Астана қаласының түбіндегі Бектау ауылы тозған тұрмыстарына шағым айтты. Мұнда ұялы байланыс пен интернет атымен жоқ. Ауылдағы жалғыз мәдениет үйінің есігіне қара құлып салынған.
Бектау ауылы Қазақстан астанасы - Астана қаласынан 80 шақырым жерде орналасқан.
ЖАЛАҚЫ - 17 ДОЛЛАР
Пошташы Катя тәтей (мұнда бұл кісіні солай атайды - ред.) өмір бойы ауыл поштасында қызмет етіп келеді. Өзінің айтуынша, 40 жылдай болған. Зейнетке шыққанына екі жыл толыпты. Бірақ әлі сол поштада істеп жүр. Ал түнде осы мекемені күзетеді. Пошта бөлімшесі ауыл әкімдігінің ғимаратында орналасқан.
Катя тәтей пошташыға берілетін болмашы айлық жетпей, түнгі жұмысқа сұранған. Айтуынша, айлық жалақы мөлшері - 2500 теңге (17 доллар).
- Бұл ештеңе емес қой. Осыған да шүкір. Алғашында - 250 болған, сосын - 300, 600, 800. Кейіннен ғана мыңның үстіне шықты ғой. Қазір айына 2500 теңге аламын, - деді пошташы әйел.
Айлығы 17 доллар болатын мұндай қызметке ешкімнің барғысы жоқ. Поштаны алып келген соң, Катя тәтей оларды таратумен айналысады. Айтуынша, поштаны «ешқайда таратпай-ақ қой» деп тастап кетеді екен. Ауыл тұрғындары хаттар мен газеттерді өздері келіп алады, мектеп-интернаттағы мұғалімдер де өздері алып кетеді.
- Жүруге шамам жоқ, аяқтарым ауырады. Егер аяқтарым ауырмағанда, айлығы аз болса да қазір барып қызметімді жалғастыра берер едім. Себебі мен өз жұмысымды жақсы көремін, - деді Катя тәтей.
Басшылық пошташы қызметін қысқартып тастағысы келіпті. Катя тәтейдің айтуынша, басшылар поштаның барлық міндетін пошта меңгерушісіне артпақ болған екен. Азаттыққа сұқбат берген зейнеткер
- Алайда ол келіспеді. Поштадағы өзінің жұмыстары басынан асады. Мұғалімдердің жалақысын таратамыз. Зейнетақы сияқты барлық төлемдер поштада жүзеге асады, - деді.
Басылымдарға маусымдық жазылу басталғанда Катя тәтей тұрғындарды газет-журналдарға жаздыруды қолға алады. Пошташының пікірінше, халықтың ең көп жазылатыны - республикалық, облыстық газеттер мен ресейлік басылымдар, одан кейінгісі - денсаулық туралы газеттер. Зейнеткерлер өздері сүйіп оқитын газеттерді ай сайын алып тұрады. Зейнетақы алған күні жазылу мерзімін ұзартады. Оның айтуынша, зейнеткерлер жарты жылға бірден 900 теңге (шамамен алты доллар) төлей алмайды.
- Біз жоспарды орындап жүрміз. 400 дана. Шынын айтсам, «Өрлеу» сияқты қазақ газеттеріне халық жазылғысы келмейді. Мен кеңес заманында білім алдым, ол уақытта қазақ тілі жоқ еді. Қиналып болса да оқимын, бірақ түсінуім қиын. Аудару мүлде қолымнан келмейді. Мұнда оралмандар келгелі қазақша сөйлей бастадым. Солармен тілдесу арқылы, - дейді Катя.
МАУСЫМДЫҚ ЖҰМЫСТАР МЕН ЖИНАЛЫСТАР
Бектау ауылы - кезінде әйгілі болған «Советский» ұжымшары. Бес бөлімшесі болған еді. Қазір оның үшеуі ғана қалған. Тұрғындар тұрмыстарының нашар екенін, адамдардың көшіп кетіп жатқанын айтты.
Бектауда ұялы телефон ұстамайды және интернет байланысы орнатылмаған. Ауылдық әкімдіктегілер қазақстандық ірі байланыс операторларының бірі мұнда мұнарасын орнатқысы келгенін айтты. Алайда ол шаруа аяқсыз қалған. Астанадан 80 шақырым жерде жатқан Бектау ауылына интернет желісі тартылмаған. Кейбір ауыл тұрғындарының айтуынша, кейде ұялы телефоннан байланыс белгісін байқауға болады екен. Алайда ол әр жерде бір кездеседі.
Ауыл тұрғындары дұрыстау көрсететін отандық телеарналарды ғана көреді, ал спутниктік антеннасы бар үйлердің шетелдік арналарды да тамашауға мүмкіндіктері бар.
Бектауда мәдениет үйі жұмыс істемейді. Ауыл жастары жазда осы ғимараттың маңындағы аулада би кештерін өткізеді. Аты-жөнін айтқысы келмеген ауыл әкімдігіндегі қызметкерге сенсек, аталған ғимарат күрделі жөндеуді қажет етеді және кепілдікте тұр. Ғимаратты Астанадағы аграрлық компаниялардың бірі меншіктеп алған. Ауыл өміріне қатысты маңызды жиналыстардың барлығы мектеп-интернаттың мәжіліс залында өтеді. Интернатта маңайдағы ауылдардың балалары жатып оқиды. Балалар демалыс күндері ғана үйлеріне қайтады.
Бектаулықтар жиналыстарын «митинг» деп атайды. Ауыл әкімдігінің бұрынғы бір хабарландыруында «салтанатты митинг» деп жазылған екен. Содан бері жұрт жиындарды «митинг» деп атап кеткен. Тұрғындардың айтуынша, «жиналысты бұлай атағанда тұрған ештеңе жоқ, қайта осылай атауға ауыздары үйреніп кеткен».
Пошташы Катя тәтей Азаттық тілшісіне ауылда жастардың аз екенін айтты. «Мұнда негізінен оралмандар тұрады, біздің балалар мүлдем қалмады деуге болады. Түнде көшеге шығуға қорқамыз» деп қосып қойды.
«БЕКТАУҒА АЗЫРАҚ ҚАРЖЫ БӨЛІНСЕ...»
Бектау ауылының келесі бір тұрғыны Сергей Соловьяненко:
- Жастар жұмыссыз, ұрынарға қара таппай жүр, үлкенді сыйлау жоқ, алдынан шыққанды ұрады, - деп ауыл жастарына реніш білдірді.
Ол ұлының Астанаға барып, қара жұмыспен айналысып жүргенін айтты. Өйткені ауылда лайықты жұмыс табылмаған.
Бектау ауылында агро орталық бар. Сергей Соловьяненконың айтуы бойынша, егіс науқаны кезінде 50 мың теңгеге дейін (300 доллар шамасында) ақша табуға болады.
- Егер егін жақсы шығып, жыл соңы табысты болса, комбайншылар 100 мың теңгеге дейін жалақы алады, - дейді ол.
Алайда орақ кезінен тыс жұмысшылар айына 15 мың теңгедей (100 доллар шамасында) жалақымен күн көруге мәжбүр.
- Ер адамдар қыс бойы үйде болады. Арасында бір-бірінің үйіне барады. Көмір тасиды, ішеді. Ауылда тек қарт адамдар ғана қалады. Жастау болса, олар да басқа жаққа кетіп қалар еді, - дейді Сергей Соловьяненко.
Оның пікірінше, жыл өткен сайын ауылдың жағдайы нашарлап барады және көп ұзамай мұндағы тіршілік мүлде тоқырайтын сияқты:
- Мұнда тәуір мал шаруашылығы болған кезінде. Сиыр, шошқа өсірілетін. Агро орталық «бізге мал шаруашылығы мүлдем керек емес, бізге астық керек» деп бәрін құртты. Ауылда мал бар кезде жұмыс та бар еді. Табыс та жаман емес болатын, қазір ештеңе қалмады, - деді Сергей.
Бектауға автобус та қатынамайды. Ауыл әкімдігіндегілердің айтуынша, мұнда жүретін автобусты жолаушылар азайып, пайда түспеген соң қысқартып тастаған. Тұрғындар ауылдан Астанаға бару үшін күніне бір рет қатынайтын жекеменшік шағын автобусқа мінеді. Билет құны - 800 теңгенің маңайы (шамамен бес доллар).
Бектау ауылындағы су құбырларын өткен жылы ауыстыра бастаған. Оны әкімдік алдында үйіліп жатқан топырақ айтып тұр. Ауылдық әкімдік өкілдері осындай тіршілікке еттері үйреніп кеткенін айтты. Олар «Бектауға азырақ қаржы бөлінсе» деп армандайды. «Сол ақшаға ауыл жолдарына асфальт төсеп алар едік» дейді.