Ақтаудағы көгалдандыру компаниясы мен блогер арасындағы дау бітіммен аяқталды. Блогер «компанияны сынағаным қателік болды, бірақ қаланы көгалдандыру проблемасы әлі шешілген жоқ» дейді.
Блогер Валдис (төлқұжаты бойынша есімі - Владимир) Лукшонис пен Caspiy Operating компаниясы арасындағы бітім туралы келісім-шарт наурыздың 19-ы күні Ақтау қалалық сотына өткізілді. Жанжалға ұласа жаздаған ар-намысты қорғауға қатысты мұндай даулардың бітіммен аяқталуы Қазақстанда өте сирек болатын оқиға.
БЛОГЕРДІҢ МОЙЫНДАУЫ
Блогер мен Ақтау қаласын көгалдандырумен айналысатын Caspiy Operating компаниясының бітімге келу туралы мәмілесінде компанияның ар-намысын және іскерлік беделін қорғауға қатысты Лукшониске қарсы талап-арызы бойынша сот өндірісін тоқтату шарттары қарастырылған.
Жауапкер Валдис Лукшонис «ақпарат құралдары арқылы таратқан және Маңғыстау облысы әкімдігіне жолдаған хаттарымдағы Caspiy Operating компаниясының ар-намысы мен іскерлік беделіне нұқсан келтіретін және компания басшысы Әбдірахым Қалымовқа қатысты деректердің шындыққа жанаспайтынын мойындаймын» деген міндеттеме алған.
Тараптардың бітімге келу шарты бойынша, енді Валдис Лукшонис Caspiy Operating компаниясы жалпы жиналысында ақпарат құралдары арқылы таратқан деректерін терістеп, ұжым мен оның басшысынан кешірім сұрауы тиіс.
Бұл шарттар орындалған жағдайда талапкер жауапкерге қоятын талап-шағымдарынан бас тартады.
Блогер Валдис Лукшонис Азаттық тілшісіне «Меніңше, Ақтау қаласының көгалдандыру саласын жемқорлық жайлағаны да, көшет егу жұмыстары дұрыс жүргізілмейтіні де шындық. Бірақ сын «объектісіне» қатысты қателестім» дейді. Yvision.kz сайтындағы блогында жариялаған мақалаларында ол Caspiy Operating компаниясы басшысы Әбдірахым Қалымов пен ол басқаратын компанияны қатты сынаған еді.
Азаттық тілшісімен сөйлескен Әбдірахым Қалымов блогердің сынын «негізсіз» деп атады. Компанияның сотқа талап-арыз беруіне «Caspiy Operating» ЖШС-ның «жасыл» саботажы» деген атаумен интернетте жарияланған мақала негіз болған. Мақалада Лукшонис компанияның әрекетін «көгалдандырушылардың директоры Әбдірахым Қалымовтың басқаруымен болып жатқан нағыз қаскүнемдік» деп атаған.
Көгалдандыру компаниясының талап-арызында Лукшонистің басқа мақалалары мен Маңғыстау облысы әкіміне Caspiy Operating пен оның басшысы Қалымовты сынап жазған хаты да аталады.
ТАЛАП-АРЫЗ ҚҰНЫ
Екі тарап бітімге келгеннен кейін Валдис Лукшонис компанияға келтірген моральдық зардаптың өтеуі үшін Caspiy Operating компаниясы пайдасына 1 миллион теңге (шамамен 5 мың 500 доллар) төлемеуі де мүмкін.
Талапкердің өкілі, заңгер Дидар Күшбаевтың айтуынша, көгалдандырушы компания мен оның басшысын негізсіз айыптап жазған мақалаларын жауапкер қазір өз блогынан алып тастаған. Бұл дау бойынша түпкілікті шешімді тараптардың бейбіт келісімін ескере отырып сот шығарады.
Қазақстанда тәуелсіз блогерлер немесе журналистерге қатысты сотқа жететін істер тараптардың бітімге келуімен сирек аяқталады. Тәуелсіз немесе оппозициялық ақпарат құралдарына қарсы сотқа жүгінетін талапкерлер әдетте бітімнен бас тартып, сотты аяғына дейін жеткізеді, ал соттар жауапкерлерді қыруар ақша төлеуге міндеттейді.
Соңғы рет осындай жағдай жуырда болып, талапкер бітімге келуден бас тартты. Алматы қаласы соты талапкер - әскери зейнеткердің пайдасына оппозициялық «Саясат алаңы» газетінен 2 миллион теңге (11 мың долларға жуық) өндіру туралы шешім шығарды. Газет өкілінің айтуынша, басылым бұл соманы төлей алмайды.
Блогер Валдис Лукшонистің айтуынша, Caspiy Operating көгалдандыру компаниясының талап-арызында көрсетілген 1 миллион теңге көлеміндегі өтемақыны төлейтін шамасы жоқ.