Қарағандыдағы құлап қалған «Бесоба» үйін қабылдап алған ресми адамдар сот залынан босап шықты. Бұған дейін құлаған үйді салғандар да рақымшылыққа ілінген.
Ақпанның 20-сы күні кешке Қарағандыдағы құлап қалған «Бесоба» тұрғын үй кешенін қабылдап алған шенеуніктерге қатысты сот үкімі оқылды. Қазыбек би аудандық сотының судьясы Зухра Тілеубергенова, «Бесобадағы» 5 және 6-үйлерді қабылдап алған екі шенеунікті «айыпты» деп тапқанымен, рақымшылық заңына сәйкес сот залынан босату туралы шешім шығарды. Бұл туралы Азаттық тілшісіне атын атамаған сот қызметкері телефон арқылы хабарлады.
«САЛАҚТЫҚ»
- Сергей Грибенщиков пен Татьяна Гукты қылмыстық кодекстің 316-бабы бойынша айыпты деп танып, оған 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Оған мемлекеттік қызметпен айналысуға 3 жылға дейін тыйым салынды. Дегенмен рақымшылық заңының негізінде олар жазадан босатылды, - деді ол.
Іс материалдары бойынша мемлекеттік қабылдау комиссиясының басшылығы «өз міндеттеріне салғырт қарап» пайдалануға қауіпті ғимаратты қабылдап алған.
Азаттық тілшісімен телефон арқылы сөйлескен адвокат Любовь Байсалова:
- Татьяна Гук өз кінәсін жартылай мойындап, сот шешімімен келісті. Ал Сергей Грибенщиков өзін айыпты деп санамайды. Ол әкімнің орынбасары болып 2007 жылы қызметке орналасқан. Ол кезде «Бесобаның» 4-қабаты салынып үлгерген. Бұл жерде тұрғын үйді жоспарлап, оны салғандар кінәлі, - деді.
Адвокат әзірге сот үкімін қайта қарау туралы арыз бермейтінін жеткізді.
Ақпанның 9-ы күні жарыссөз кезінде прокурор Сергей Грибенщиков пен Татьяны Гукке қатысты 307-бапты («Ауыр зардаптарға әкеліп соқтырған қызметтік өкілдіктерін теріс пайдалану») 316-бапқа («cалақтық») ауыстыруды сұраған. Бұл баптар бойынша 5 жыл бас бостандығынан айыру қарастырылған. Алайда аталған баптар рақымшылыққа ілінетіндіктен оларды босату керектігі сөз болған.
Бұған дейін биылғы қаңтардың ортасында «Бесобаны» салғандар да рақымшылыққа ілінген еді. Қарағанды облысы прокуратурасының хабарлауынша, тергеу барысында құлаған тұрғын үй кешенін жобалағандар мен салғандардың кінәсі толық дәлелденген. Дегенмен олар ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына қатысты жарияланған рақымшылыққа ілініп, қылмыстық іс тоқтатылған.
Қазір «Бесобаға» қатысты созылып жатқан үш процестің екеуі аяқталып, біреуі ғана қалды. Қарағандының Қазыбек би аудандық сотында Қарағандының экс-әкімі Виктор Иванов пен мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау облыстық басқармасының экс-бастығы Дәулет Алтынбековтерге қатысты процесс жүріп жатыр. Бұл процесс бойынша ақпанның 11-і күні өткен жарыссөз кезінде де прокурор «қызмет өкiлеттігін терiс пайдалану» бабын «салақтық» бабына ауыстырып, оларға рақымшылық заңын қолдануды сұраған.
Іс материалдарында, «Бесобаны» қабылдап алған комиссияның төрағасы Иванов та, комиссия мүшесі Алтынбеков те актіге қол қойған. Бірақ айыпталушылар өз кінәсін мойындамайды.
СӘУІРДЕГІ СЕРГЕЛДЕҢ
2012 жылғы сәуірдің 1-інде «Бесоба» тұрғын үй кешініндегі үйлердің бірі күніне 10-15 сантиметрге қисайып бара жатқаны анықталған. Қалалық әкімшілік жанынан құрылған комиссия «бұл үйде тұру қауіпті» деген шешім шығарып, сәуірдің 2-сінде 60 пәтердің 138 тұрғынын басқа жаққа көшірген.
Сәуірдің 6-сы күні сегіз подъезі бар 7-үйдің жартысы – төрт подъезі құлап қалды. Бес қабатты үй үлескерлердің ақшасына салынып, 2009 жылы пайдалануға берілген еді.
Әуелі 2006 жылы жезқазғандық «SAD» ЖШС мен алматылық «Столичная недвижимость» АҚ салмақ болған «Бесоба» тұрғын үй кешені 2007 жылы «Сервиспромснаб» ЖШС-іне өткен еді.
7-үйдегі 124 пәтердің 75-і үлескерлердің ақшасына салынған, 35 пәтерді мемлекет тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бойынша сатып алған.
2007 жылы салынып бітуі керек болған тұрғын үй кешеніндегі үш үйдің бірі ғана – 7-үй 2009 жылы пайдалануға берілген. Ол үйдегі 124 пәтердің 75-і үлескерлердің ақшасына салынған, 35 пәтерді мемлекет тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бойынша сатып алған болатын. Азаттық құлаған үй тұрғындарының жергілікті әкімшілік ұсынған уақытша баспанаға көңілдері толмағаны туралы жазған еді.