Азаттық тілшісі Алматының Жібек Жолы көшесі бойында орналасқан белгілі демалыс және сауда орнының Наурыз қарсаңындағы тыныс-тіршілігін байқап қайтқан еді.
Абылай хан мен Фурманов көшелерінің арасындағы Жібек жолы даңғылының жаяуларға арналған бір бөлігін Алматы жұрты «Арбат» деп атап кеткен. Мұнда суретшілер «кішігірім» сурет көрмесін ұйымдастырып, туындыларын көрсетіп жатады. Бұл жер еркін өнер – шығармашылық базары іспеттес. Шаржыңызды, я портретіңізді әп-сәтте салып беретіндер де табылады.
Арбатта жылдың қай мезгілінде болмасын адам аяғы көп. Азаттық тілшісі барған күні де әдеттегідей ерсілі-қарсылы адамдардан аяқ алып жүргісіз екен. Біреулер өтіп бара жатып көз қырын сала жүрсе, енді біреулері бөгеле қалып, суреттерді сатып алып жатты.
«МӘН ӨНЕР ЕМЕС, СӘН ӨНЕР»
Нұрлан 1990 жылдан бері Арбатта тұрып суреттерін сатып келеді. Оның түрлі көрмелерге қойылып жүрген кейбір картиналары 4 мың АҚШ долларына дейін бағаланады.
– Негізі Арбатта сатылатын суреттер «нағыз» өнер емес, күнкөріс үшін салынатын арзан дүниелер. Әл-Фараби атамыз «Бейнелеу өнері – мән өнер және сән өнер болып бөлінеді» деп айтып кеткен ғой. Арбаттағы суреттер сән өнері ғой, - деді ол.
Нұрлан Азаттық тілшісінің «Көрмеге қойылған суреттеріңіз бен Арбаттағы суреттеріңіздің қайсысынан көбірек пайда табасыз?» деген сауалына:
– Шындығында «нағыз» өнерді адамдар қазір түсіне бермейді. Сондықтан шығар Арбаттағы суреттерім көбірек сатылады. Бірақ арзан болғандықтан, түскен пайдасы көп дей алмаймын. Бірде Арбаттағы, бірде көрмедегі суретім сатылады. Сөйтіп отбасымды асырап жүрмін ғой, - деді.
Ал халықтың сурет өнерін бағалауы жайында Нұрланның көзқарасы мынадай:
– Қазақстанда бейнелеу өнерінің деңгейі емес, оны түсіне, бағалай білетін халықтың түсінік деңгейі төмен. Қалталы, жоғары лауазымды, оқыған-тоқыған азаматтардың өзі сырты жылтыраған арзан дүниені сатып алып жатқанын көріп қынжыламын.
Қазақстанда Нұрлан айтқан арзан дүниелермен қатар саяси идеологияға сәйкес салынған картиналар да тезірек өтеді. Нұрлан соңғы рет республикалық деңгейде ұйымдастырылған «Қазақ эпостары» атты көрмеге «Абылай хан» картинасын апарыпты. «Саяси актуальдылығы» бар мұндай дүниесі көрмеден кейін-ақ көп ұзамай сатылып кеткен.
Арбатта тұрып сурет сатып жатқандардың бәрі суретші емес. Олардың ішінде алыпсатарлар да бар. Дәулеттің осы көшеде тұрып сурет сатқанына үш жыл болған.
- Суретшілерден ұнаған суретімді алып, сатылған соң ақшасын берем. Бірақ тез сатыла қоймайды. Мысалға екі апта бойы бір де бір сурет сатылмады. 8 наурыз қарсаңында сататын шығармын деп үміттеніп едім. Енді наурыз мейрамына қарай сатылар деп отырмын, - дейді ол.
Дәулет екеуіміздің әңгімеміз сатып алушы келген тұста бөлінді. Жақындап келген жас қыз әпкесінің туған күніне сыйлық іздеп жүргенін айтты.
– Жалпы сурет жайында білерім аз. Жақсы сыйлық болады-ау деп алып тұрмын, - деді ол Азаттық тілшісіне.
Арбаттағы суреттердің орташа бағасы 25-30 мың теңге. Ара-тұра бағасы 50-60 мың теңгеге жететін суреттер де кездеседі. Ал портретті 40 мың теңгеге бағалайды. Бірақ кейбір суретшілердің сөзінше, «10 мың теңге ғана ақшам бар» деп портрет салып беруін өтінсе, бас тартпайды. «Бос отырғанша 10 мың да ақша ғой» дейді олар.
«АРБАТ» ДЕГЕН СӨЗДІ АТТАП ӨТЕМ»
Ал жаңа толқын – жас суретші Әйгерім Ибатбекова Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университеттің (ҰПУ) 4 курс студенті. Әйгерімнің пікірінше, Арбаттағы суреттер сұранысты қанағаттандырып тұр.
– Ол жерде отырған аға-әпкелеріміз бір қарағанда әдемі болып көрінетін, адамның назарын бірден өзіне тартатын коммерциялық суреттерді салады. Арбаттағы суретшілердің ішінде де мықтылар бар. Жалпы суретшілердің жаманы жоқ. Бәрі жақсы. Оны сұраныс деңгейіне байланысты салып, бала-шағасын асырау үшін сатады ғой, - дейді Әйгерім.
ҰПУ-дың Көркем сурет факультетінің деканы, профессор Берікжан Айтқұлұлы Арбаттағы суретшілер жайлы пікір айтудан бас тартты. Себебін сұрағанымызда:
– Мен Арбатта тұратындарды суретші деп есептемеймін. Мен Арбат деген сөзді аттап өтемін. Ол жерде өнер жоқ, - деп қысқа қайырды.
«АРБАТТАН» КІМ ӨТПЕДІ?»
Қазақстанның мәдениет қайраткері, профессор Бауыржан Нұрбекұлы да студент шағында сол өнерлі жастардың қатарында болып, Арбаттың «іргетасын» бірге қаласқанын айтады.
– Арбаттан кім өтпеді?! Арбатты қалыптастырған жастардың қатарында мен бар шығармын. Себебі студент кезімізде ақша табу үшін сол жерде портрет салатынбыз. Әрине ол жерде жоғары өнер қалыптаспайды. Арбаттағы суреттерді өнер емес деп айта алмаймын. Ол екінің бірінің қолынан келетін де нәрсе емес. Бұл төменгі деңгейдегі, коммерциялық мақсатта салынған суреттер. Бірақ мұндай суреттердің де өз сұранысы бар. Елдің бәрі жоғарғы деңгейдегі өнермен қамтыла алмайды. Бағасын да бәрі көтере бермейді. Жалпы кәсіби деңгейдегі сурет пен Арбаттағы суреттерді екеуін екі бөлек деңгейде қарастыру керек. Кәсіби деңгейдегі жоғарғы өнер болсын, коммерциялық сурет болсын қолдан шыққан дүние әрдайым бағаланады. Ең бастысы біз жақсысын жарнамалауымыз қажет, - дейді ол.
1980 жылдардың басында Алматы қаласының Жібек жолы көшесінің адамдар көбірек жүретін ЦУМ (қазіргі «Заңғар») дүкенінің тұсында бірен-саран өнерлі жастар өз бұйымдарын сата бастайды. Суретші, әнші, биші, музыкант, кімде қандай өнер бар, сонысын ортаға салады. Жылдар өте бұл жер Алматының Арбаты атанады. Жібек Жолы көшесінің бойында мемлекет қорғауына алынған бірнеше тарихи ғимарат бар.
Ал түпнұсқа «Арбат» - Мәскеудің шығармашылық ортасына жақсы таныс 15-ғасырдан бері бар орталық көшелерінің біреуіне қойылған ат. Мәскеулік Арбат та бірқатар өнер адамдарының күнделікті тұрмысына қажет нәпақа табуға тырысатын еңбек алаңы, һәм тарихи ғимараттарға толы көше.