Оксфорд университетінің ғалымдары ашқан жаңалық соқыр жандардың үмітін оятуы мүмкін. Ал Қазақстандағы зағип жандар мұндай хабарларға селт етпейтін жағдайға жеткенін айтады.
Туғаннан көзі нашар көретін 23 жастағы Алматы тұрғыны Ержан Дүйсенбиевтің айтуынша, оң көзі Бішкекте жасалған сәтсіз операциядан кейін мүлдем көруден қалыпты.
"ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ДӘРІГЕРЛЕРГЕ СЕНБЕЙМІН"
Бірінші топтағы мүгедек енді екінші көзіне операция жасатуға жүрексінетінін айтады.
- Қазақстандық дәрігерлерге шынымды айтсам, сене алмаймын. Қаржы көтерсе, шетелдіктерге жасатса болады. Қандай сала болса да, Қазақстанда әлі жетілмеген ғой, - дейді ол.
Ол көз бойынша ең мықты операциялардың Германия, Израиль, АҚШ-та жасалатыны туралы естіген.
- Шетелде операция жасатқан бір бала бар. Аты Кенже. Өзіміздің жастар ұйымын құрған. Қазір АҚШ-та оқиды. Сол бала Нью-Йорк қаласында операция жасатып, қазір кішкене болса да көреді. Ал бұрын мүлдем көрмеген. Қазір АҚШ-та тіл саласында оқып жүр. Шынымды айтсам, Қазақстанның дәрігерлеріне сенім аз, - дейді Ержан Дүйсенбиев.
Ержан көзі нашар көрсе де, домбыра, альт, шертер, прима, бас гитара сияқты аспаптарда жақсы ойнайды. Түрлі байқауларға қатысып жүрген ол Азаттық оқырмандары үшін елдегі танымал адамдарға пародия да жасап берген еді. Оны төмендегі видеодан көруге болады.
"ЖЕТІСТІГІ АЗ МЕДИЦИНА САЛАСЫ"
Көру қабілеті бойынша бірінші топ мүгедек 30 жастағы Алматы тұрғыны Алмас Мырзабеков дәрігерлерге соңғы рет 2005 жылы көрінгенін, содан бері қаралмағанын айтады.
- Негізі көзі көрмейтін адамдарға жылына бір рет стационарлық түрде (ауруханаға жатып) емделуге болады. Он күнге. Сосын жылына бір рет 6 ай амбулаторлық түрде ем қабылдауға болады. Яғни, маған көз дәрігерлері дәрілер жазып береді. Уколдарды қабылдап, жұмысқа барып келіп жүре алам. 2005 жылы сондай емдер қабылдадым. Бірақ одан кейін дәрігерлер «сіздің диагнозыңыз бойынша емдемейміз» деп шығарды. Сөйтіп, ауруханаға жатуды алып тастады. Сендерге мұндай керек емес. Пайдасыз деген сияқты. Сосын мен ауруханаға бармай қойдым, - дейді ол.
Алмас Мырзабековтың айтуынша, өкінішке қарай көз ауруларына қатысты медициналық жаңалықтар тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде баяу дамып келеді.
- Менің екі досым Жапонияда оқып келді. Олар да көздерін қаратты. Ешқайсысы жазылып келген жоқ. Бір досым Германияға көрініп қайтты. Оның көзі көріп қайтқан жоқ. Қаншама газеттерде жазылып жатады, айтылып жатады, анадай ашылыпты, мынадай ашылыпты деп... Тағы бір досым Башқұртстанға барып келді, Италияға барып келді. Білмеймін, шынымды айтсам, ешқандай жетістіктерді көріп жатқан жоқпын. Жетістіктер әлі аз деп ойлаймын, - дейді ол.
"ЖЫЛЫНА 5 МЫҢ ОПЕРАЦИЯ ЖАСАЛАДЫ"
Алматыдағы Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері Камила Кенжебаеваның айтуынша, өкінішке қарай ешбір елде туғаннан көзі көрмейтін адамдарға операция жасатылмайды.
Оның айтуынша, көз аурулары институтында жылына 5 мың операция жасалады. «Олардың 95 пайызы сәтті өтеді» дейді.
- Пациенттерден «көз институтында операцияны нашар жасайды» дегенді жиі естиміз. Науқас келіп, операция жасатып, бірақ оның көру қабілеті аса жақсармаған кездер болады. Бірақ институтымызға өте ауыр диагнозбен, басқа клиникаларда емделмейтін науқастар келетінін айта кету керек. Бізде қажетті мамандардың бәрі бар. Мен өзім жеке клиникаларда консультация алып жүрем. Жекелеген клиникалар екі-үш диагнозы бар науқастарды қарамайды. Ал бізге басқа жерлерде, облыстарда емделе алмаған ауыр науқастардың барлығы келеді. Сәйкесінше, біздің статистика жекелеген клиникалармен салыстырғанда төмен болуы мүмкін, - дейді Камила Кенжебаева.
Оның айтуынша, "бұдан он жыл бұрын институтта көз торы қабатына жасалатын күрделі операция жасату үшін науқастар Ресейге, Германияға барса, қазір бұл операция Қазақстанда да жасалады".
ҒЫЛЫМИ ЖАҢАЛЫҚ
Қаңтардың 7-і күні Оксфорд университетінің ғалымдары көздегі дамушы жасушаларға трансплантация жасап, көз торындағы жарық сезгіш қабатты қайта қалпына келтіре алатынын дәлелдеп шыққан. Ғылыми сынақ қараңғыда жүретін тышқандарға жасалыпты.
Оксфорд университетінің сайтында жарияланған видеода жанары семіп қалған су қараңғы тышқандар әуелі жарықты сезбей әрлі-бері жүре береді. Көздеріне ем жасалған сынақтан кейін сәуле түсірген кезде жарықтан қашып, қараңғы жаққа ұмтылады.
Ғалымдардың айтуынша, ғылыми тәжірибе нәтижесі пигменттік ретинитке шалдыққан, көз торындағы жарық сезгіш жасушалар өліп, зағип болып қалған адамдарды емдеуге зор үлес қосуы мүмкін.
Зерттеуді Оксфорд университетіндегі клиникалық неврология кафедрасының (Nuffield Department of Clinical Neurosciences) профессоры Роберт Макларен мен докторант Мандип Сингх жүргізген.
Профессор Маклареннің айтуынша, бұл тәжірибеге сүйене отырып, келесі кезекте көзі көрмейтін пациенттердің жарық сезгіш жанар қабатын қалпына келтіру үшін өзекті жасушаларды трансплант ретінде қолдануға болады. Яғни пациенттің өз терісі мен қанының жасушасын пайдалану мүмкіндігі тумақшы.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша әлемде 285 миллион адамның көзі нашар көреді. Оның ішінде 45 миллионы мүлдем көрмейді. Көз ауруларынан зардап шегетін адамдардың 90 пайызға жуығы дамушы елдердің тұрғындары. Ресми мәліметке сәйкес Қазақстандағы жалпы мүгедек адамдардың саны 563 мыңнан асады - халықтың 3,5 пайызы.

Your browser doesn’t support HTML5

Клиникалар екі-үш диагнозы бар науқасты қарамайды. Ал бізге емделе алмаған ауыр науқастар келеді.