Көктемгі тасқыннан 5 адам қаза болған
Your browser doesn’t support HTML5
Көктем келіп, күн жылына бастасымен Қазақстанның бірнеше облысында биыл да қызыл су елді мекендерді басып, жолдарды бұзып, жұртты әбігерге салды. Соңғы бір аптаның ішінде Қарағанды облысында тасқын салдарынан 5 адам қаза болған. Наурыздың соңынан бері Қарағанды және Жамбыл облыстарында тасқын су алған аудандардан жүздеген адам көшірілген.