Шұбарши ауылының тұрғындары «белгісіз бір індетке шалдығып», соңғы екі аптада жаппай ауырғандарын айтады. Ал дәрігердің сөзінше, ауылда ешқандай індет тарамаған.
– Басымыз айналып, жүрегіміз айныды. Артынша үш күн бойы дене қызуымыз түспей, жатып қалдық. Кейін ішіміз өтті, – деді бұл туралы Азаттық тілшісіне хабарлаған Ақтөбе облысындағы Темір ауданы Шұбарши тұрғыны, өзі де ауырғанын айтқан Ардақ Құбашева.
Ардақ Құбашеваның айтуынша, науқастанып қалған шұбаршиліктер жергілікті дәрігерге көрінген.
Дәрігер сырқаттардың біріне «асқазаныңның жарасы ашылып кеткен» деп, енді бірін «астан уланғансың» деп диагноз қойып емдеген.
Ауыл тұрғындары жұмбақ індетті өзара талқылап, ауру белгілерінің қатты ұқсас екеніне таң қалған.
– Менің Тұрсынай деген танысымның үй-іші түгел ауырды. Тіпті есігінің алдындағы күшігі де аяқасты тыпырлап, қан аралас дәреттен соң өліп кеткен. Мұны біз іргедегі мұнай кеніші бөліп жатқан улы газ бен ішіп отырған суымыздың сапасыздығынан көреміз, – дейді Ардақ Құбашева.
«ІНДЕТ ТУРАЛЫ ӘҢГІМЕ – ҚАУЕСЕТ»
Ауылдың ауасы лас екенін Шұбаршидің дәрігері Қыдыр Байқадамов та растады.
– Кейде кешке қарай газдың иісі мүңкіп кетеді. Бірақ Шұбаршиді белгісіз індет жайлап алғаны туралы әңгіме – әншейін қауесет. Адамдар газдан уланған күннің
өзінде мен ондай диагноз қоя алмаймын. Оны арнайы зерттеулер ғана көрсете алады, – дейді ауыл дәрігері.
Темір ауданы бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бастығы Қайрат Аяпбергеновтің айтуынша, шұбаршиліктер былтыр «өндіріс орындары түнге қарай ауаны лас газдармен улап жатыр» деп бірнеше рет шағымданған.
– Бірақ аудандық СЭС (санитарлық-эпидемиологиялық станция) мамандары Шұбаршиге барып, атмосфералық ауаның мониторингін жасағанда ондай ештеңе байқаған жоқ. Ауыл кішкентай ғой. «Эпидемиологтар келеді екен» деген хабар тез тарап, өндіріс орындары сақадай сай отыратын болар, – дейді Қайрат Аяпбергенов.
Оның сөзінше, ауыл тұрғындарынан шағым түспесе, Темір ауданы бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы атмосфералық ауаны жылына бір мәрте ғана тексеруге құқылы.
«ЕШКІМ ЕСКЕРТУ АЙТҚАН ЖОҚ»
Шұбарши – Ақтөбе облысындағы Кеңқияқ мұнай кенішіне іргелес ауыл. Бұл жердегі мұнай өндірісі 1950 жылы қолға алынған. Қазір Кеңқияқ кенішінен «СНПС-
Ақтөбемұнайгаз» және «ҚазТрансОйл» секілді ірі компаниялардың құрылымдық бөлімдері мұнай өндіріп отыр.
Азаттық тілшісі Шұбарши тұрғындарының шағымына байланысты «СНПС-Ақтөбемұнайгаздың» баспасөз қызметіне хабарласты.
– Атмосфералық ауаның тазалығына жауапты органдар тарапынан компанияға ешқандай ескерту де, хабарлама да түскен жоқ. Және Шұбарши ауылына жақын маңда «СНПС-Ақтөбемұнайгаздан» да басқа бірнеше мекеме мұнай өндіреді, – деп жауап берді осы мекеменің баспасөз хатшысы Ғалия Жалдыбаева.
«БІЗГЕ СЕНБЕСЕ, СТАНЦИЯ ОРНАТСЫН»
Азаттық тілшісі көктемде Шұбаршиге барған сапары кезінде сөйлескен жергілікті
тұрғындардың бірі Ұмсынай Құдиярова:
– Өзіміз қазып алған құдық суының кермек дәмі бар. Шелекте тұрыңқырап қалса, судан май бөлініп, бетіне шығады. Біз мұнай араласқан су ішіп отырмыз, – деп шағынған еді.
Сол жолы осы ауылдың тағы бір тұрғыны, байырғы мұнайшы Ханым Шөмекова да өндіріс жақтан жел тұрса, тұншығып қала жаздайтындарын айтып;
– Шіріген жұмыртқаның иісіне ұқсас улы газ басымызды айналдырып, лоқсытып жібереді. Бір жұтым таза ауа таппай, қиналатын кезіміз көп. – деген.
Қазір Шұбарши тұрғындары белгісіз ауруға шалдыққанын хабарлаған Ардақ Құбашева «улы ауамен тыныстап отырғандарын ешкімге дәлелдей алмағандарын» айтады.
– Бұл 21-ғасыр емес пе! Ғылым мен техника дамып жатыр. Бізге сенбесе, кеніш маңындағы ауаны тексеретін автоматтандырылған станция орнатсын, – дейді шұбаршилік тұрғын Ардақ Құбашева.