Әблязовтың туған-туыстары Н.Назарбаевты өздеріне қарсы репрессия жасамауға шақырады. Мұхтар Әблязовтың жиені тұтқындалды. Ақмарал Әблязова "БТА банкінің" директорлар кеңесінен шығарылды. Мұхтар Әблязовтың өзіне қарсы іс қозғалды.
Сейсенбі, 10 наурыз күні Мұхтардың немере әпкесі Шолпан Әблязова Алматыда баспасөз-мәслихатын өткізіп, билік органдары Әблязовпен туыстық байланысы бар азаматтарды қуғынға ұшыратып жатқандығын мәлімдеп, ҚР президенті Н. Назарбаевтан 1937 жылғы саяси репрессияны қайталамауын сұрады.
Шолпан Әблязованың мемлекет басшысына осылай деуіне өзінің туған ұлы, «Agento S» бағалау компаниясының директоры Тайыр Дүйсембековтың наурыздың 2-інде ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы қаласы бойынша департаментінің тергеу абақтысына жабылуы себеп болыпты:
- Мен мұның артында кім тұр дегенге жауап бере алмаймын. Бірақ бұл жағдайдың Мұхтар Әблязовқа қатысы бар екендігі айтпаса да көрініп тұр. Тайырды ұстауға қатысты қаулысында «М. Әблязовпен сөз байланысқан» деп ашық жазылып тұр, - деді Шолпан Әблязова.
Оның айтуынша, «Agento S» директорымен бірге компанияның басқа да қызметкерлері тергеушіге жауап берген, сондай-ақ, тергеу амалдарына тартылғандарға қарсы күш көрсетілген.
- Тайырдың әріптестерінің бірі маған жауап алу кезінде ұрып-соғылғандығын айтты. Тіпті, компанияда істейтін қыздар да тергеу кезінде тергеушілердің қатты дауыс көтергендігін айтып шағымданды.
Сонымен қатар, Шолпан Әблязова белгісіз біреулер өзін қорқыту мақсатында бірнеше мәрте телефон шалғандығын, бірақ дәл қазіргі жағдайда оны ешкім сескендіре алмайтындығын мәлімдеді.
- Мен халықтан, мемлекет басшысынан, халықаралық ұйымдардан көмек сұраймын. Мен үнсіз қала алмаймын. Көмектесіңдер, - деді көз жасына ерік берген Шолпан Әблязова.
Бұдан бұрын, 6 наурызда "БТА банкі" акционерлерінің жалпы жиналысында Ақмарал Әблязованың директорлар кеңесіне мүшелік өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған еді. "БТА банкі" баспасөз-қызметінің таратқан ақпаратында "6 наурыз күнгі банк акционерлерінің кезектен тыс шақырылған жиналысында директорлар кеңесінің құрамы 9 адам болып бекітілсін... Ақмарал Әблязова мен тағы бірнеше адамның өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылсын" деп жазылған.
"БТА банктің» директорлар кеңесінің бұрынғы төрағасы Мұхтар Әблязов пен басқарма төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Жақсылық Жарымбетовке қарсы қылмыстық іс қозғалды деп хабарлаған болатын ҚазТАГ агенттігі бейсенбі күні кешке.
10 наурызда ҚР Бас прокуратурасы «БТА Банкінің» бұрынғы төрағасы Мұхтар Әблязовке, басқарма төрағасының орынбасары Жақсылық Жәрімбетовке және олардың сыбайластарына қатысты қылмыстық іс қозғалғандығын растады.
ҚР Бас прокуратурасының хабарлауынша, «БТА Банкінің» бұрынғы басшыларына қатысты қылмыстық іс акционерлік қоғам басшыларының өтініші бойынша наурыздың 2-інде қозғалған.
- Қылмыстық істі қозғауға күдіктілердің Әблязовтың басшылығы кезеңінде бір жер телімдерін қайта-қайта кепілге беріп, жалған фирмаларға несие беру арқылы заңсыз алған ақша қаражаттарын жылыстату фактісі себеп болып отыр», - деді Бас прокурордың орынбасары Рахымбек Мамырбев, наурыздың 10-ы күні Астанада өткен брифингте.
Оның айтуынша, прокуратура жоғарыда айтылған әрекеттерді заңсыз деп бағалап, бұл эпизодтарға қатысы бар адамдардың бәрін де ықтимал сыбайластар деп санайды. Осыған байланысты ол адамдардың қылмысқа қатыстылығы тергеу барысында анықталатын болады.
- Әблязов мырзамен іскерлік қатынастарда болған адамдар мен ұйымдар тергеу шараларына тартылуы мүмкін және оларға мүмкіндігінше қысқа мерзімде жасалған мәмілелеріне мұқият талдау жүргізу және қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына жүгіну ұсынылады, - деді Рахымбек Мамырбаев.
ҚР Бас прокуратурасының хабарлауынша, «БТА Банкінің» бұрынғы басшылары мен олардың сыбайластарына қатысты қылмыстық іс бойынша алдын ала тергеуді арнайы мекемеаралық тергеу-жедел тобы жүргізеді және ол Бас прокуратураның тұрақты бақылауында болады.
2001 жылы қараша айында Мұхтар Әблязов басқа да бірқатар жоғары лауазымды шенеуніктермен бірге "Қазақстанның демокртаиялық таңдауы" оппозициялық қозғалысын құруға қатысқан еді. 2002 жылы наурыз айында Әблязов тұтқындалып, алты жылға сотталған болатын.
2003 жылдың мамыр айында президент Н. Назарбаев Мұхтар Әблязовқа рақымшылық жасады. Түрмеден шыққаннан кейінгі Алматыдағы бірінші баспасөз-мәслихатында Мұхтар Әблязов саясатпен айналыспаймын, тек бизнеспен шұғылданамын деп мәлімдеді.
Дегенмен де 2009 жылдың басындағы оқиғалар белгілі кәсіпкер банкирді 2001 жылғы бағыты мен жағдайына қайта оралтқандай.