Алты жыл бұрын Шымкентте 220 бала ВИЧ індетін жұқтырған еді. Қазір олардың 90 пайызы мектепте оқиды. Ал ата-аналары «уақыт - емші» деген сөзге сенбейтіндерін айтады.
Индира Отжанованың осыдан алты жыл бұрын тек баласы ғана емес өзі де ВИЧ індетіне шалдыққан. Айтуынша, өзіне бұл ауру баласынан жұққан.
- 2005 жылы аяғым ауыр кезде үш рет рет ВИЧ-ке сараптама жасатып, бәрі таза болды. Кейін ұлымды 2006 жылы босандым да ол алты айға келген бронхитке шалдығып ауруханаға түсіп, 20 күн жаттық. Содан тағы 6 ай өткенде пневмония болып, ауруханаға тағы түстік. Сол кезде ұлымнан ВИЧ-қа қатысты анализ алып, оның статусы анықталды, - деді қарашаның 30-ы күні Азаттық тілшісіне Индира Отжанова.
Оның айтуынша, дәл сол кезде дәрігерлер өзінің де ВИЧ-ке шалдыққанын анықтаған.
- Дәрігерлер менің де ВИЧ-ке шалдыққанымды тек бір жарым ай өткеннен кейін ғана айтты. Олардың сөзінше, мен індетті баламды емізген кезде жұқтырыппын. Бұл әрине ресми түрде айтылмайды, бірақ ВИЧ-тің ана сүті арқылы беріліп, таралатыны жайлы Ресей мамандары көп айтады, - деді сұхбаттасымыз.
"ҚОҒАМ БІЗДЕН ҚОРҚАДЫ"
Индира Отжанова алты жыл бұрынғы екі бірдей соққыдан кейін өмірінің өзгергенін жеткізді.
- Күйеуім кетіп қалды. Бірақ біздің ВИЧ-ке шалдыққанымыз тек «сыныққа сылтау болды» деп ойлаймын. Сондықтан мен оны айыптамаймын. Себебі әр үйде дау-жанжал болады. Ал ВИЧ статусы барлар өзін айыпты деп санайды да, көп жайтты көңіліне қатты алады, - деді ол.
Соңғы бес жыл бойы Индира өзі сияқты ВИЧ-ке шалдыққандарға кеңес беретін қоғамдық ұйымда қызмет етіп келеді. Оның айтуынша, бүгінде ВИЧ-тен де аса қауіпті аурулар бар, ал дер кезінде ем-дом қабылдаса ВИЧ-пен көп жасауға болады, «тек оны қабылдап үйрену керек» екен.
- ВИЧ-ке шалдыққандардан көбіне қоғам қорқады. Биыл бірінші сыныпқа барған менің ұлымның статусын білген мектеп директоры оны мектептен алып кетуімді өтінді. Мен амалсыздан ұлымды басқа мектепке көшірдім, - дейді Индира.
Дәл осындай шеттету оқиғалары жыл басынан бері Шымкентте төрт рет тіркелді, дейді Азаттыққа түсініктеме берген «Балаларды СПИД-тен қорғаймыз» қоғамдық қорының төрайымы Жаннета Жазықбаева.
"САБАҚ БОЛДЫ"
2006 жылы Оңтүстік Қазақстандағы ауруханадан 2006 жылы ВИЧ инфекциясын жұқтырып алған 220 баланың 11-і көз жұмды. Екі бала басқа облысқа көшіп, біреуін шетелдік азаматтар асырап алды. Екі сәбиді балалар үйіне тапсырған.
Ресми ақпаратқа сәйкес «Дәрігерлер ісі» бойынша 21 адамның үстінен қылмыстық іс қозғалған. Медицина саласының 16 қызметкері 2-8 жыл аралығында бас бостандықтарынан айырылып, 5 адам шартты түрде жазаланған.
Жаннета Жазықбаеваның сөзінше, алты жылдың ішінде бірнеше дәрігер босап шыққан.
- Екі дәрігер 8 жылға кесіліп, әлі түрмеде отыр. Мен осы іске қатысты жауапқа тартылған дәрігерлер тиісті жазасын алды, бұл іс олардың өмірлеріне сабақ болады деп ойлаймын, - дейді сұхбаттасымыз.
Жанетта Жазықбаева сол кезде қызметінен кеткен жоғарғы лауазымды тұлғалардың көпшілігі қайтадан биік мансапқа ие болғанын айтады.
- Бір министрлікті басқарып, уақытылы бақылау жасай алмай, нәтижесінде қайғылы жағдайға жол берген азаматты, мен өз басым тағы да басшылық қызметіне қоймас едім, - дейді ол.
АЛДЫН АЛУ
1 желтоқсан - дүниежүзілік СПИД ауруымен күрес күніне орай Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі 10 қараша мен 10 желтоқсан аралығында ВИЧ-тің алдын алу мен одан сақтану жолдарына қатысты айлық өткізіп жатыр.
- Онда ВИЧ-тің таралу жолдары мен оның алдын алу мәселесі сөз болып жатыр. Ақпараттық шаралар мектептерге, жоғарғы оқу орындарында, әскери мекемелерде өтуде, - деді қарашаның 30-ы күні Азаттық тілшісіне Алматы облыстық СПИД орталығының алдын алу бөлімінің меңгерушісі Ардақ Дербісалова.
Маман қазір Алматы облысында осы ауруға шалдыққан 1417 адам тіркелгенін айтады.
- Негізінен 20-39 жас аралығындағы азаматтар. Айта кету керек, егер бұрын ВИЧ-ті негізінен есірткі қоланушылар жұқтырса, қазір Алматы облысында бірінші орында ВИЧ жыныстық қатынас арқылы жұғатындығы анықталып отыр. Сондықтан біз бұл жайында ашық айтамыз, ақпараттандырамыз. Әзірге бұл жағдайда ең тиімді жол – қорғану, - дейді маман.

Биыл бірінші сыныпқа барған менің ұлымның статусын білген мектеп директоры оны мектептен алып кетуімді өтінді.