Алматының шетіндегі бұрынғы пионер лагері ғимаратында тұрып жатқан азаматтар "кез-келген сәтте далада қаламыз ба" деп қорқады. Өйткені сот ғимаратты босату туралы қаулы шығарған.
Тұрғындар совет заманында «Қазақ зағиптар қоғамының» иелігінде болған бұрынғы «Жанар» пионер лагерінің ғимаратына осыдан 17 жыл бұрын қоныстанған. Олар ғимарат бөлмелерін жалға алу арқылы біртіндеп жекешелендіреміз деп үміттенген. Алайда әзірге ғимарат басқа адамдардың меншігінде. Енді олар тұрғындарды сот арқылы шығармақ. Сот тұрғындарға қарсы шешімді шығарды.
ТҰРҒЫНДАР ҮМІТІ
Бұрынғы пионер лагерінің ғимаратында жылу да, су да жоқ. Бірақ тұрғындарды ол емес, басқа дүние - жылуы жоқ, тұрмысқа жайсыз бөлмелерінен шығып қалу мәселесі қорқытады. Жақында Алматының аудандық соты оларды шығару туралы шешім қабылдады.
Бұрынғы балалар лагерінде тұратын 63 жастағы Күләй Сейсенова Алматыға Қызылорда облысынан көшіп келген. Оның айтуынша, бос тұрған бөлмеге оның отбасы 1990 жылдардың аяғында, ғимараттың иесі «Қазақ зағиптар қоғамы» келісімімен кіріп, бөлмені жалдау ақысын бірнеше жыл бойы төлеп келген.
- Немерелеріммен бірге тұрамын. Бір бөлмеде бес адамбыз. Мына күнімізді адам басына бермесін. Талай жыл бойы төлеп келдік, осында тұрған жеті жылда оның ақысын өтеп болған шығармыз. Ақыры көшеде қалдық. Әу бастан ештеңе деп уәде бермегенде, үміт күтіп, мұнда қалмас едік, - дейді Күләй Сейсенова.
Бұрынғы пионер лагерінің тағы бір тұрғыны Шырынкүл Өсер бөлменің жалдау ақысын ай сайын төлеп, оны біртіндеп сатып алу туралы ғимараттың иесімен келіскенін айтады.
- Бөлменің жал ақысын Қазболат деген жігітке 1996 жылдан 2002 жылға дейін үзбей төлеп келдім. Айына 1 мың 300 теңгеден 2 мың 600 теңгеге дейін төледім, - дейді Шырынкүл Өсер.
Оның айтуынша, тұрғындар ауыз суды көрші жер телімінің қожайынынан жүз литрін жүз теңгеге (0,6 доллар) сатып алады екен. Бұрынғы балалар лагерінде орталықтандырылған жылу жүйесі жоқ, тұрғындар бөлмелерін пеш жағып жылытады.
- Мына жерден басқаларды шығуға көндіріп, өзім де көшу үшін маған 20 мың доллар пара ұсынды, - дейді Шырынкүл Өсер.
«Не болса да көршілеріммен бірге көремін, оларды сатпаймын» деген Шырынкүл:
- Бұл адамдардың құқығын қорғаймын. Мұнда көп балалы отбасылар, жалғызбасты аналар, мүгедек жандар тұрады. Бір кездері осы қалаға келіп, мұнда тұрып қалды. Жұртпен қатар ақшасын төлеп келді, енді далада қалайын деп тұр, - дейді.
МЕНШІК ИЕСІНІҢ АУЫСУЫ
«Қазақ зағиптар қоғамы» бірлестігінің президенті Байболат Әубәкіров Азаттықтың сауалына «Пионер лагерінің қызметі тоқтатылуына байланысты зағиптар қоғамы оның жалғыз құрылтайшысы ретінде кезінде «Қазақ зағиптар қоғамы өндірістік-сауда кәсіпорнын» құрған. Осы компания корпустардағы бөлмелерді адамдарға жалға беріп келген» дейді.
Байболат Әубәкіровтың Азаттыққа берген жазбаша жауабында: «Қазақ зағиптар қоғамы» қоғамдық ұйымы бөлмені жалдаушылардан ақша алмағанын, тұрғындар мен бірлестік арасында сату-сатып алу келісім-шарты бекітілмегенін жазған.
«Қазақ зағиптар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің орталық басқармасының президиумы шешімімен «Қазақ зағиптар қоғамы» өндірістік-сауда компаниясы 2006 жылы сатылып кеткен. Қазір бұл компанияның иелері - басқа адамдар.
Алматы қаласы әкімдігі Азаттық тілшісіне бұрынғы пионер лагерінің аумағы қазір де «Қазақ зағиптар қоғамы өндірістік-сауда кәсіпорны» ЖШС-нің иелігінде екенін хабарлады. Бұл компанияның басшысы ауысқан. Әкімдік қызметкерлерінің дерегі бойынша, ол - Талғат Қожабаев деген азамат. Алайда ол Азаттық тілшісіне бұл даулы мәселе бойынша түсінік беруден бас тартты.
СОТ ТҰРҒЫНДАРДЫ ШЫҒАРУҒА ҮКІМ ЕТТІ
Бұрынғы балалар лагерінің тұрғыны Құралай Мұхтарованың айтуынша, Алматы қаласы Әуезов аудандық соты тұрғындарды лагерь аумағынан шығару туралы шешім шығарған.
- Адвокатты да, сотты да көрген жоқпыз. Әуезов сотына алты ай бойы барып жүрдік, ештеңе дәлелдей алмадық, - дейді Құралай Мұхтарова.
Алматы қаласы әкімдігі қызметкерлері Азаттық тілшісінің сауалына «Әуезов аудандық соты «тұрғындардың қолында тұрып жатқан бөлмелерінің заңды иесі екендігін растайтын құжаттары жоқ екенін ескере отырып» талапкер тараптың пайдасына шешім шығарғанын» айтады. Алайда тұрғындар тұрып жатқан бөлмелерінен көшуден бас тартқан.
Алматы әкімдігі қызметкерлерінің хабарлауынша, бұл мәселені реттеу үшін былтыр күзде жұмыс комиссиясы құрылған. Сол комиссия бұрынғы лагерь ғимараты апатты жағдайда екенін, жөндеуді талап ететінін анықтаған.
Шенеуніктердің айтуынша, бұл даулы мәселені реттеу үшін олар «Қазақ зағиптар қоғамы» өндірістік-сауда кәсіпорны өкілдері мен тұрғындардың кездесуін бірнеше рет ұйымдастырыпты. Алайда «тараптарды мәмілеге келтіру шаралары әзірше нәтиже бермеген».
Құралай Мұхтарованың айтуынша, бұл дау сотта қаралып жатқан кезде көлемі 3,9 гектар болатын жер телімі (бұрынғы пионер лагері орналасқан аумақ) "Қазинвестбанкте" кепілде тұрғаны анықталған.
Азаттық тілшісінің «Жер телімі шынымен де "Қазинвестбанкте" кепілде тұр ма?» деген сауалына банк басқарма төрағасы Игорь Паканнан мына мазмұнда жауап келді: «Алматы қаласы Әуезов ауданы Ақбұлақ ықшам ауданы АЗТМ көшесіндегі №1«б» үй мекенжайы бойынша орналасқан жер телімі "Қазинвестбанкте" кепілде тұр. Мұны жылжымайтын мүлікке иелік құқықтары мен мен оның техникалық сипаттамаларының тіркелгені туралы Алматы қаласы әділет департаменті 23.01.2013 жылы берген анықтама растайды».
Банк коммерциялық құпия деген желеумен осы мәселеге қатысты және ғимаратты кепілге қоюшы тараптар жайында бұдан артық ақпарат беруден бас тартты.
Ал мұнда тұрып жатқан жүзге жуық отбасы (көбі балалы-шағалы) қазір кез-келген сәтте баспаналарынан қуып шыға ма деп қауіптенеді. Бұрынғы пионер лагері тұрғындарынан құрылған белсенділер тобы Алматы қаласының билігі осы даулы мәселені реттеп, баспанамызды қалдыруға көмектесер деп үміттенеді.