейін атуға апарар алдында туыстарыммен қоштасу кездесуіне алып барды, мен үшін бұл ең ақырғы рет көрісу деп ойлаған едім, бірақ Алла жар болып олай болмай шықты. Ақыры шешем мен әйелімнің табандары тозып мені қайда айдаса сонда барып, арызданып жүрген еңбектері қайтып, бала-шағамның тілегінің де арқасы шығар, мені Громыко атудан 20 жылдық ерекше режимге ауыстырды.
Менің үкімім 20 жылға ауыстырылды, кейін оны Прибалтикадан келген тәуелсіз заңгер тексере келе, 7 жылға түсіріп еді. Бірақ мені Қазақстанға қайтарғанмен, 8 айдан кейін Мәскеу қайтадан менің ісімді қарап, оның үстіне 5 жыл қосып, 12 жылға соттап жіберді. Сөйтіп Сібір, Оралдан - Өскеменге, одан Заречныйдың түрмесіне әкелді. Мұнда маған бұрынғы милицияның бастығы, полковник Асқар Мелдехановты ертіп, Коммунар Табеев келді. Олар істі қайта қаратып, 5 жылымды алып тастап, 7 жылды толық отырып келдім. Бірақ мен 12 жыл мерзіммен түрмеде отырған кезде «Президенттің Жарлығымен кешірім етілді» деген хабар «Жас Алашқа» шығып кетті. Газетке шыққан хабардан кейін де 2 -3 жыл отырдым.
"Мені қақтап жесеңдер де отбасыма тиіспеңдер..."
— Сіздің басыңыздағы жағдай отбасыңызға да әсер етті ғой.
— «Халық жауының» отбасы сияқты менің әйел, бала-шағамның да әбден мазасын май ішкендей қылған жандайшаптар «күйеуіңді ішкіш, бұзық, анаша шегеді» деп жазып бер деп, әйелімнен қолхат та сұраған. Мен қанша қиындықты бастан кешірсем де, арақ ішіп, темекі шеккен адам емеспін, жоқ нәрсені қалай жазсын, ақыры болмаған соң айы-күні жақындап отырған аяғы ауыр әйелімді де қамап тастайды. Осындай айуандықтың кесірінен әйелім уақытынан ерте босанып, балам үш-ақ күн өмір сүріп, шетінеп кетті. Әрине, ол кезде мен мұның бірін де білген жоқпын, бірақ тергеушілерге: «Қарт анам, әйел, бала-шағамның мазасын алмаңыздаршы, мені қақтап жесеңіздер де бәрібір», — деп айтып жүрдім. Бірақ отбасымның да көрмеген қиындығы жоқ.
1990 жылы анам қайтыс болды. Үш жарым жыл ауырып, заң қызметкері мамандығына оқып жүргенде 1982 жылы туылған қызым да қайтыс болып кетті. 21 жасында қайтыс болған қызым Алмагүл ақ қан ауруына шалдыққан. Сол кезде мен бұқаралық ақпарат құралдарының бәрі арқылы халықтан көмек сұрадым. Әрине, жекелеген адамдар көмектесті. Мәселен, Нұртай Сәбиялнов, Бағдат Мұхамедиярұлы, Бірғаным Әйтімовалардың көмегін айта аламын. Бірақ мемлекет тарапынан еш көмек болған жоқ, желтоқсаншылардың көбі мансапқор, жеке пайдасын көп ойлайтын болып кетті ғой. Маған тиесілі 105 шаршы метр үйдің 53 шаршы метрлік пәтерін алдым, оған да рахмет дедім, қалғанын басқа біреулер пайдаланып кетті. Бұл үйді үлкен балама тарту етіп, қазір өзіміз қалған 4 баламмен бірге осы екі бөлмелі үйде қысылып-қымтырылып тұрып жатырмыз. Әйелім көп балалы ана есебінде зейнетақы алады, өзім 14 жылдан бері жұмыссызбын, зейнетақы да, жәрдемақы да алмаймын. Менің отбасымдағы адамдардың қазасына тікелей Желтоқсанның ызғары тиді деп айта аламын. Бірақ мұның өтеуін еш нәрсе қайтара алмайтыны анық.
— Қайратпен бірге отырған кезіңіз туралы не айтар едіңіз?
— Иә, мен отырған жерге екі айдан кейін бір қазақтың баласын алып келді. Көз жасы мөлтілдеп ол мені құшақтай алды, мен де кім болса да қандасым ғой деп бауырыма тарттым, біген ақылымды айтып, өзімше жігерлендірдім. Бұл марқұм Қайрат Рысқұлбеков екен. Ол мені Мырзаға деп атайтын. Екі айдан аса бірге болдық, кейін екеумізді екі камераға бөліп жіберді, көрші камерада жатқан екеуміз айқайлап сөйлесіп тұатынбыз. Оның қойын кітапшаларын алғаш шығаруға да жәрдемдескен мен болдым, бұл туралы да айтпайтынмын. Айналайын, еш қиналма, мен сені алдыңнан күтіп аламын деп кеткен болатынмын, зонадан қашып шығып, бір жыл бойы оны іздедім де, кейіннен бізден кейін сол камерада отырған екі жігіт оның Семейде өлгенін айтып келді.
Әрине, бірге отырған кезде біраз пікірлестік, әңгімелестік, бірақ марқұм боп кеткен адамның әңгімесін айтып, жарияға жар салу, оның әруағын қозғауды дұрыс емес деп санаймын. Тек бір айтатыным, Желтоқсан туралы Қайраттарға хабар берген сол сәулет-құрылыс институтының қызметкері Аркен Уақ болатын, бірақ Қайрат КГБ-да беттестірген кезде ағамызды сатпаған, оның өзінің мұғалімі екенін айтпаған, Аркен ағамыз өле-өлгенше осы үшін Қайратқа риза болып кетті.
"Мен алаңға бет алғанда алдымда не күтіп тұрғанын білдім"
— Желтоқсанда алаңға шыққандардың көбі студент жастар болды деп естиміз, ал сіз 1986 жылы 35 жаста екенсіз, яғни ақыл тоқтатқан адамсыз, сол кезде алаңға не үшін барғаныңызды және онда сізді не күтіп тұрғанын білдіңіз бе?
— Әрине, білдім. Не болып жатқанын естіп, біліп алып, көрейін деп бардым, ал екінші күні қалтама пышақ салып шыққанда да олардың қандай қарулар қолданатынын білдім ғой, өйткені мен әскерде арнаулы жасақта қызмет еткенмін. Не күтіп тұрғанын да білдім. Менің ұлтымның ар-намысы аяққа тапталып жатқанын естіп отырып, үйде жайбарақат жата алмадым. Шешем марқұмның жүрегі бірдеңені сезді ме екен, мені аялдамаға дейін жалынып, қуып барды, сонда да тыңдамай кетіп қалған едім.
— Желтоқсанға қатысқан көтерілісшілердің денсаулығына, өміріне келген зиянның өтеуі қаншалықты болды?
— Бізде Желтоқсанды тек алаңмен ғана байланыстыра қарайтын жаңсақ түсінік бар, ол дұрыс оқиға алаңда болды, бірақ ол кезде ашынған қазақтар жер-жерде бас көтеріп жатты ғой. Мәселен, Отар станциясында әскерде жүрген қазақ жігіттеріне бір орыстың баласы алаңда болып жатқан жағдайды, қазақтың қыз-жігіттерінің қорланып жатқанын айтып барған ғой, әлгі баланы екі қазақ жігіті ұрып, өлтіріп сотталып кетті, бұл міне осы оқиғаның салдары емес пе? Қанша қазақтың қыз-жігіті қорлық-зорлық көрді, қаншасы мүгедек болып қалды, яғни Желтоқсанның ызғары қазақ даласын түгел шарпыды. Осы күнге дейін олардың ұзын санын ешкім нақты білмейді, белгілі болғандарының өзі жоқтаусыз қалып отыр. Бұл қазақтың арғы-бергі тарихындағы қазаққа жасалған қастандықтың ешқайсысынан зардабы жөнінен артып кетпесе кем түскен жоқ. Желтоқсанның салқыны қанша қазақтың жігіті мен қызын қырып, қанша үйді жылатып кетті.
Желтоқсан атын жамылып, саудаға салатындар көбейіп кетті
Өкінішке қарай, желтоқсаншылардың арасында да даңғойлар көбейіп кетті, оның үстіне кейбір азаматтар оқиғаға қатысы болмаса да, «біз үйттік, біз бүйттік» өздерінен қаһарман жасау арқылы шын мәнінде Желтоқсанның зардабын тартқан, өмірлік мүгедек болып қалған, ақыл-есінен айырылған бауырларымыздың жолын кесіп отыр. Біз КПЗ-да жүргенде қаншама қазақ қыздарына еденді жудырып, теуіп тұрып жұмсап, боқтап жатқан кезде қазақ милициялар теріс қарап тұра беретін, оны да көрдік, әттең өкініштісі мен оларды қазір танымаймын, ондайлар әлі де сол салада қызмет етіп жүр. Өз қандасымды, қарындасымды теуіп жатқанын көріп, сол жерде форма киіп тұрғанша, мен сол форманы лақтырып тастап-ақ кетер едім.
Сол кезде өзінің қаракөздерінің қор болуына себепші болған, таяқ жегендеріне, қорлық-зорлыққа ұшырағандарына куә болған адамдар қазір де жүр арамызда, олар «біз Желтоқсанның қайнаған ортасында жүрдік» деп кеудесін кереді тіпті. Бізді ұзыннан тізіп қойып, таяқпен ұрып жатқанда, қазақ майорлар бетін бұрып, қарамай тұратын, қазір де солар елдің бетін көріп жүр. Төлеген Әлжанов та солардың бірі, қазір «Желтоқсан жаңғырығының» төрағасы, оның бұл тұрмақ, халыққа қарайтын беті де жоқ қой. Мен оның орнында болсам, елдің бетін көре алмай тығылып жатар едім. Ол алаңға бір взвод адамды басқарып барған, ол сол үшін грамота алды ғой. Сол сияқты Аркен Уақовты сатып кеткен Байболов дегендерді Шахановтар қолдап жүр, оларды қолдағанша, өлген артық қой, міне бізде намыс та, ар да жоқ болып отыр, ар деген ақшаға сатылып кетті.
Моральдық та, материалдық та өтемақыны алаяқтықпен алып жүрген талайларды көрдік, бірақ менің жеке өз басымның көрген қиындығым мен денсаулығыма келген нұқсанның орын еш нәрсе толтыра алмас еді, оған ешқандай өтемақы берілген де жоқ, мен аяғым жеткен жерге барып, сөзім жеткен жерге айттым да, бірақ ештеңе өнбеді.
Әрине, мен адам өлтіру дегеннің ауыр қылмыс екенін мойындаймын, бұл қылмысқа мен өзімді қорғау мақсатында барғанымды да айттым, егер мен оны өлтірмесем, оның мені өлтіретіні анық еді. Бірақ басқаны былай қойғанда, 345 күн ату жазасын күтіп отыру дегеннің өзі жүйкеге қаншалықты салмақ екені айтпаса да түсінікті шығар, жүйке деген құрыды деп есептеуге болады, денсаулықтан да айырылдым.
Өлместің күнін көріп, Алланың бұйыртқан нәсібін теріп жерміз, онда тұрған ештеңе жоқ. Балаларым аман болсын, олар барда ешкімнің алдына алақан жайып бара қоймаспын. 7 жылды былай қойғанда 345 күннің өзі менің өміріме қанша зиян келтіргені Аллаға аян жағдай. Ал маған ату жазасын не үшін берді, мысалға? Өзімді қорғау мақсатында кісі өлтіргенім үшін үш жыл ғана түрмеде отыруым керек еді, заң бойынша. Бұл жерде маған ату жазасының берілуінің өзі заңсыз. Негізі сот төрешілері, заң қызметкерлерінің өзі ең алдымен заң бұзушылар, сотта ешқандай әділдік жоқ, қай жерде ақша болса, заң соның қасында екеніне мен көзім анық жеткен адаммын. Түрмеде отырғандардың 80 пайызы қалтасы қалыңдардың жасаған қылмысын үшін құрбан болып сотталған жетім, жесір, іздеуі немесе ақшасы жоқ байғұстар, бұл басы ашық жағдай. Мен Сібірдің де, Қазақстанның да түрмесін көрген адаммын ғой, осыдан түйгенім — ақшасы барлар түрмеде отырмайды, темір торға қамалатындардың көбі қалтасы тесік болғандықтан ғана тұтылады екен.
Қалтасы қалыңдар ешқашан түрмеге отырмайды
— Өзіңізге тағылған айыптарды нақтылап айтып бересіз бе?
— Маған тағылған айыптарды естігенде өзім тұрмақ, қаймана қазақтың жаны түршіккен шығар деп ойлаймын. Бұған дейін өмірі заң мекемесінің табалдырығын аттамағаныма қарамастан, маған мынадай айыптар тағылып, өміріме өшпестей қара таңба басылды:
— Қазақ КСР Қылмыстық кодексінің 60-бабы бойынша (ұлт араздығын қоздырғаным үшін) – 3 жылға;
— 65-бап бойынша (тәртіпсіздікке қатысып, ұйымдастырғаным үшін) – 15 жылға;
— 202-баптың 3-тармағы бойынша (суық қару алып жүргенім үшін) – 1 жылға бас бостандығымнан айырып;
— 88- баптың 1-тармағының «б» бөлігі бойынша (бұзақылық ниетпен кісі өлтіргенім үшін) – ату жазасына кесті.
Осылайша маған үш ұйықтасам түсіме кірмеген айыптар тағылып, көптеген адамдар менің алаңға барғаныма «куәлік» етіп, сот үкімі шығарылды. Үкім оқылып біткен кезде анам: «Мырзаш-ау, мені алдыңа салып кеткенің дұрыс еді ғой» — деп аңырап жібергенде есім ауып құлап түсіппін. Марқұм анамның сол күнгі дауысы әлі күнге құлағымда жаңғырып тұрады. Тағыдырдың жазмышы шығар, Алланың бұйртқанын көрдік қой, жеті жыл да өтті, бала-шағаммен де қауыштым, бірақ осы жылдардың маған қалдырған өкініші, өзім үшін ең ауыр соққаны — анамның қабіріне топырақ сала алмағаным болды. Талқаны да таусылып тұрған шығар, бірақ анамның өмірден өтуіне менің қайғым да себеп болды ғой, құсаланып кетті-ау деген ой жанға маза бермейді.
Қалтама анаша салып жіберді дедім ғой, соған байланысты 214- бап бойынша да маскүнем, есірткі шеккен деген де айып тағылды. Ал мен неше жылдық қиындықта жаным жүдеп жүрсем де, ішу, шегу дегенді ойыма алған емеспін, көптеген азаматтар түрмеден құрт ауруын жұқтырып келеді, Аллаға шүкір одан да аман қалдым, Итжеккеннен де аман келдім, бірақ Желтоқсанға дейінгі тепсе темір үзетін денсаулыққа әжептәуір нұқсан келгенін несін жасырайын.
Желтоқсаншылардың көбінің есімі атаусыз қалып барады
— Желтоқсаншылар бір-бірлеріңізбен араласып тұрасыздар ма?
— Түрмеден шыққалы бері 15 жылға сотталған Түгелбай Тәшеновпен, 14 жыл алған Қайыргелді Күзембаев деген азаматтармен, марқұм боп кеткен Молдағали деген жігітпен араластым. Ал қазір көп адамдармен араласып жүрген жоқпын. Шақырған жерлерге де көп бара бермеймін, өзіммен өзім қалған жайым бар, себебі желтоқсандықтардың бәрі «балапан басына, тұрымтай тұсына» дегендей шашырап кетті, оның үстіне «біз бәрін тындырдық, бәрін біз орнына қойдық» деушілер көбейіп кетті.
Ал Желтоқсан Қайраттың да, менің де емес, бүкіл қазақтың қайғысы, бүкіл қазаққа ортақ оқиға деп есептеймін. Желтоқсанды жекешелендіруге ешкімнің моралдық құқы жоқ. Сол «менмін» деп көкірегін қағып жүргендердің қыршынынан қиылған бауырларын жоқтауға да құлықтары жоқ. Тіпті сол қаралы Желтоқсанда өліп кеткенін біреу біліп, біреу білмейтін есімдердің өзін атауға жігеріміз жептей жүр ғой. Ербол Сыпатаев алаңда таяқ жеп, ауруханада өлді, № 12 аурухананың бір профессорының да жалғыз ұлы осы кезде қайтыс болды, қазір аты-жөні есіме түспей отыр, ол да әлі күнге аталған жоқ. Мұхамеджанова, Молданазарова сияқтылар атаусыз қалып жатыр, жарайды бізге ештеңе жасамай-ақ қойсын, бірақ өліп кеткендердің атын атамаймыз, атауға да қорқамыз, оларды құрметтеу біздің парызымыз.
— Желтоқсанда қыршын кеткен жастардың арман-мақсаты орындалды деп ойлайсыз ба?
— Ол арман-мақсаттың орындалмағаны белгілі ғой, дегенмен 1986 жылғы оқиға Қазақстанның егемендік алуына себепкер болды, бірақ біз толыққанды егемендікке қол жеткізген жоқпыз, біз әлі де болса белгілі біреулердің қол астындамыз. Неге десеңіз, толық тәуелсіздік алған елдің баласы өз жерінде үйсіз қаңғымайды, өз тілінде сөйлемей, базарда арба итеріп жүрмейді. Таңнан кешке дейін базарда жүрген қыз бен жігіттен қандай ұрпақ жалғасады, осыны ойлаған біреу бар ма, елінің ертеңін, халқының болашағын ойлаған мемлекетте мұндай жағдай орын алмаса керек-ті. Ұрпағы ауру, жері уланған, ел болашағы дейтін азаматтар әркімнің сөзін сөйлеп жүрген елдің болашағын қалай елестетеміз, мұның қай жері егемендік? Біз айтқымыз келген пікірімізді айта алмайтын болсақ, мұның несі тәуелсіздік?
Мысалға мен Шаңырақ ісіне қатысты КПЗ-да екі рет отырдым, әкімшілік жазаға да тартылдым. Бізді тыңдайтын құлақтың бәрі ақшаға сатылып кеткен, бірақ тыңдамаса да айту менің парызым, әрі-беріден соң халқыңның сөзін сөйлемесең еркек боп туып керегі не? Бізді соттағандардың көбі әлі күнге жоғарғы қызметте отыр, мұның қай жері әділдік?
Біздің жоғарыдағы ағалар мен шенді қызметкерлердің ниеті осындай болып тұрғанда Желтоқсанның шындығы ашылмайды да, ол туралы ақиқаттың пердесі де ашылмайды. Мәселен, маған Мұхтар Шаханов ағамыз сенің Желтоқсанға қатысың жоқ дегенді бірнеше рет айтты, қатысым болмаса неге мені соттады, неге атуға үкім шығарды. Осы желтоқсаншылардың ішінде мен сияқты әр минутын санап, өлімнің соғар сәтін күтіп отырғандар көп пе екен, түрмеде неше түрлі жағдайлар болды ғой, мұның бәрін еске алу мен үшін өте ауыр, бірақ осының бәріне адамның адамы ғана шыдайтыны және белгілі.
Жиырма екі жылдан бері Желтоқсанның бетін аша алмай, кімнің кім екенін біле алмай отырғанымыз осындай кертартпалықтың кесірі. Әлі күнге біреулер балаларының өлі-тірісін біле алмай жүр, қалай десек те Желтоқсан талай шаңыраққа өшпес қайғы әкелгені белгілі. Бірақ мұны әркім өз мақсатына пайдаланатын да жағдайлар кезігіп қалады.
Мәселен М.Шаханов ағамыз Өтепбергенова Раушан деген қыз желтоқсанда КГБ-да отырды, мүгедек болды деп оған көмек сұрап, жарияға жар салып, үй алып берді. Мен бұл туралы зерттегенімде ол адамның ешқандай да КГБ-да отырмағандығы жайлы осы мекемеден анықтама алдым, сонда нағыз мүгедектер көмек ала алмай сорлап жүргенде, Мұхтар ағамыздың бұл тірлігін не деп түсінеміз? Сол сияқты Аманжол Нәлібаев та 5 рет үй алды. Осы Аманжолдың сөзіне сенген Шаханов маған Желтоқсанға қатысың жоқ , менің алдыма енді келуші болма деді. Өз басымен жүрмей, біреудің сөзіне еріп жүрген адамды қандай аға деп танимыз?
Шаханов не десе де менде Жоғарғы Соттың төрағасы Қайрат Мәми берген «жартылай ақталды, саяси қуғын-сүргін құрбаны болып табылады» деген анықтамасы бар.